5 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Аяз атаға хат жазған саясаткерлеріміздің армандары орындалып па?

31 декабрь 2014, 16:33
Аяз атаға хат жазған саясаткерлеріміздің армандары орындалып па? «Аяз ата келіп тұр, Бізге сәлем беріп тұр, Тақпақ айтқан балаға Сыйлықтарын беріп тұр». Осы төрт жол тақпақсыз елімізде бірде-бір жаңажылдық шырша өтпейтін сияқты. Сіздердің бала кездеріңізде Аяз атаны тағаттана күтіп, оған деген өз арманыңды айтып, керемет сыйлық алу үміті есіңізде ме? Ересектер Жаңа жылдан жаңа бақыт тілеп жүрген кезде, әрбір бүлдіршін жаңажылдық жарқын ертегіге сеніп, сақалы ұзын, қабағын қар басқан Аяз атаның сыйлығын күтумен уақыт өткізетін. Бүгінде саясат сахнасында жүріп, ел игілігі үшін еңбектеніп жатқан министрлеріміз бен саясаткерлеріміз балалық шағында жаңажылдық ертегіге қаншалықты сеніп, қолына қалам алып Аяз атаға хат жазған? Мұны анықтау мақсатында BNews.kz тілшілері арнайы сауалнама жүргізді.

Сауалнамамызға бірінші болып қатысқан ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жылда жаңажылдық мерекені тойлауын қайын енесін құттықтаудан бастайтынын айтты. Кезінде әке-шешесін де Жаңа жылмен құттықтап, ерекше сыйлық табыс етуді дәстүрге айналдырған ол: «Ата-анам дүниеден озған соң енді жалғыз қайын енем қалды», -дейді. Бүгінгі вице-министр кешегі балалық шағында әріп таныған уақытқа дейін Аяз атаға сеніп келгенін жасырмады.

«Сенген уақытта хат жаза алмайтын едім. Хат жазуды үйренген уақытта Аяз атаға сенуді қойғанмын. Сондықтан, оған хат жазған емеспін», - деп еске алды балалық шағын Қайырбек Өскенбаев. Ал Жаңа жылдың алғашқы күнін «таңертең тұрып, беті-қолымды жуып қарсы алам» деп әзілдесті бізбен вице-министр.

Мейрамды ылғи отбасымен қарсы алатын Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков болса, Аяз атаға хат жазған-жазбағанын есіне түсіре алмады. Бір қызығы, былтырғы сауалнамамызға қатысқан министр бала кезінде жаңажылдық шыршада киген костюмін де есіне түсіре алмаған болатын.

«Әлемде Аяз атаға сенбеген бала жоқ шығар», - деген Мамытбеков жылдың алғашқы күнін қарапайым түрде өткізетінін және оған қатысты қандай да бір ерекше отбасылық дәстүрдің жоқ екендігін атап кетті.

Ал осы министрдің орынбасары Гүлмира Исаева болса, балалық шағында Аяз атаға хат жазбай, «тілегімді тікелей жеткізетінмін» деп таңғалдырды.

«Әрине, Аяз атаның бар екеніне сендім, бірақ хат жазған емеспін. Жаңажылдық шыршаларда Аяз атаның өзіне аңсаған армандарымды айтып жататынмын», - деп бізбен балалық шағындағы естелігімен бөлісті.

Жаңа жылда бір-бірімізбен байланысқа шығып, телефон арқылы құттықтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Аяз атадан ойыншық сұраудан шаршамапты.

«Аяз атаға нақты неше жасыма дейін сеніп келгенімді білмеймін. Оған хат жазғаным анық. Мен хаттарымда негізінен Аяз атадан ойыншықтар сұрайтынмын. Дәл қазір нақты қандай ойыншықтарды сұрағаным есімде жоқ, бірақ ойыншықтар сұрағаным рас», - деп жауап берді бізге ол.

Аяз атаға сенгенімен, хат жазбаған тағы бір министр – Владимир Школьник. Энергетика министрі қолына қалам алып әуреленіп жатпай, Аяз атаға арнаған тілектерін анасына айтып беріп отырған.

«Менің балалық шағым өткен жерде бүлдіршіндер Аяз атаға хат жазбайтын. Тек аналарымыз «Аяз атаның саған қандай сыйлық тарту еткенін қалайсың?» деп сұрап алатын еді. Біз тұрмыс жағдайы орташа отбасыдан шықтық, соған қарамастан Аяз ата сыйлықтарын беріп жіберуді ешқашан ұмытқан емес. Оның үстіне, заманымыз сондай болды ма, сыйлық тілерде қиялымыз да шектеулі болды», - деп балалық шағын есіне алды Школьник мырза.

Ал Жаңа жылдың тұңғыш күнін таза ауада отбасымен серуендеп өткізетін Энергетика министрі бұл әдет отбасылық дәстүрге айналғанын айтып берді.

«Біз бірінші қаңтар күні ерте тұрамыз, себебі Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін кеш жатпаймыз. Біз бірінші қаңтарда таза ауаға шығып, отбасымызбен серуендейміз. Бұл – өте ыңғайлы, себебі Жаңа жылды мерекелеумен түнін өткізген халық ол күні ұйықтап жатады да, далада жүрген адамдар аз болады», - деген Владимир Сергеевич барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мейрамымен құттықтады.

Жаңа жылдың алғашқы күнін мерекелік дастарханнан қалған «оливье» салатымен қарсы аламыз деген Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы Раушан Сарсембаева бақытты балалық шағының естеліктерімен бөлісті.

«Біз бала кезімізде өмірде болуы мүмкін деген сиқырдың барылығына сендік. Жаңа жылдық шыршаға да, Аяз атаға да, сыйлықтар жасайтын елдің бар екендігіне де сендік. Бұл сыйлықтар елдің алыс болуы себебінен бізге дер кезінде жетпей жүр деп өзімізді жұбататынбыз», - деді ол.

Іскер әйелдерді басқарып жүрген ол Аяз атаға жай емес, ашық хат жазған екен.

«Есімде, біз бірінші сыныпта оқитынбыз. Аяз атаға тілектерімізді жазған ашық хаттарды жиып, терезеге ілетінбіз. Ол кез келген уақытта келіп, біздің тілектерімізді оқиды деп сенген едік. Ол ашық хаттарда Аяз атаға және өзімізге денсаулық тілеп жазған болатынбыз», - деп есіне алды Р.Сарсенбаева.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова болса, «Аяз атаға кейде қазірге шейін сенгім келеді» деп әзілдесті.

«Хат жаздым. Есімде хат жазғаным. Меніңше, сол кезде біз бір олимпиадаға қатысуымыз қажет еді. 2-ші сыныпта ма..., ауданаралық олимпиадаға қатысуымыз керек еді. Сол ауданаралық олимпиададан біздің командамызға бірінші орын алуға жәрдемдесіңіз деп хат жазғаным есімде», - деді біздің сауалнамызға қатысқан министр ханым.

Есейсе де, Аяз атаға әлі де сенгісі келетіндердің бірі – Ерболат Досаев. Ұлттық экономика министрі бүгінгі күні қызының Аяз атаға хат жазатын әдетіне қызыға да, қызғана қарайтынын жеткізді.

«Бүгінгі күні де Аяз атаға сеніп, оған өз тілектерімді жазғым келеді», - деген министр Қазақстан халқына жаңа жылда қаржылық тұрақтылық тіледі.

Сауалнамамыздың соңғы респонденті Әділет министрі Берік Имашев болса «әлі күнге дейін Аяз атаға сенемін» дейді.

«Мен Аяз атаға бүгін де сенемін. Ешқашан оған хат жазған емеспін, бірақ әрдайым сеніп келемін», - деп өз сырымен бөлісті ол.
Просмотров материала: 6 956

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 547 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 358 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 155 004 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 038 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 333 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 170 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 315 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 500 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 213 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 406 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 276 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 277 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 908 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 735 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 884 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 021 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 688 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 058 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 787 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 795 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 636 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 476 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 736 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 680 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 188 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 617 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 511 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 767 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 105 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 516 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 492 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 534 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 473 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 713 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 856 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031