8 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шанхайда ҚР Тұңғыш Президенті күнінде флэшмоб өткізді

03 декабрь 2014, 11:32
Шанхайда ҚР Тұңғыш Президенті күнінде флэшмоб өткізді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Шанхайда «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» және оны жүзеге асырудағы жастардың рөлі» тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық конференция, сондай-ақ флэшмоб өтті.

Шараны ҚР БҒМ-нің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Азия мен Океаниядағы өкілдігі және Шанхай қаласындағы «Kazakhstan students association in Shanghai» студенттік ұйымы өткізді.

Конференцияға Шанхай қаласында білім алып жатқан 50-ден астам қазақстандық студент, сонымен бірге Шанхайдағы ҚР бас консулдығының өкілдері қатысты. Олар Елбасы Жолдауының негізгі тезистерін талқылады. Соның ішінде елдің көліктік-логистикалық, индустриалдық, энергетикалық, тұрғын үй, әлеуметтік инфрақұрылымдық салаларының дамуы, алдағы уақыттағы индустрияландыру бағдарламасы, ШОБ-ты қолдау, сондай-ақ «Мәңгілік ел» идеясы туралы сөз қозғалды.

Конференцияға қатысушылардың айтқан сөздерінің өзекті тұстарын сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Руслан Әбдіраев, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Фудань Университетінің магистранты, Шанхай қ.: «Мені арендалық тұрғын үй құрылысына инвестиция бағытталуы және бұл жобаның алдағы уақытта жүзеге асуы қуантты.

ЖОО арқылы ғылым мен экономика саласында байланыс орнату мәселесі назарыма ілікті. Ол үшін тиісті материалдық-техникалық база жасалды. Көптеген дамыған елдерде бұл тәжірибе қолданылуда және өз жемісін беріп отыр.

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты Қазақстан халқының бірлік және келісім базисін нығайта түседі. Президент Жолдауында алда тұрған міндеттер айқындалды, оны бірігіп жүзеге асыра аламыз. Бізге, жастарға осындай сәтте мүмкіндігімізді көрсетіп, біздің білім алуымызға бағытталған инвестицияны ақтап, Отанымызды өркендетуге мүмкіндік туып отыр. Қолымыздан келгенімізді жасаймыз».

Барлыбаева Алтынай, Шанхай теңіз істері университетінің (Shanghai maritime university) магистранты: «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін жауаптымыз. Бүгінде әрбір қазақстандық өзіне «Отаным үшін мен не істедім?» деген сұрақ қоюы тиіс. Егер азаматтар осы тұрғыда ойлап, іс-әрекетке көшіп талпынса, еліміз дамиды деп сенемін».

Конференциядан кейін «Kazakhstan students association in Shanghai» қазақстандық студенттер ұйымының белсенділері патриоттық флэшмоб өткізді - 50 студент қатарласа тұрып, Ұлт Көшбасшысын және «Нұрлы жол» деген сөздерді бейнеледі.

Еске сала кетейік, ҚР-нан тыс жерлерде 50 мыңнан астам қазақстандық студенттер білім алуда, соның ішінде 11 мың 200-ге тарта адам ҚХР-да (Бейжіңде - 4 мыңға жуық, Үрімжіде - 1250, Шанхайда - 800, Сианьда - 700, Гуанчжоуда - 500, Уханьда - 400, Нанкинде, Ланьчжоуда, Харбинде - 150-ден, Циндаода - 100-ге жуық, Құлжада - 150, Шихэцзыда - 100-ге тарта, Сямэнде - 25 адам) оқып жүр. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай Ресейден кейін екінші орын алады, онда 28 мың қазақстандық білім алуда.
Просмотров материала: 1 771

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 478 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 063 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 581 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 639 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 193 988 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 318 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 417 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 709 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 146 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 258 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 605 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 454 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 576 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 387 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 224 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 708 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 471 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 160 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 561 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 336 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 264 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 097 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 240 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 162 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 660 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 471 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 994 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 249 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 625 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 004 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 946 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 032 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 993 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 198 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 355 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930