12 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мақпал Жүнісова бай мен кедей арасының алшақтап кеткеніне алаңдайтынын айтты

12 январь 2015, 13:22
Мақпал Жүнісова бай мен кедей арасының алшақтап кеткеніне алаңдайтынын айтты Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова өзінің 51 жасқа толған туған күнін атап өтіп, baistars.kz сайтына cұхбат берді. Сұхбат барысында танымал әнші кейбір сырларымен бөліскен. Ол қызы Мерейдің ән сауға икемі барын, бүгінде бірнеше үйірмеге қатысып жүргенін айтқан.

Сондай-ақ, үйге азық-түлікті өзі әкелетінін және "Көк базардан" сауда жасайтынын да әнші жасырған жоқ.

"Алматыдағы кәдімгі "Көк базарға" барамын. Ертеңгі сағат 8-де сонда болып, қажетті деген заттарды ешкім келмей тұрғанда саудалайтыным бар. Осылайша, бірнеше жылдан бері "Көк базардағы" шағын дүкеннен сауда жасаймын", - дейді әнші.

Сонымен қатар, Мақпал Жүнісова қайыр сұрап отыратын бірнеше адамға үнемі қайыр-садақа беретінінін айтты.

"Көк базарда" қайыр сұрайтын 3-4 кемпір бар. Барған сайын соларға 5-6 мың теңгеден ұстатып кетемін. "О-о, Мақпал келе жатыр" деп, олар әрдайым мәз болғанда, кәдімгідей жаным ашиды. Кейін араға апта салып, қайта келгенде, "өткендегі ақшаны мынаған жұмсадым" деп кәдімгідей есеп беріп жатады (күліп). Жалпы, қай базарға бас сұқпаңыз, қайыршылардың дені — қаракөздер. Осыдан-ақ қазақтың жағдайы оңып тұрмағанын байқайсың", - дейді халықтың сүйікті әншісі.

Әнші қазіргі қоғамда өзін толғандыратын мәселелерді де жеткізген.

"Әуелі елдің жағдайы алаңдатады. Бұрынғыдай емес, бай мен кедейдің арасы алшақтап кетті. Ауқатты адамдар байыған үстіне байып жатыр, ал кедей-кепшік күнін көре алмай жүр. Ауылдың тұрмысы да көңіл көншітерлік емес. Басқасын айтпағанда, әлі күнге ауыз суы, жарығы мен көгілдір отыны жоқ елді мекендер бар, сенесіз бе?! Билік басында отырғандардың дені ауылдан шыққан азаматтар екені шындық. Солар неге өсіп-өркендеген жерін ұмытты екен?! Түсінбеймін!", - деді Мақпал Жүнісова.

Ауқатты адамдар байыған үстіне байып жатыр, ал кедей-кепшік күнін көре алмай жүр. Ауылдың тұрмысы да көңіл көншітерлік емес.

Ол қызы Мерейдің әкесінің бірінші некесінен қалған балаларымен араласпайтынын да айтты.

"Егер өздері қаламаса, Мерейім неге араласуы керек?! Көпшілікке белгілі болар, Құралайдың өзі бір басылымға "екеуімен де мүлдем араласқым келмейді" деп сұхбат беріпті. Сол себепті олармен кездесуге менің де құлқым жоқ", - деген әнші.

Елімізде тойға көп шыға бермейтін әншінің "ставкасы" да белгілі болды. Танымал әншінің тойға шығатын ең төменгі бағасы – 1000 АҚШ доллары.

"Қанша төлейтінін де алдын ала анықтап сұрап аламын. Амал жоқ, әдемі болып жүргің келсе, тойда ән айтуға тура келеді. Негізгі табыс көзіміз сол ғой. Әсіресе, жаңадан көйлек кигім келген кезде, тойшы қауыммен кездесетінім бар (күліп). Ең азы — 1 мың АҚШ доллары. Онда да қатты қысылып, жағдайы болмай тұрғанда ғана келісемін. Кейде соның жартысына да қазақы көңілмен 5-6 әнімді шырқап кететінім бар. Бәрі де адамның қалтасына қарай шешіледі", - дейді Мақпал Жүнісова. Сондай-ақ, Болат Назарбаевтың келіншегі өзінің әніне сүйсініп, 10 мың доллар ұстатқанын әнші жасырмады.

Сұхбат барысында Мақпал Жүнісова бүгінге дейін ешбір есепшотына ақша жинамағанын да айтқан.

"Ақшаны банкіде сақтауға мүлдем ебім жоқ. Қалай келеді, солай кетеді. Оған қоса, отбасымызда тоғыз ағайындымыз, бауырларым, олардың балалары бар. "Мақпал тәте" деп келіп тұрғанда, көңілін қимаймын", - деді әнші.
Просмотров материала: 1 894

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 174 766 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 174 553 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 174 170 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 174 220 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 174 513 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 263 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 403 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 631 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 705 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 867 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 548 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 959 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 403 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 237 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 058 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 264 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 330 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 006 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 394 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 114 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 128 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 961 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 795 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 055 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 994 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 513 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 985 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 828 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 105 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 445 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 846 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 801 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 848 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 805 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 034 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 183 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930