25 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қостанай облысында 32 мың гектар алқаптың астығы орылмай, қар астында қалды

Қостанай облысында 32 мың гектар алқаптың астығы орылмай, қар астында қалды Қостанай облысында 32 мың гектар алқаптың астығы орылмай, қар астында қалды. Толассыз жауған күзгі нөсер көптеген шаруаның қолын байлап, тіпті кейбіреуі астық тұқымын қамбасына құя алмады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Қиындыққа қарамастан, аймақ диқандары 4 миллион 518 мың тонна өнім алды. Енді олар көктем шыға, астықтың қалғанын жинаудан үмітті.

Жаңбырлы жаз аймақ диқандарын әбден әбігерге салды. Толассыз жауған нөсердің салдарынан енді ғана көктей бастаған егін алқабы септериоз індетіне шалдықты. Жоғары ылғалдылық пен күн райының күрт салқындауы бидай шығымына кері әсерін тигізіп, тек Қостанай облысында 175 мың гектар алқап сарғайып, өсімдік дертін жұқтырды.

Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Дархан Әбдікәрімов: "Ылғалдылық жоғары болған жылдары өсімдік аурулары кездесіп тұратын жағдай. Ауруларға қарсы шаралар өткізу үшін 350 мың гектарға дәрі-дәрмек бөлінді. Қазіргі таңда 45 мың гектарға өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жаңбыр басылса, жұмысты жалғастырамыз. Астық шығымына ешқандай қауіп жоқ деп сендіре аламын", - дейді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, биыл астық алқаптарының 76 пайызы химиялық өңдеуден өтуі тиіс. Тіпті, бұл мақсатқа ел қазынасынан 2,7 млрд теңге бөлінген. Алайда, апталап, айлап жауған жаңбыр егіс алқаптарындағы химиялық өңдеу жұмыстарына да кері әсер етті.

Күздегі күн райының күрт өзгеруі қостанайлық диқандарды тағы қолайсыз жағдайда қалдырды. Соның салдарынан жиын-терім науқаны тым кешеуілдеп кетті. Көнекөз диқандар соңғы отыз жылда дәл осындай қиындықты көрмегенін айтады. Ауыртпашылыққа қарамастан, аймақ шаруалары ылғалдылығы жоғары өнімді жинап және кептіруге қыруар ақша жұмсады.

"Енді шығын көп болады. Оны кептіру керек. Бізде екі кептіргіш бар. Алқаптағы бір тонна бидайды жинап қамбаға әкелу үшін, 10-12 литр жанармай керек. Ал бір тонна бидайды кептіріп, 25 пайыз ылғалдылықты 14 пайызға дейін түсіру үшін, 17 литр кетеді тоннасына", - деп бөліседі шаруа Сайран Бұқанов.

Науқан тұсында қиындыққа тап болған диқандар шұғыл шара қолдану үшін агрожиналыс өткізіп, бірнеше мәселені көтерді. Олар "Азық-түлік келісімшарт" корпорациясы несиені қайтару мерзімін кейінге қалдырсын дегенді айтты.

Сонымен қатар, сапасы нашар бидайды сатуға билік тарапынан көмек керектігін жеткізді. Облыс әкімі қиын-қыстау сәтте қолдау көрсетіп, қол ұшын беруге дайын болып шықты.

Ал, дымқыл астықты кептіруге үкіметтен қосымша 15 мың тонна жанар-жағармай бөлінгендігін айтты.

"Жығылғанға - жұдырық" демекші. Күн райының қолайсыздығы қостанайлық диқандарды тығырыққа тіреді. Тіпті кейбіреуі келесі егіс науқанына қажетті бидай тұқымын жинай алмаған. Нақтысы, 150-ге жуық шаруа тұқым тапшылығына тап болды.

Биылғы жыл қанша қиын болғанымен, аймақ диқандары 4 миллион 518 мың тонна астық жинады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда, 1,7 пайызға кем. Ал орташа өнімділік гектарынан 11,3 центнерді құрады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қостанайлық шаруалар майлы-дақыл өнімдерін де түгел жинап үлгермеді. Енді көктем келісімен диқандар соқасын қайтадан сайлап, қар астында қалған егінді оруға кіріскелі отыр.
Просмотров материала: 2 211

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 772 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 443 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 941 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 981 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 354 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 425 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 460 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 782 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 436 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 500 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 692 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 774 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 868 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 544 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 419 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 398 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 796 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 595 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 426 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 127 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 473 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 356 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 837 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 132 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 179 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 417 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 805 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 161 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 103 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 237 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 178 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 400 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 551 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31