9 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Маңғыстау өңірі ауыл кәсіпкерлігін дамытуды мықтап қолға алды

Маңғыстау өңірі ауыл кәсіпкерлігін дамытуды мықтап қолға алды Бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалы шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөліп отыр. Қазір филиалда шағын кәсіпкерлікті дамытуға арналған көптеген бағдарламалар жұмыс істейді. Соның бірі – «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалы 2013 жылдан бастап «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шағын несие бойынша уәкілетті өңірлік ұйым болып бекітіліп, бағдарламаға қатысушыларға жылдық 6 пайыз сыйақымен шағын несие беріп келеді. Бағдарламалардың ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы ерекше екенін айта кету керек. Бағдарлама аясында жұмыссыз азаматтар, табысы аз азаматтар, өз бетінше жұмыспен айналысушылар ауылдарда кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары тізіміне сәйкес кәсіпкерлікпен айналысуға немесе кәсібін кеңейтуге шағын несие алуларына мүмкіндік бар. Және несие алушының өтінішіне сәйкес несие қайтару мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдік алуына болады», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Мұрат Баймағамбетов.

Биыл аталған бағдарлама бойынша 200 млн.теңге қаралып, 70 жоба қаржыландырылды. Қаражаттың 70 пайызы ауыл шаруашылығын дамытуға берілді.

Сонымен қатар, филиал басқа да бағдарламалар арқылы шағын несиелер береді. Олар – «Шағын жылыжайларды дамыту», «Кәсіпкер», «Мурабаха», «Моноқалаларды дамыту», «Эко-Даму» бағдарламалары. Бүгінгі күнге дейін 123 адамға барлығы 350 млн теңге шамасында несие берілді.

Биылғы жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалы облысымыздағы «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының несиелеу бағыты бойынша өңірлік уәкілетті ұйым болып бекітіліп, өз жұмыстарын жүргізіп келеді. Біздің облысымыздан моноқала қатарына Жаңаөзен қаласы енгізілген болатын. Яғни, несие Жаңаөзен қаласы мен оның әкімшілік аумағына кіретін ауылдардың тұрғындары мен кәсіпкерлеріне беріледі. Несие көлемі 3 млн теңгеге дейін, олар жылдық 6 пайыз сыйақымен ұсынылады. Несие жұмыссыз азаматтарға, аз қамтылған отбасыларға және өз бетінше жұмыспен айналысушыларға беріледі.

Жақында қордың несие бағдарламаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес оларға қосымша «Эко-Даму» бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама бойынша «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың» айналасындағы елді мекендерде ауыл, орман, балық және аң шаруашылықтарында баламалы экологиялық қауіпсіз қызметтерді дамытуға шағын несиелер беріледі. Несие жеке және заңды тұлғаларға, шаруа және фермерлік қожалықтарға, жеке кәсіпкерлерге беріледі. Ең төменгі сомасы – 100 АЕК, ал ең жоғары сомасы – 5400 АЕК. Жылдық сыйақы мөлшері – 4 пайыз. Несиелеу мерзімі – 54 айға дейін.

Бағдарламаға Маңғыстау облысынан Үстірт қорығының айналасындағы Сенек, Құланды, Төлеп, Аққұдық елді мекендері енгізілген.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалы облысымыздағы тек қана ауыл шаруашылығын ғана емес, сонымен бірге, ауылдағы басқа да бизнес түрлерін дамытуға өз үлесін қосып келеді.

Өз кәсібін ашуға немесе кәсібін кеңейтуге шағын несие алам деушілер бизнес жобаларымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Маңғыстау филиалына хабарласуларына болады.
Просмотров материала: 2 590

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 045 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 559 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 138 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 187 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 504 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 625 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 752 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 998 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 220 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 364 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 934 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 130 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 461 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 288 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 114 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 335 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 372 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 057 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 451 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 182 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 172 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 003 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 840 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 116 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 054 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 556 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 099 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 873 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 144 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 511 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 898 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 844 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 904 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 859 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 091 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 230 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031