26 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Елбасы туралы төртінші фильм Мәскеуде түсірілді, – Р.Әбдірашев (ВИДЕО)

28 ноябрь 2014, 4:49
Елбасы туралы төртінші фильм Мәскеуде түсірілді, – Р.Әбдірашев (ВИДЕО) Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының өмірбаяны туралы түсірілген фильмдердің авторы, кинорежиссер Рустем Әбдірашев BNews.kz тілшісіне «Тығырықтан жол тапқан» атты жаңа кинолентаның түсірілім процесі жайында толығырақ баяндап, фильмде басты рөлді сомдайтын Нұрлан Әлімжанның әртістік жұмысы жайында әсерлерімен бөлісті.

«Мемлекет басшысы туралы «Тығырықтан жол тапқан» атты төртінші фильм – басқа картиналардың логикалық жалғасы. Жаңа бөлім 1971 мен 1977 жылдар аралығын, Елбасының үлкен саясатқа аяқ басқан, Қарағанды металлургиялық зауытында партком хатшысы болып тағайындалған кезеңін қамтиды. Егер біз картинаны Қарағандыда түсіргенде, үлкен қиындықтарға тап болатын едік, өйткені ондағы орыс тілді әртістердің шоғыры өткен жұмыстарда ойнап қойған, көбісін «Тоғысқан тағдырлар» сериалы арқылы таниды. Сондықтан қарағандылық комбинаттың тарихын Мәскеудегі ЗИЛ зауытында жаңғыртуды шештік. Ең алдымен, бұл өте қолайлы, өйткені ЗИЛ зауытында индустриялды сәулет нысандары әлі күнге дейін сақталған. Екіншіден, түсірілімді Мәскеуде өткізу жергілікті әртістерге де қолайлы, мысалға, фильмдегі эпизодтардың біріне танымал ресейлік әртіс Валентин Гафт түседі. Ал әртістің денсаулығы сыр беріп жүргендіктен, оны Алматыға немесе Қарағандыға жеткізу қиынға соғар еді. Тағы бір артықшылығы, бізге түр-әлпеті еуропалыққа келетін адамдар қажет болды. Себебі жетпісінші жылдары Қарағанды металлургиялық зауытында істегендердің тоқсан пайызы бет-әлпеті славян типті адамдар болатын. Ал қазір Қарағандыда жағдай мүлде өзгерген. Жұмыс барысында анықталғандай, Мәскеуде көпшілік көрініске түскен әртістердің барлығы өздерін кәсіби ұстайды, олар жай ғана статистер емес, шынымен де қабілетті, дарынды әртістер екені байқалады. Сондықтан, қазақстандық түсірілім тобы ресейлік әріптестерінен біраз нәрсені үйренді деген ойдамын. Кейбір үзінділерді біз Кремльдің маңында, Кремльдің өзінде, Ресей президентінің әкімшілігінде түсірдік. Елбасымыздың абырой-беделі арқасында Сусловпен кездесу және ОК отырыстары өткен кабинеттердің есігі біз үшін ашық болды», - деп атап өтті Рүстем Әбдірашев.

Қазақстандық режиссердің айтуынша, ЗИЛ зауытында жетпісінші жылдардағы Қарағанды металлургиялық зауытының декорациясын жасау еш қиындық тудырмаған.

«Кезекті бөлімде басты рөлді танымал әртіс Нұрлан Әлімжан сомдады, менің ойымша, аталмыш картинада Елбасының рөлін ойнау ол үшін оңайға соққан жоқ. Өйткені фильмде басты кейіпкердің алаң бойынша серіктестерімен күрделі диалогтарға түсуі жиі ұшырасады. Нұрлан үшін бұл жақсы мектеп болды, біздің жобада әртістік қарым-қабілеті мықтап шыңдалды. Өзіне сеніп тасырылған міндеттерді де абыроймен орындап шықты. Өз кезегінде, мен де қолымнан келгенін аянғаным жоқ. Басты кейіпкердің болмысын барынша ашуға тырыстық. Егер алғашқы картинада ол ұшқыш болуды армандаған қазақтың қара домалақ баласы ретінде танылса, бұл фильмде ол тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге отбасы үшін де, тұтас бір комбинат үшін де бар жауапкершілікті мойнына алуға дайын, ақылы толысқан ересек адамның мінезін танытады», - деп түйіндеді Рүстем Әбдірашев.

Просмотров материала: 2 404

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 172 259 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 172 090 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 713 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 760 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 172 049 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 143 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 281 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 506 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 539 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 705 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 413 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 893 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 369 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 218 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 037 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 237 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 311 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 981 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 369 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 091 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 104 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 937 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 771 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 034 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 976 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 491 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 957 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 808 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 086 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 414 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 824 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 782 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 831 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 784 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 011 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 156 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031