5 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары

26 декабрь 2014, 13:30
Биыл елімізде түрлі оқиғалар орын алды. Спортшыларымыздың ірі жеңістеріне қуандық, Құрманғазы мен Пушкинді сүйістерген постерді көріп, ұяттан бетімізді бастық. Ұлттық валютаның жағдайы күн сайын назарымызда болды... "За тебя, Баке" 2014 жылы еліміздегі ең көп талқыланған жаңалықтар тізбегін ұсынды.

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары




















Теңгенің құнсыздануы

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары





















2014 жылдың 11 ақпаны күні Ұлттық банк доллар курсын бақылауда ұстай алмай, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 185 теңгеге жетті. Девальвация басталған тұста шулаған халық уақыт өте келе жаңа бағамға да бой үйретіп кетті.

Алайда, жыл бойы теңгенің тағы да құнсыздануынан қорыққан халық Ұлттық банк жаққа қарайлаумен болды. Кейбір тұрғындар үн-түнсіз доллар сатып алса, енді біреулері шетелдік валютаны халыққа жария етіп сатып алды. Ал көрші Ресейдегі рубльдің шектен тыс құлдырауы тұрғындардың уайымын одан әрі арттыра түскендей.

Девальвациядан кейінгі Алматыдағы митинг

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары



















Алматыда жүзге жуық адам теңгенің құнсыздануына қарсы қарсылық шеруін өткізді. Өздерін ешқандай саяси ұйымға жатқызбаған, бар болғаны теңгенің құлдырауы отбасылық бюджеттерін ойсыратып кеткенін айтқан халықты полиция бірнеше сағаттан соң таратып, он шақты адамды қамауға алды.

Kaspi bank SMS терроршыға 100 млн төлейтінін айтты

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары




















Астана мен Алматы тұрғындарына WhatsApp мессенджері арқылы таралып кеткен хат көптеген банкті клиенттерінен айырды.

Атап айтар болсақ, "Kaspi bank", "Банк Центр Кредит", және "Альянс банкінің" банкротқа ұшырап, жабылатыны туралы хат тұрғындарды дүрліктірді.
Осыдан соң, депозитте сақталған ақшаларын қайтарып алу үшін жүздеген адам кезекке тұрды. Ал Kaspi bank төрағасы Михаил Ломтадзе бұл ақпараттың жалған екенін айтып, смсты таратқан адамды тапқандарға 100 млн теңге төлейтінін айтты.

Қазақстан атауын "Қазақ елі" деп өзгерту

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары





















Нұрсұлтан Назарбаев ел атауы өзгеруі мүмкін екенін айтты. "Көптеген Орталық Азия елдеріндегі секілді, біздің елімізде де "стан" жалғауы бар. Шетелдіктер 2 млн тұрғыны бар Моңғолияға көп назар аударады. Өйткені, ол елдің атауында "стан" жалғауы жоқ. Сондықтан, ел атауын "Қазақ елі" деп өзгертуді ойластыру керек. Алайда, бірінші кезекте халықпен ақылдасқан жөн", - деді елбасы.

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастайды. Одаққа Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері мүше. Сонымен қатар, Армения мен Қырғызстан мүшелікке өтеді деп күтілуде. Назарбаев бұл одақ туралы: "Еуразиялық экономикалық одақ, ең алдымен, қарапайым халықтың игілігі мен мүдделері үшін құрылуда", - деп атап өтті.

Кәрім Мәсімовтің билікке қайта оралуы

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары



















Мәсімовтің бұрынғы орынтағына қайта оралуы халық арасында көп талқыланды. Көптеген мамандар Кәрім Қажымұқанұлы ескі де жаңа қызметіне қайта кіріскен соң, танымалдығы одан әрі арта түседі деген. Алайда, әзірге Мәсімов қандай да бір жарқын істерімен ел көзіне түсер емес.

Денис Теннің қола жүлдесі

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары























Сочиде өткен кезекті қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына жалқы жүлдені Денис Тен сыйлады.

Әдетте, мәнерлеп сырғанау спортынан бай тарихы жоқ, бұрын-соңды қандай да бір жетістіктерімен мақтанбайтын Қазақстанға Олимпиаданың қола жүлдесін алып берген Денис елде үлкен құрметке ие болды.

Бақтияр Артаевтың дауға қалуы

Олимпиада чемпиондарының даулы мәселелердің ортасында жүруі бірінші рет емес. Бақыт Сәрсекбаев бапкерімен дауласса, Бақтияр Артаев түнгі клубта назарға ілікті.

Айсұлу Ибрашева есімді қыз би алаңында өзінің "жұмсақ жерінен" шапалақпен салып жіберген Бақтияр Артаевты кінәлаған. Біраз уақыт бойы даурыққан екі тарап ақыры мәселені жылы жауып қойды. Халық алдына шығып, өзінің кінәсіздігін айтқан Артаев кейін Лондонға оқуға кетіп тынды.

"Ice Bucket Challenge" эстафетасы

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары

















Амиотрофикалық скелероз ауруына шалдыққан жандарға көмектесу мақсатымен жасалған бұл эстафетаға бүкіл әлем халқы қатысты десек, артық емес. Қазақстан да бұл эстафетадан тыс қалған жоқ. Еліміздегі спорт және өнер жұлдыздарының барлығы дерлік атсалысты. Бірақ, Геннадий Головкиннің әрекеті бәрін де таң қалдырды. Ол үстіне су құйып қана қоймай, мұз толтырылған ваннаға 10 минут жатып шықты.

Путиннің Қазақстан мемлекеттігін жоққа шығаруы

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары


















Бүкілресейлік жастар форумында Владимир Путин: "Ол (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) ерекше нәрсе жасады. Ол ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды. Қазақтардың ешқашан мемлекеттілігі болмаған еді" деген болатын.

Алматы колледжінде гранатаның жарылуы

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары
















Сән және дизайн колледжінде әскери граната жарылып, бір студент көз жұмды. Алғашқы әскери дайындық пәнінде әскери гранатаның қала келгені тексеріліп жатыр. Ал жарылыстан бірнеше студент ауыр жарақат алды.

Калачи халқының ұйқыға кетуі

Ақмола облысына қарасты Калачи ауылының адамдарын ұйқы қысты. Бүгінге дейін жасы мен кәрісін қосқанда 70-тен аса адам ұйқы ауруына шалдыққан. Алғаш рет 2013 жылы пайда болған бұл дертті түрлі мамандар зерттеп, дауасын табар емес.

Серік Ахметовтың қамалуы

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары




















Премьер-министрдің кабинетін Мәсімовке босатып беріп, өзі Қорғаныс министрі болып кеткен Серік Ахметовке аяқ астынан айып тағылып, үйқамаққа алынды.

Бұрынғы премьерге жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылып, барлық мүлігі тәркіленуде. Одан бөлек, Серік Ахметовтің өз өңірі Қарағанды облысының басшылары да түгелдей қамауға алынды.

Илья Ильиннің төртінші алтыны

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары


















Алматыда ауыр атлетикадан лицензиялық әлем чемпионаты өтіп, қазақ спортшылары 3 алтын жеңіп алды. Ал екі дүркін Илья Ильин әлем рекордын жаңартып, әлем чемпионатындағы алтындарының санын 4-ке жеткізді.

Мақсат Үсенов тағы да жол ережесін бұзды

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары






















Жол ережесін жиі бұзудан алдына жан салмайтын Мақсат Үсенов тағы да ереже бұзды. Қуанышқа қарай, бұл жолы адам шығын жоқ. Басынан жарақат алған 38 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

Ал 66 мың теңге айыппұлын төлеп, санаулы күнін темір торда өткізген Үсенов бірден Дубайға тартып кетті. Шамасы, демалып алуды ойласа керек.

Франсуа Олланд пен қазақ шапаны

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары























Қазақстанға алғаш рет ресми іссапармен келген Франция президенті Франсуа Олландқа қазақы қонақжайлықпен шапан жабылған болатын.

Олландтың қазақ шапанын киіп түскен суреті дереу интернетте хитқа айналды. Әлеуметтік желі қолданушылары дереу Олландқа түрлі ұлт киімдерін кигізіп, әжуалай жөнелді.

Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіру

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары


















Қазақ пен орыс халқының ұлы перзенттерін сүйістірген постер интернетте үлкен дау туғызды. Пушкин мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан біржыныстылар клубының жарнамасына орай дайындалған постер жылдың ең жағымсыз оқиғаларының бірі деп бағалануда. Бұл істің арты үлкен дауға айналып, постерді дайындаған жарнама компаниясына үлкен көлемде айыппұл салынды.

Головкиннің жеңісі

2014 жылдың ең көп талқыланған жаңалықтары

















Ал бұл жылды артынан жел сөз ертпей, жоғары нотада аяқтаған Геннадий Головкин. Биыл өткізген 4 кездесудің барлығын да мерзімінен бұрын аяқтаған Генаға шетелдік БАҚ "Қазақ Батыры" деп айдар тақты.
Просмотров материала: 3 723

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 155 539 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 349 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 154 996 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 030 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 325 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 169 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 314 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 499 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 211 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 403 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 275 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 276 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 908 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 735 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 884 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 021 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 688 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 058 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 787 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 795 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 636 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 476 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 736 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 680 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 188 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 617 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 511 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 767 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 105 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 515 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 492 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 534 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 473 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 713 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 856 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031