19 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Шоу айтысты" әлеуметтік желі қолданушылары қатты сынға алды

06 январь 2015, 10:08
"Шоу айтысты" әлеуметтік желі қолданушылары қатты сынға алды "Хабар" телеарнасынан қаңтардың 3-і күні берілген "Жұлдыздар айтысады" атты шоу-айтысқа әлеуметтік желі қолданушыларының көңілі толмады, деп жазады Азаттық.

Facebook әлеуметтік желісін қолданушы журналист Мұрат Алмасбекұлы "айтысты ит тартқан терідей жұлмалап, арзан шоу, есер сөз, есалаң күлкіге айналдыру неге қажет, кімге қажет?" деген сауал қояды.

"Бұрын ақиқат пен ащы шындықты халық ақындардың аузынан естиміз деп үміттенетін, еститін де. Ал, қазір… Лақпалар мен жыртыңбайлардың жылтыр оттаубайына айналып кеткені қызық… Хабардағы "Жұлдыздар айтысын" көргенде сайқы-мазақ болған өнерге жаным қатты ауырды" деп жазады ол.
Серік Аббас-Шах "мектеп сахнасында қойылатын "халтураның" республикалық эфирге шығып кеткеніне таң қалғанын" айтады.

Ал Ләззат Нығмет есімді қолданушы бұл шоу болғандықтан алдын ала дайындау керек еді деген пікір білдіріпті. "Жастарға ұнады, себебі бізге сол арзан әзіл-қалжың жарайды. Ал ересектер ше? Үйде отырған үлкендер шыдай алмай, тұрып кетті" дейді ол.

Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназар шоу-айтыстың кемшіліктен кенде болмағанын айтыпты.

"1-2 жұптың айтысында күлдік. 1-2 жұптың айтысында жерге қарадық. Соңғы екі жұптың айтысы болмағанда жерге қараған күйі қайтар едік үйге. Әйтеуір әнші апалардың ескі шабыттары есіне түсіп, еңсемізді сәл-пәл көтердік. Менің ойымша, көрермендердің пікірі басты назарда болу керек" дейді ол.

Айтыс өнерін зерттеп жүрген Серік Ерғали айтыс-шоуға айтыстың критерийімен емес, шоудың талабымен қарау керек деп санайды.

"Шоу жасалды ма, жоқ па? Мәселе сонда. Жартылай шоу жасалды. Және шоуға айтыстың адамдарына билік айтқызу дұрыс емес, содан да жұрт оған айтыс ретінде баға беріп, "айтыс өлді" деп жатыр. Шоу болғасын басқалау формат керек еді. Жалпы бағыт дұрыс, бірақ нағыз айтыстық форматты өзгерту арқылы шоуды да, айтысты да арашалай білу керек" деді ол Азаттыққа.

Шоу-айтысты ұйымдастырушылардың бірі және жүргізушісі болған Әсел Ергешқызы әлеуметтік желіден "көңілге қонымды сын табылмағанын" айтады.
"Біржақты қаралау ғана. Жаманын бірінші көретін әдетіміз ғой. Неге жақсы жағын да іздемейміз?!" деген жүргізуші бұл шоуды "айтыс пен айтыскерлерге жақсы жарнама" деп сипаттайды.

Былтыр желтоқсанның 16-сы күні Астана қаласында өткізілген "Жұлдыздар айтысады" атты шоу-айтысқа айтыскер ақындармен бірге қазақстандық эстрада әншілері қатысқан еді.
Просмотров материала: 2 153

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 196 157 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 195 756 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 195 267 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 195 316 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 195 674 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 419 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 511 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 805 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 293 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 388 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 691 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 496 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 598 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 400 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 244 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 740 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 180 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 577 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 357 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 278 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 112 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 960 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 264 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 176 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 677 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 516 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 014 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 265 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 641 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 017 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 053 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 016 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 213 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 371 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930