26 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда бокстан ел чемпиондары анықталды

Қазақстанда бокстан ел чемпиондары анықталды Бүгін Тараз қаласында бокстан Қазақстан біріншілігінің финалдық сайыстары өтіп, 10 салмақ дәрежесі бойынша ел чемпиондары анықталды. Бұл туралы Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қорытынды есеп бойынша Жамбыл облысының боксшылары 3 алтын медаль олжалады. Екі алтын - Астана қаласы мен Ақмола және Алматы облысы командаларының еншісінде. Оңтүстік Қазақстан облысының командасы бір алтынға қол жеткізді.

49 келі салмақ дәрежесінде Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) Жомарт Ержанды (Оңтүстік Қазақстан облысы) 3:0 есебімен жеңіп, ел чемпионы атанды. Үшінші орынды Шерхан Сүгірбек (Жамбыл облысы) пен Мардан Берікбаев бөлісті (Алматы облысы).

52 келі салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаев (Жамбыл облысы) Азамат Исақұловты (Маңғыстау облысы) жеңіп, алтыннан алқа тақты. Үшінші орын Азат Махметов (Астана қаласы) пен Мирас Жақыповқа (Шығыс Қазақстан облысы) бұйырды.

56 келі салмақ дәрежесі бойынша ақтық сында Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола облысы) пен Алмас Жақыпов (Жамбыл облысы) кездескен болатын. Тартысты өткен бұл сайыста Жамбыл облысының тумасы жеңіске жетті. Үшінші орында - Жанболат Тілегенұлы (Алматы қаласы) мен Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы).

60 келі салмақта Закир Сафиуллин (Оңтүстік Қазақстан облысы) Ержан Мүсәпіровты (Қарағанды облысы) жеңіп, чемпион атанды. Үшінші орынды Дархан Жұмсақбаев (Астана қаласы) пен Жәнібек Күшенбаев (Жамбыл облысы) бөлісті.

64 келіге дейінгі жартылай орта салмақта Самат Башенов (Астана қаласы) ел чемпионы атанды. Ол ақтық сында Алмасбек Әлибековты (Оңтүстік Қазақстан облысы) 2:1 есебімен жеңді. Үшінші орын Мақсат Жексенби (Қарағанды облысы) мен Ғани Жайлауовқа (Жамбыл облысы) бұйырды.

69 келі салмақтағы Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл облысы) пен Асланбек Шымбергеновтің (Жамбыл облысы) сайысы аса тартысты өтті. Төрешілер шешімі бойынша жеңіс Шымбергеновке бұйырды. Үшінші орынға Мадияр Ашкенов (Маңғыстау облысы) мен Бекзат Халметов (Оңтүстік Қазақстан облысы) жайғасты.

75 келі салмақта Мейірім Нұрсұлтанов (Астана) Нұрзат Сабыровты (Оңтүстік Қазақстан облысы) 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Үшінші орында - Сапарбай Айдаров (Алматы қаласы) пен Рүстем Сваев (Қызылорда облысы).

81 келіге дейінгі жартылай ауыр салмақта Нұрдәулет Жарманов (Ақмола облысы) пен Арман Рысбектің (Алматы облысы) финалдық сайысы Рысбектің жеңісімен аяқталды. Есеп 2:1. Үшінші орында - Нұрбол Алтаев (Оңтүстік Қазақстан облысы) пен Әли Ахметов (Алматы облысы).

91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алмат Серімов (Ақмола облысы) ел чемпионы атанды. Екінші орын оның қарсыласы Асқар Абдоллаевтың (Оңтүстік Қазақстан облысы) еншісінде. Арбек Әбдіғаниев (Алматы облысы) пен Мұхамеджан Еркін (Оңтүстік Қазақстан облысы) болса үшінші орынды қанағат тұтты.

91 келіден жоғары салмақта Рұслан Мырсатаев (Алматы облысы) ел чемпионы атанды. Одан сүрінген Нұржан Бекзатов (Оңтүстік Қазақстан облысы) екінші орында, ал Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы) пен Евений Егембердиев (Жамбыл облысы) үшінші орында.

Айта кетелік, ел біріншілігіне Астана мен Алматы қалаларынан басқа 14 облыстың командалары қатысқан болатын.
Просмотров материала: 2 010

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 567 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 201 187 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 200 682 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 200 742 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 104 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 723 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 787 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 089 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 699 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 773 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 974 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 616 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 429 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 285 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 858 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 524 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 222 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 620 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 434 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 312 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 144 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 996 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 317 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 222 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 714 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 626 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 063 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 295 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 674 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 049 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 990 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 109 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 061 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 259 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 408 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031