25 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



XXI ғасырға 20 минут қалғанда қиылған ғұмыр

31 декабрь 2014, 11:26
XXI ғасырға 20 минут қалғанда қиылған ғұмыр Тәуелсіз ел тарихында бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған қазақ ұланы марқұм Бекзат Саттарханов тірі болғанда биыл 34 жасқа толар еді. 1980 жылы 4 сәуір күні өмір есігін ашып, 2000 жылы желтоқсанның 31 күні, небары 20 жасында жол-көлік оқиғасынан мына дүниеге мәңгілікке қош айтты...

Дерек көзі: kazinform.kz/kaz/article/2732850

Алаш жұрты осыдан 14 жыл бұрын, тура осы күні асыл ұлынан айырылып, қайғылы қазадан қабырғасы сөгілді. «Ер Бекзатым-ай!» - деп еңіреген жұртта ес қалмады. Әрине, ел егілмей қайтсін?!. Жарқ етіп шыққан жұлдызынан қас қағым сәтте көз жазып қалды. Әлі еліне бергенінен берері көп жас талантқа жарық дүниенің сыйлаған ғұмыры тым қысқа ғана болды. Алланың жазғанына не шара? Бірақ елдің еркесі, халықтың мақтанышы болған Ер Бекзаттың қамшының сабындай қысқа ғұмырындағы ерлігі мен өнегесін бүгінгі ұрпақ есінен шығарған емес. Жылдар мен ғасырлар өтсе де, батыр ұлымыздың даңқы аспандай беретіні даусыз.

Әңгімеміздің әлқисасын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс еткен сәтіндегі Президентке: «Менің жеңісім - қазақтың жеңісі!» деген бір ауыз сөзінен бастасақ. Жиырмаға жаңа толған жас жігіттің Елбасына осындай астары қалың, аталы сөз айтуы атадан асып туған асыл азаматтың ғана қолынан келсе керек-ті. Осы кеудесінен жарып шыққан бір ауыз сөзінен-ақ, Бекзаттың қазақтың маңдайына туған, елінің намысы үшін қайтпайтын қайсарлығын, ақ жүректі асыл азамат екенін аңғару қиын емес. Бірден айта кетейік, Бекзат - «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де тарихта қалған тұңғыш қазақ.

XXI ғасырға 20 минут қалғанда қиылған ғұмыр


















Иә, елдік мүддені міндетім деп, ұлттық мұратты арманым деп білген Бекзат өз құрбыларының алды болды. Өзге біреулер сияқты жиырмасында жаспын деген жоқ. Ерте есейіп, талай сын сағаттарда елінің намысын абыроймен қорғады. Оның осылай ерте есеюіне қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып-ақ, ел атынан талай-талай бәсекелерге ерте түсуі себеп болса керек.

Жиырма жыл ғана өмір сүрген қыршын жас Тәуелсіздікті енді алып, тай-тай басқан жас мемлекетіміздің айбарын ерте асырып, атын төрткүл дүниеге ерте жайды. Бұл кез келген бөріктінің пешенесіне бұйыра бермейтіні анық. Міне, Бекзат қып-қысқа ғана ғұмырында, жастықтың жалыны басылмаған жиырма жасында өзін ғана емес, қазақ елін айдай әлемге паш етті. Бұл жаста ел ескерер ерлік жасау былай тұрсын, көп адам болашағын жоспарлап, арман-мақсатын айқындап та үлгере алмайды. Бірақ, елден ерек туған Бекзатқа Тәңірі аз ғұмыр сыйлағанмен елінің ертеңіне қалдырар өшпес өнегелі ғұмыр беріпті.

Әттең амал қанша?! Арсыз ажал аяулы ұл, ардақты азаматты, ұлтының ұранына айналған есіл ерді ерте, тым-тым ерте арамыздан алып кетті. Бірақ, осынау аз ғұмырында ол артына өнегелі іс, өшпес із қалдырды. 15 жасында бокс өнерінің қыр-сырын игеріп, 20 жасында қайыс қолғап киген екінің біріне бұйыра бермейтін Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл - шебердің шеберінің, қас маңдайына жазылған өзгеше бақыт.

Бекзат Саттархановтың Олимпиададағы ерлігі мен спорттағы өзге де жетістіктері туралы аз жазылған жоқ. Талай-талай жаныңды шымырлатар мақалалар жазылды. Ақындар Бекзаттың есімін өлең жолдарында өрді. Бүгінгі ұрпақ Бекзат туралы қанша айтсада, жазса да аздық етпейді. Тірі болғанда ол ендігі «бір емес, бірнеше мәрте Олимп шыңын бағындырар ма еді?» деп армандаймыз... Бүгін - желтоқсанның 31-і күні Бекзаттың бұл дүниемен мәңгіге қош айтысқан күні. Біз Бекзаттың қайтқан күнін сағына еске ала отырып, батыр ұлдың әкесі Сейілхан Саттарханов пен анасы Сырлыкүл Шойбекованың ұлына деген сағынышымен бөліскен едік.

Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттарханов ұлын былай еске алды:

XXI ғасырға 20 минут қалғанда қиылған ғұмыр - Асыл ұлымнан айырылғаныма биыл 14 жылдың жүзі болды. Менің Бекзатым XX ғасырда туып, 20 жасында Олимп шыңын бағындырып, XX ғасырдың аяқтауына 20 минут қалғанда өмірден озды. Қандай өкінішті еді. 2000 жылы қазанның 1 күні Олимпиада чемпионы атанды. Осы жылы желтоқсанның 31 күні мәңгілікке қоштасты. Өзін туған ел-жұртының алдында бар-жоғы 90 күн ғана Олимпиада чемпионы ретінде емін-еркін еркелей алды. Ары қарай Алла ғұмыр бермеді. Ол менің ғана ұлым емес, қазақ елінің, барша Алаштың баласы еді. Сол үшін қазасына халық қатты қайғырды. Амал не?! Алланың салғаны болғасын көнеміз де?! Ол Сиднейде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өңкей мықтылардың арасынан шашасына шаң жұқпай, суырылып жеке дара шыққан шын жүйрік еді. Қазақтың абыройын бір-ақ күнде аспандатып, Алаш жұрты жиырма жыл күткен Олимпиаданың алтынын қазақ қоржынына алғашқылардың бірі болып салды. Не үшін жиырма жыл күтті деп ойлайтын боларсыздар? Бекзаттың алдында, жиырма жыл бұрын Мәскеу Олимпиадасында тұңғыш рет қазақ баласы Жақсылық Үшкемпіров чемпион атанған еді. Содан кейін араға жиырма жыл салып, қазақ боксы тарихында бірінші алтынға менің ұлым қол жеткізді.

Біз Бекзаттың Олимпиаданы бағындырған жеңісін қасиетті туған мекеніміз Түркістанда, теледидарға телміріп отырып тамашаладық. Әр жекпе-жегін экраннан қалт жіберген емеспіз. Біз ғана емес, бүкіл ел Бекзаттың алғашқы жекпе-жегінен бастап, жеңіс тұғырына көтерілген сәтіне дейінгі қалт жібермей көргенін жақсы білеміз. Бекзаттың жеңісіне қол соқпаған ешкім болмаған шығар. Бекзаттың жеңісі Атырау мен Алтай, Қаратау мен Алатау арасы қазақ баласының рухын бір серпілтіп тастады ғой. Сөйтіп, ұлтын сүйген ұл, ұлт батырына айналды. Өкінетініміз, ғұмыры қысқа болды ғой...

Баламды алғаш бокс үйірмесіне алып барғаным да әлі есімде. Ол 1995 жылы 9 қараша күні болатын. Нұрлан Жұмабаев деген азаматтың бокс үйірмесіне өз қолыммен жетелеп кіргіздім. Міне, бүл күн Бекзаттың үлкен спорттық ғұмырының басталған күні. Ол кезде 15 жаста еді. Небәрі бес жыл ішінде Олимпиаданы бағындырып үлгерді.

Ең қызығы, Бекзат Қазақстанның чемпионы болмай тұрып, Олимпиада чемпионы атанды! Бұның өзі - тарихи құбылыс. Бүгінгі кейбір боксшылар үшін Олимпиада чемпионы болу былай тұрсын ел біріншілігінде топ жару оңайлықен қолға келмейді ғой. Тіпті, бүгінде ел чемпионы болмаған боксшылар Олимпиадаға да бара алмайды. Атағы жоқ спортшыларға төрешілер де мән бермейді. Тіпті, тобықтан қағып тастайтын сәттері де жиі кездеседі. Ал біздің Бекзат төрешілердің қиянат жасауына мүмкіншілік бермеді. Оның талантына ешкім тұсау сала алмады, - дейді әкесі.

Ал анасы Сырлыкүл Шойбекова аналық сезімін айтып, ұлына деген сағынышын былай жеткізді:

XXI ғасырға 20 минут қалғанда қиылған ғұмыр- Алты құрлық, төрт мұхит үстінде қазақ деген ер кеуде еркін елдің, Қазақстан деген тәуелсіз жас мемлекеттің Әнұранын қалықтатқан Бекзаттай ұл туғаным үшін бақыттымын. Әттең, Алла ұзақ ғұмыр сыйламады. Бекзатымның Олимпиада чемпионы атанған сәтінде шаттықтан жарылардай болып, бақыттан басым айналған қуанышты сәтім ұзағынан болмады. Бекзатым кенже ұлым еді. Мен Бекзатымды дүниеге әкелген 1980 жылы әлемнің ең үздік спортшылары Мәскеу Олимпиадасына дайындалып жатқан болатын. Сонда жиырма жылдан соң осындай спорт жарысының төресі Олимпиада ойындарының болашақ чемпионын дүниеге әкелгенімді білмеген шығармын. Мәскеу Олимпиадасы өтіп жатқанда Бекзатымды тал бесікте тербетіп, түн ұйқымды төрт бөліп, ақ уызымды емізіп, аналық жүрегіммен ақ тілегімді айтып, мейіріміме бөлеген ұлым жиырма жылдан кейін, Олимпиада чемпионы атанып, еліне шаттық сыйлайды-ау деп кім ойлаған?!

Ата мен ананың арманынан асыл арман бар ма? Әкесі Сейілхан екеуміз Бекзатты халқына абыройлы, асыл азаматтың бірі болып өссе екен деп армандадық. Сол арман орындалды. Бекзат өзінің бекзаттығын танытты. Қаршадай ұлым қаншама биіктерге қол жеткізді. Бірақ қызығын көре алмады...

Біз осы тұста Бекзаттың анасының сөзін бөліп, баласының балалық дәуіріне байланысты бірер сауал тастаған едік. Бекзаттың балалық дәуіріндегі біз біле бермейтін біраз сырларын айтты.

- Бекзат кішкентай кезінде өте нәзік еді. Мінезі де сондай жұмсақ болатын. Ұл бала болғанда гүлге құштар еді. Сол нәзіктігі мен жұмсақ мінезімен көз алдымызда қалды. Рингте қарсыласына қанша қатал болса да, күнделікті өмірде өте ұяң болып өсті. Жиырма жасында да сол мінезі өзгерген жоқ. Ал жылқы баласын жанындай жақсы көретін. Атқа мініп серуендегенді ұнататын. Шетелдерге әр түрлі жарыстарға барған сапарларында естелік зат ретінде сұлу жылқы бейнеленген әр түрлі суреттерді сатып алып келетін. Бекзат мектепте жақсы оқыды. Күні бүгінге дейін ұстаздары Бекзаттың алғырлығын айтып отырады. Әсіресе, тарих, әдебиет пәндеріне деген қызығушылығы елден ерек болатын.

Бекзат 1986-1996 жылдар аралығында Түркістандағы Абай атындағы мектеп-интернатта, кейін Жұмабек Еділбаев атындағы №18 орта мектепте білім алды.

Бекзат 10-сыныптан бастап Шымкенттегі олимпиадашыларды даярлау мектебіне ауысты. Мектепте қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. 11-сыныпта мектепішілік күзгі балда «Жігіттің сұлтаны» атанады. Ал жоғарғы оқуын Шымкентте М.Әуезов атындағы университетте оқыды. Алдына мақсат қойса, сол мақсатына жетпей тынбайтын еді. Міне, сол қасиеті ғой, Олимпиада чемпионы болам дейтін. Болды, мақсатына жетті.

Ал Бекзатымның тағы бір жұрт біле бермейтін ерекшелі - өз құрбыларының ортасында әншілік жағынан да алда болды. Дауысы өте жағымды, сұлу сазды болатын. Гитарамен ән салғанда құрбылары сүйіне тыңдайтын. Домбыраны да тәп-тәуір шертетін еді...

Міне, анасы Бекзаттың бал күндерін осылай еске алды. Елі үшін туған жарық жұлдызының тым ерте сөнгенін айтып көзіне жас алды. «Сенің табаныңа кірген шөгір менің маңдайыма кірсін!» деп тілейтін ана жүрегінен, ана мейірімінен асқан ештеңе жоқ шығар?!

Енді Бекзаттың өзгеде қырларына тоқталып өтсек. Бекзат - қазақ боксындағы алтын бастау. «Неге?» деп ойланудың өзі артық. Себебі. 1980 жылы Серік Қонақбаев Мәскеу олимпиадасында күміс алды. 1984 жылы Лос-Анжелесте (АҚШ) өткен олимпиялық ойын­дарға КСРО бастаған социалистік елдер барған жоқ. 1988 жылы қазақ боксшының ешбірі КСРО құра­ма­сының сапында Олимпиадаға барған жоқ. 1992 жылы ТМД құра­масында Н.Кульпин мен Б.Жұ­маділов Барселона Олим­пиадасына аттанды. Бірақ ресейлік бапкерлер Кульпинді ғана жарысқа қосып, Жұмаділов­ты шет қалдырды. 1996 жылы Василий Жиров 81 келіде топ жарды, Болат Жұмаділов финалға шығып тұрып, кубалық қарсыласына соңғы секундта ұтылып қал­ды. Ермахан Ыбырайымов пен Болат Ниязымбетов қола жүлде алды.

Ал 2000 жылы Бекзат бокстан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Содан қазірге дейін, қазақ боксшылары кемінде бір алтын алып келеді. Осы Олимпиадада Бекзаттан кейін Ермахан Ыбырайымов алтын алғанын білесіздер. Ал 2004 жылы - Бақтияр Артаев, 2008 жылы - Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Серік Сәпиев Олимпиада алтынын иеленді. Міне, қазақ боксына «алтын жолды» Бекзат салып берді.

XXI ғасырға 20 минут қалғанда қиылған ғұмыр























Алдағы Олимпиада ойындарында да Бекзат салған сара жол жалғасын таба берсе екен дейміз. Осы тұста, еліне ерен еңбек сіңірген Бекзатқа «Біз не істедік?» деген сұрақ туындайтыны шындық.

Бұл туралы зерделеп қарасақ, Түркістан мен Шымкентте ғана 4 сәуір туған күні қарсаңында еске алу шаралары өтеді екен. Ал еліміздің басқа өңірлерінде Бекзатқа арналған ешбір іс-шара туралы естіген жоқпыз. Бекзатты неге республикалық деңгейде еске алмаймыз?

Бұл туралы әкесі былай деді: «Иә, Бекзат аз ғана ғұмырында артына өшпес із қалдырды. Бар-жоғы жиырма жас қана өмір сүрді. Аз ғана уақыт ішінде қазақты күллі дүниеге пәш етті. Енді қазақ жұрты асыл ұлын қалай ардақтаса да, қандай атақ берсе де болар еді», - дейді. Әрине, Бекзаттың әкесінің ұсынысы өте орынды. Ешкім теріске шығармайды. Бекзат атында Түркістанда спорт кешені ашыл­ды. Ескерткіші Шымкент қа­ласында тұрғызылды. Алматы қаласының жоғарғы ықшам аудандарының бір көшесіне Бекзат Саттарханов есімі берілді. Өкінішке қарай, өзге қалаларда мұндай игі бастамалар қолға алынбай келеді. Бекзатқа Елорда төрінен де бір көше беріп, ескерткішін тұрғызып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.

XXI ғасырға 20 минут қалғанда қиылған ғұмыр



















Түйін:

Қазір Бекзаттың атында Түркістанда және Шымкентте халықаралық турнирлер ұйымдастырылып келеді. Бастапқыда 10 елден боксшылар келсе, қазір келушілер жылдан жылға азайғандығы байқалады. Бұл әрине тек ұйымдастырушыларға ғана байланысты емес, ақпарат құралдары да бұған өз үлесін қосуы қажет. Бекзаттың ерлігі - жас буынды тарбиелеуде, жастардың бойындағы патриоттық сезімді оятуда үлгі болар жарқын бейне. Ол өз уақытының ғана емес ертеңгі күннің де батыры!

Просмотров материала: 4 427

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 654 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 485 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 126 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 150 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 458 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 670 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 739 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 932 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 075 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 456 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 329 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 653 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 359 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 435 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 119 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 121 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 101 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 485 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930