19 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың басты оқиғаларын атады

18 декабрь 2014, 10:25
Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың басты оқиғаларын атады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, Қазақстан бүгінде өз тарихының тағы бір белесіне сенімді түрде өткенін айтты.

- Уақыт ағысы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған 1991 жылғы 16 желтоқсандағы ұлы күннен тез алыстатып барады. Халық жасаған таңдаудың сарқылмас тарихи күшін біз жыл өткен сайын терең сезініп келеміз. Ол - еркін, егемен елде татулықта, бір-біріне деген сенім және келісімде өмір сүру таңдауы, өз тағдырын қашанда өзі айқындап, болашағын жасау.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты жаһандық сын-қатерлерге лайықты жауап болғанын атап өтті.

- Біріншіден, әлемдік алмағайып жағдайда инфрақұрылымдық дамуға ден қою - қазіргі әлемдегі табысты елдерге тән ортақ тренд. Екіншіден, сапалы жолдар мен коммуникациялар салу арқылы біз өңірлік және жаһандық экономикалық байланыстарға тереңірек бойлаймыз. Үшіншіден, инфрақұрылым құрылысының ірі жобалары шетелдік инвестициялардың тұрақтылығын сақтайды. Олар ұзақмерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Төртіншіден, бұл - лайықты еңбекпен қамтудың, еңбек өнімділігі мен халықтың әл-ауқатын арттырудың берік кепілі. Бесіншіден, «Нұрлы Жол» - барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті жаһандық экономика үшін күшейіп келе жатқан қатерлердің бар екеніне тоқталды.

- Бүгінде барлық елдерге қиын. Әлемдік нарықта көмірсутек, металл және басқа экспорттық өнімдердің бағасы құлдырауда. Бізге де қиын болады. Осыны қаперге алған жөн. Сондықтан бекітіліп қойған бюджеттің шығыс бөлігін бізге де қысқартуға тура келеді. Бірақ ол әлеуметтік шығыстарға әсер етпейді.

Мемлекет басшысы өзінің тапсырмасына сәйкес Үкіметке халық алдындағы барлық міндеттемелерді қамтамасыз етуі тиістігін еске салды. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Үкімет пен Ұлттық банктің алдына маңызды маңызды екі міндет қойды, ол: экономиканы долларсыздандыру және инфляциялық таргеттеуге көшу. Бұлар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының құрамдауышына айналуы тиіс.

Елбасы қазақстандықтардың қазіргі буынының еңбегі ел тарихында айрықша орын алатынын айтты.

- Бұл - 1995 жылы наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы, 1995 жылы 30 тамызда ел Конституциясын бүкілхалықтық қабылдау, 1998 жылы Астананы елордасы деп жариялау. Біздер, қазақстандықтардың қазіргі буыны, біртұтас халық ретінде болашақтың басты бағдарын айқындадық. Біз алдымен 2030 Стратегиясын, сосын «Қазақстан-2050» Стратегиясын әзірлеу арқылы тарихта алғаш рет оқиғалардың соңынан ілеспей, алға озатын болдық.

Мемлекет басшысы бірнеше маңызды даталар атап өтілетін алдағы жылдың ерекшелігіне тоқталды. Атап айтқанда, Қазақстан халқы ассамблеясы жылының аясындағы іс-шаралар және Қазақстан Республикасы Конституциясының бүкіл халық тарапынан қабылдануының 20 жылдығы өтеді. Сонымен қатар ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің маңызды датасын - Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өтетін боламыз.

Сондай-ақ Қазақстан ТМД елдерімен және бүкіл әлеммен бірге Ұлы Отан соғысындағы фашизмді жеңген жеңістің 70 жылдығын мерекелейді.

- Біз үшін соғысқа қатысқан буынның ерлігі туралы естелік әрқашан қасиетті. Біз - әрдайым өз өткеніне алғыс сезімімен және кешіріммен қарайтын халықпыз. Тарихи өткен шақты біз қашанда тұтас күйінде және оң көзқараспен қабылдауымыз керек. Ол барлық қазақстандықтарды бөлуге емес, біріктіруге тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихы тұтасу мен бірігуге негізделгенін айрықша атап өтті.

- Бірлікті сақтау және нығайту - ең игі іс. ХХI ғасырда тек бірлігі бекем, еңбегінен рахат тапқан, азаматтары тату ел ғана бақытты өмір сүреді. Біздер, қазақстандықтар оны жүрегімізбен сезіндік. Тәуелсіздік жылдары біз рухани тұрғыдан шынығып, шыңдалдық.

Мемлекет басшысы Мәңгілік Ел идеясы мызғымас тұрақтылықтың символы бола отырып, ертеңгі күнге жол сілтейтін, болашаққа сенімді білдіретін идея екеніне назар аударды.

Қазақстан Президенті қазіргі замандағы халықтың тағдырын айқындайтын екі басты қағидатты атады.

- Бұл - ұрпақ және құндылықтар сабақтастығы, сондай-ақ ұлттың ширақтығы, жастардың инновацияға бейімдігі. Біз өз тарихымызды батыл әрі лайықты түрде игеруге тиіспіз. Әрдайым бірлігіміз болса, біз бұдан да қуатты бола түсеміз. Біздің жалпыұлттық Мәңгілік Ел идеямыздың, Мәңгілік Отанымыздың мән-маңызы осында.

Іс-шара соңынан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт болып, оны ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары да тамашалады.
Просмотров материала: 1 592

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 95 574 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 95 394 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 95 358 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 95 291 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 95 295 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 656 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 396 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 429 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 965 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 120 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 13 372 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 411 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 546 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 448 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 173 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 358 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 750 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 148 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 520 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 188 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 950 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 166 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 128 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 902 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 860 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 205 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 447 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 936 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 969 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 021 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 926 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 160 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 291 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031