2 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Маңғыстауда балғындарды сауықтыру мекемесі жаңартылды

Маңғыстауда балғындарды сауықтыру мекемесі жаңартылды Тәуелсіздік мерекесін тойлау қарсаңында облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөлімшесінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, ғимарат пайдалануға берілді. Облыс бюджетінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге 130 млн.теңге қаржы бөлінген. Бұдан бөлек 26 млн. теңге ғимараттағы ауаны тазарту және желдету жүйесін жаңартуға жұмсалған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының айтуынша, Қазақстандағы алғашқы жұмылдыру кешені құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын даярлауға жергілікті бюджет қазынасынан 6 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл кешен диспансерлік бөлімше мен бактереологиялық зертхананы біріктіріп қосатын болады.

Ғимараттағы 2014 жылдың шілде айында басталған күрделі жөндеу жұмысы жоспар бойынша 2015 жылдың ақпан айында аяқталуы тиіс болатын. Алайда жұмыстарды орындаған «Заман-Ақтау» мердігер компаниясы жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Компания өкілдері жұмысты тез аяқтау - оның сапасына әсер етпегенін айтып сендірді. Денсаулық сақтау басқармасының басшылары да жөндеудің сапасына деген ризашылықтарын жасырмады.

Балғындарды сауықтыратын бөлімше заманауи жабдықтармен қамтылған. 50 балаға арналған бөлімшеде бүгінгі таңда туберкулездің тұрақты және сезімтал формаларымен сырқаттанған 35 бала емделіп жатқанын айтқан Облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Құндыз Керимованың мәлімдеуінше, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде балалар көрші бөлімшелерде үздіксіз ем қабылдаған. Балалар ұзақ уақыт емделуден өткен кезде оқу бағдарламасынан шеттетілмейді, оларға №3 орта мектептен келетін ұстаздар сабақ береді. Сонымен қатар бөлімше балғындарға арналған оқу және ойын залдары, ем-шара бөлмелері және асханамен жабдықталған.

Ғимараттың салтанатты түрде ашылуына Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен медицина қызметкерлері қатысты.

«Биылғы жылы туберкулез сырқатына шалдыққандарды әлеуметтік қамтуға жергілікті бюджеттен 40 млн.теңге қаржы бөлінді. Бұрын бұл бағыттағы қаржыландыру мардымсыз болса, қазір біздің облыс қаржыландыру жағынан алдыңғы қатарда тұр. Мұндай шаралар туберкулезбен ауыратындардың дәрі-дәрмекті дер кезінде қабылдап, сырқатынан тез жазылуға ықпал етеді»,-деп атап өтті Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Бектубаев. Оның мәлімдеуінше, жыл аяғына дейін Жаңаөзен қаласындағы ересектер емханасымен біріктірілген балалар емханасы күрделі жөндеуден кейін пайдалануға беріледі.

Маңғыстау кентіндегі жедел жәрдем станциясында да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда Мұнайлы ауданы тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін автоматтандырылған диспетчерлік қызмет және JPS-навигация жүйесі енгізілген.

Күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары сонымен қатар Түпқараған және Қарақия (Бостан селосындағы дәрігерлік амбулатория) аудандарының емдеу-сауықтыру мекемелерінде де жүргізілуде. Денсаулық сақтау нысандары заманауи жабдықтармен қамтылуда. Облыстық балалар аурухасына күрделі бала сырқатын тез анықтауға толық мүмкіндік беретін жедел компьютерлік томограф құрылғысы алынған.

Облыстық аурухананың екі блогының жөндеуін және наркологиялық диспансердің күрделі жөнделуі мен қосымша бөлігінің құрылысын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Сонымен қатар 1-шағынаудандағы аурухана қалашығы аумағын абаттандыру жоспарланған. Ол жерде жарықтандыру жұмыстары, кірме жолдардың құрылысы жүргізілмекші.

Алтынгуль Мендіхан, Маңгыстау облысы
Просмотров материала: 2 283

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 211 471 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 211 139 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 210 631 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 210 675 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 211 046 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 265 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 298 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 607 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 254 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 335 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 508 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 739 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 813 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 515 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 386 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 236 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 619 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 348 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 751 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 557 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 397 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 239 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 095 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 437 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 322 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 803 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 040 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 148 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 778 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 129 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 072 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 206 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 148 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 367 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 517 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31