4 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БҚО-да жоғары оқу орнында «жалған» ғалымдар жұмыс жасаған

БҚО-да жоғары оқу орнында «жалған» ғалымдар жұмыс жасаған БҚО прокуратурасы «Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті» жеке жоғары кәсіби білім мекемесіне тексеру жүргізгенде, заңбұзушылықтарды анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған мекеме құрамына институт есебінде бес бірдей оқу орны, атап айтқанда, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы, Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институты, Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы енген. Алайда, бұлардың бәрі экономикалық және заңдылық жағынан дербестігін сақтағандықтан, оңтайландыру формальды түрде сипат алған.

Яғни, әрқайсысының өз атауы мен мөрі, банктік есепшоттары, директоры қол қоятын бұйрық кітабы болған, құрылтайшыларымен шетелдік ЖОО-лармен келісімшарттар дербес жасалып отырған. Бұл заңға қайшы келеді. Сондай-ақ, оқытушылары біліктілік талаптарына сәйкес келмеген. Айталық, 229 оқытушы - ғылым кандидатының 130-ы, 52 ғылым докторының 48-і жұмыс жасамайды.

Бұл ретте «жалған» ғалымдар - Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары. Олардың жеке іс қағаздары, өмірбаяндары ғаламтордан алынған мәліметтер негізінде толтырылған, суреттері сол ғалымдар штатта тұратын ЖОО-лар сайтында орналастырылған фотоларға ұқсас, қолтаңбаларында айырмашылық бар. Осыны есепке алғанда, ғылыми атағы бар оқытушылар саны 29,3 пайызды құрайды, бұл біліктілік талаптарында көрсетілген көрсеткіштен (кемінде 50 пайыз) төмен.

Бұдан басқа 1154 студенттің дизайн мамандығы бойынша бес жылдықтың орнына төрт жылдық оқуға заңсыз қабылданғаны анықталды. Күндізгі және сырттай бөлімдерде оқитын студентердің саны да сәйкес келмейді. ҰБТ немесе кешенді тестілеуде бір пәннен 4 балдан кем жинаған 270 студент заңсыз қабылданған. 132 шығармашылық емтихан хаттамаларына басқа біреулердің суреттері мен сызулары салынған. Дизайн мамандығы бойынша Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне қабылданғандар кейін басқа мамандыққа ауысып отырған. Мәселен, 2013-2014 оқу жылына дизайн мамандығына 1458 студент қабылданса, содан екінші курста тек 26-сы ғана қалып, өзгелері ауысып кеткен. Биыл 1 курсқа 2741 студент қабылданса, соның 2617-сі басқа мамандыққа оқуға өтініш білдіріп отыр. Дизайн мамандығы бойынша күндізгі бөлімде тұрақты жұмыс жасайтындықтан, сабаққа келмейтін 86 жас «оқиды». Оқуға қабылдауға өтініш берудің мерзімі де бұзылған (99 факті).

Тексеру қорытындысына сәйкес, «Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті» мекемесінде орын алған заңбұзушылықтарды жою жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсыным берілді, соған сәйкес лицензиялаудың ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін аталған оқу орнына лицензиясын бес ай мерзімге тоқтатумен бірге 45 АЕК, сонымен қатар білім беру мекемесіне қабылдау және ЖОО қызметі ережелерін бұзғаны үшін лицензиясын бес ай мерзімге тоқтатумен бірге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Оған қоса жеке оқу орны басшылығы атына заңдылықты жою шараларын алу және кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыным берілді. Лауазымды қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайдалану фактілері бойынша қылмыстық іс те тексерілуде.
Просмотров материала: 2 558

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 193 848 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 193 424 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 192 949 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 008 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 357 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 280 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 382 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 669 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 097 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 212 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 572 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 439 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 567 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 380 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 213 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 691 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 458 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 150 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 551 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 322 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 259 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 091 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 935 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 229 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 153 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 654 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 455 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 987 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 244 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 617 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 998 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 026 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 983 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 194 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 349 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930