26 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жаңа жыл мерекесіне қарсы қазақстандықтар көбейді

29 декабрь 2014, 13:45
Жаңа жыл мерекесіне қарсы қазақстандықтар көбейді Кеңес өкіметінен бері тойланып келе жатқан дәстүрлі Жаңа жыл мерекесіне қарсы қазақстандықтар көбейді. Әсіресе, дін жолындағы азаматтар Жаңа жылды қарсы алуды күнә деп санайды, деп жазады "Азаттық".

Мәселен, бірер жыл бұрын дін жолына түскен алматылық Мейрамгүл Сарқұлова қазір Жаңа жыл мерекесінде дастархан жайып, қонақ күтпейді. Ол "бұл діни сеніміме қайшы" дейді. Мейрамгүлдің пікірінше, Жаңа жыл – христиандардың діни мерекесі.

Мейрамгүл "мұсылмандар күнтізбесінің христиандар күнтізбесінен айырмашылығы бар – ай күнтізбені қолданатын мұсылмандар жыл санауды Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединаға қоныс аударған күннен бастайды. Ал христиандардың жыл санауы Иисус Христос пайғамбардың туған күнінен басталады. Христосты Құранда жазылғандай, "Иса пайғамбар" деп атаған Мейрамгүл "исламның негізгі мерекесі - Құрбан айт пен Ораза айт" дейді.
"Мұсылмандардың жаңа жылы хижраның ай күнтізбесінен басталады. Жаңа жылды мұсылмандар ерекше атап өтпейді. Бұл күні мешіттерде уағыздар оқылып, ислам дінін ұстанатын жандарға кешкісін ғибадата жасап, дұға оқу аманатталған", - дейді Мейрамгүл Сарқұлова.

Мейрамгүл сияқты ислам діні өкілдерінен бөлек, желтоқсанның 31-і күні Жаңа жылды Иегово куәгерлерінің көбі тойламайды.

Қазақстандағы православие шіркеуінің қоғам мен шіркеудің өзара қатынасы жөніндегі бөлім төрағасы протоиерей Александр Суворов Азаттық тілшісінің "Жаңа жыл шынымен христиан діні мен совет үкіметінің ықпалымен енгізілген мереке ме?" деген сұрағына қатысты комментарий берді.

"Жаңа жыл – діни мейрам емес, православие дініне ешқандай қатысы жоқ мереке. Октябрь революциясынан кейін Рождество мерекесіне тыйым салынып, шырша мерекесін өткізуге Сталин 1936 жылы ғана рұқсат етті. Кейін біртіндеп Жаңа жыл мерекесіне ұласты. Жаңа жыл мерекесінің ажырамас нышаны болып саналатын рождестволық шыршаға қатысты бейтарап көзқарас ұстанамыз, бірақ бәріміз азаматтық қоғам мүшесіміз. Сондықтан Жаңа жыл – зайырлы сипаты бар мереке", - дейді протоиерей Александр Суворов.

Тарих ғылымдарының докторы, теолог Гүлмайра Омарова Қазақстанда Жаңа жыл мейрамы отбасылық мерекеге айналып кеткен деп санайды. Оның айтуынша, Жаңа жылды әр адам діни нанымына қарай атап өтеді, бұл күнді мерекелеуге ешкім мәжбүрлемейді.

Гүлмайра Омарова "Қазір діни ағым көп, Қазақстанда Жаңа жылды ғана емес, кейбір зайырлы құбылыстарды елемейтін діни азшылық өкілдері де бар. Мысалы, олар балаларына музыкамен шұғылдануға, екпе жасатуға, кешкі сағат жетіден кейін көшеге шығуға, қыздардың тізеден жоғары юбка киюіне рұқсат бермейді", - дейді.

Қазақстанда күн мен түннің теңесетін күн - Наурызды тойлау дәстүрі өрістеп келеді. Шығыс халықтарының Наурыз мерекесі мұсылмандықты қабылдаудан көп бұрын пайда болған.

Наурызды мол дастарханмен қарсы алған шаңырақта бір жыл бойы береке-молшылық болады деген наным бар.

Елдегі кейбір этникалық және діни азшылық өкілдері өз жаңа жылдарын жиі атап өтеді. Мысалы, Қазақстанның кейбір иудейлері Жаңа жылды иудей күнтізбесі бойынша қыркүйектің аяғында тойлайды. Мерекені рухани көсем зиратының басында қарсы алу жақсы ырым болып есептеледі. Олар Израильдегі Зәйтүн тауына барып, зиярат етеді. Биыл иудейлер 5775 Жаңа жылды атап өтеді.

Қазақстан кәрістері де өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырта бастады. Олар Жаңа жыл мейрамы - Соллаль мерекесін ақпан айының басында қарсы алады. Кәріс отбасында Жаңа жылды мерекелеу рәсімдері ата-баба аруағына құрбандық шалу мен зиратына тағзым етуден басталады.

Қазір Қазақстанда 7 қаңтар – православие рождествосы, 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы, Құрбан айттың алғашқы күні (биыл қазанның 4-іне сәйкес келді) мереке және демалыс күндері болып бекітілген. Қазіргі Қазақстанда жұртшылық Жаңа жылды тек 31 желтоқсанда ғана атап өтпейді. Елде бірнеше Жаңа жыл мерекесі бар деуге болады.
Просмотров материала: 2 121

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 163 324 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 163 155 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 783 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 822 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 163 111 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 619 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 761 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 972 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 833 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 014 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 789 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 568 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 198 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 053 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 875 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 047 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 155 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 824 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 204 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 933 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 943 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 775 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 619 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 872 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 823 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 328 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 777 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 655 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 914 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 249 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 654 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 629 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 668 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 621 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 851 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 995 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031