6 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматылық бойжеткен 3 жыл бойы тек шикі тамақ жеп келген

09 январь 2015, 9:42
Алматылық бойжеткен 3 жыл бойы тек шикі тамақ жеп келген Кілең шикі тамақ жейтін бойжеткен! Алматылық ару Әсел піскен тағамдардан мүлдем бас тартқан. Бойжеткен үш жыл қатарынан тек шикі тағамдарды ғана тұтынып келеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Осы уақытқа дейін тіпті бірде бір мәрте қазанға ет қайнатып та көрмеген ол мұндай қадамға артық салмақтан арылу үшін бардым дейді. Бір қызығы, қап-қатты картоптың өзін де шикілей асайтын арудың асқазаны мүлдем ауырмаған.

Керісінше, "жасара түстім" деп отыр. Бұрын-соңды кісі естімеген таңғажайып диетаның "дәмін" біздің тілшілер де татып көрмек болды. Әсел біздің елде піскен тамақ жемейтін жалғыз адам болуы мүмкін.

Ет, балық, нан деген оның нағыз қас жаулары. Қыз тіпті семіріп кетемін деп сүт те ішпейді. Аскөк, қырыққабат сияқты шөп-шаламмен ғана тамақтанады.
"Өзімді тамаша сезініп жүрмін. Бақандай 10 келіге арықтадым. Қазір салмағым қалыпты. Тіпті, бетімдегі дақтар да тазарды", - дейді Әсел.

Бойжеткен картопты да шикілей асайды. Таңғы, түскі, кешкі асқа ақжелкен қосылған шикі асқабақ. Үш жыл кілең піспеген тағамдарды тұтынып, ол бір рет те ауырмапты. Керісінше, артық салмақтан арылып, енді өзгелерді осыған үгіттеп жүр.

Арық болсам ғана әдемімін деп санаған жандар қазір Әселден үлгі алып жүр. Тек тамақтың әрбір түйіріне үңіліп қарайтын Қазақ тағамтану академиясындағылар мұны нағыз бассыздыққа балап отыр. Өйткені мұндай диетаның соңы қыз-келіншектерді "ару" емес, нағыз ауру етіп шығарады екен.

"Етті жемеймін, сүтті ішпеймін, тек қана өсімдікпен ғана тамақтанамын деген ол дұрыс емес! Сүт ішпесе, сүт тағамдарын қолданбаса, ет жемесе, балық жемесе ондай адамдарда міндетті түрде қан аздылық кездеседі", - дейді Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Шәміл Тәжібаев.

"Ет- етке, сорпа- бетке", немесе "Ет дегенде, бет бар ма?" деп, әсіресе, асылған етті сүйсініп жейтін қазақ үшін қазір бірінен соң бірі пайда болып жатқан көптеген диеталардың пайдасынан гөрі, зияны көп дейді мамандар.

Қан құрамын бұзылып қана қоймайды. Бұл, әсіресе, құрсақ көтеретін қыз-келіншектер үшін аса қауіпті екен. Ғалымдардың берер тек бір кеңесі –сымбаттылықтың сыры - кілең жеміс-жидек жеп арықтағанда емес, өзі де, көзі де тойғанында.
Просмотров материала: 2 082

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 661 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 333 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 834 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 880 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 249 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 526 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 561 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 885 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 547 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 604 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 796 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 802 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 905 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 568 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 439 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 390 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 421 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 827 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 621 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 447 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 292 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 145 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 492 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 377 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 213 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 195 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 441 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 826 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 176 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 126 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 258 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 201 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 433 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 577 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930