8 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда Темірбек Жүргенов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

24 декабрь 2014, 16:56
Алматыда Темірбек Жүргенов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті Бүгін Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында «Темір нарком Темірбек» атты деректі фильмнің тұсаукесері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Фильм көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ССР Халық ағарту комиссары, қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркітілдес халықтардың тәуелсіздігі үшін күрескен тұлға Темірбек Жүргенов жайында. Фильмде оның балалық шағы, отбасы, оқыған жылдары және қоғамдық қызметпен айналысып жүрген кезеңдері суреттеледі» - деді Еркін Рақышев.

Фильмде Темірбек Жүргеновтың жұбайы Дәмеш Ермекованың естеліктері келтірілген. Режиссердің айтуынша, деректі туындыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған әрі өте сирек пайдаланылған мұрағаттық құжаттар мен фотоматериалдар қолданылды.

«Біз қазір тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Ал Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов және Темірбек Жүргенов секілді қайраткерлер - еліміздің тәуелсіздігін жақындатқан ұлы тұлғалар. Олардың есімдері Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылған. Сондықтан, жастар осындай ұлы азаматтарымызды ұмытпас үшін, осындай фильмдер түсіру қажет деп санаймын» - деді атақты актер, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Темірбек Жүргенов (1898 жыл, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылы - 25 ақпан 1938, Алматы) Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған. 1917 жылы Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады. 1918 жылы «Қазақ мұңы» газеті редакциялық алқасының құрамына енді, Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды. 1919 жылы Ырғыз уезі Кенжеғара болысы революциялық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған. 1920 жылы БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік революциялық комитетінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1921-1923 жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды. 1923 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінің құқық факультетіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының Орталық Атқару комитеттеріне мүше болып сайланады. Өлкелік және республикалық партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттеріне мақалалары жарияланды. 1926 жылы Ташкенттің Қазақ педагогикалық институтының директоры болып тағайындалады. 1930-33 жылдары Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары, 1933-37 жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. 1937 жылы 3 тамызда «халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. Ал қайраткердің зайыбы, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері, Ленинмен кездескен тұңғыш қазақ Әлімхан Ермековтің қарындасы Дәмеш Ермекова Темірбек Қараұлы атылған күні абақтыға жабылған, 18 жыл ғұмырын АЛЖИР-де өткізген.
Просмотров материала: 2 196

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 681 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 491 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 146 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 175 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 473 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 933 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 080 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 250 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 898 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 093 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 024 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 120 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 954 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 826 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 652 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 795 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 937 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 603 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 973 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 702 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 708 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 552 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 392 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 648 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 592 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 103 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 529 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 430 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 675 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 019 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 431 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 409 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 450 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 393 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 627 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 769 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30