23 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Блогер Ө.Кенжебек Талғат Бигельдинов туралы 17 дерек жариялады

11 ноябрь 2014, 13:21
Блогер Ө.Кенжебек Талғат Бигельдинов туралы 17 дерек жариялады Танымал блогер Өркен Кенжебек өзінің facebook парақшасында күні кеше өмірден өткен ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры атанған қазақтың даңқты перзенті Талғат Бигельдинов туралы көпшілік біле бермейтін фактілер жариялады. "Қаншама жыл оқулықтан оқып, санамда батыр кейпімен қалған атам туралы естелікті құр туитпен тастағым келмейді. Бигелдиновтай батырлар енді болмайды. Себебі, соғыстың тәсілі басқа, заман басқа" деп жазады Ө.Кенжебек.

Назарларыңызға осы аталған фактілерді ұсынуды жөн көрдік...

1. Талғат Бигелдинов көш кезінде түйеге тіркелген үлкен екі доңғалақты арбада дүниеге келген.
2. Бішкекте жүргенде өгей шешесі дұрыс қарамай, ашқұрсақ қалып, амал жоқ таудан кесіртке, жылан аулап жүрек жалғаған кезі болған.
3. Бала күнінде үйде бие мен сиырды бағып, оны кейін сауатын Талғат болған...
4. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған жалғыз қазақ.
5. Авиация генерал-майоры
6. Екінші дүниежүзілік соғыста ИЛ-2 ұшағымен 305 рет әскери шабуылға шыққан. Егер 330 рет шабуылға шыққанда, үшінші мәрте Кеңес Одағының батыры атағы берілер еді..
7. Фашистер Бигелдиновтың ұшағына «Қара өлім» деген лақап ат берген. Ал әріптестері оны «Қазақтың қыраны» деп еркелеткен. Айтпақшы, оның ұшағының нөмірі 13 болған.
8. Майдан командирі Иван Конев оны «Бақырауық» (Крикун) деп еркелеткен. Себебі, Бигелдиновтың негізгі міндеті барлаушылық еді. Содан оның радиостансасы қуатты. Ол сөйлегенде басқа радиостанса тоқтап қалады екен.
9. Ұшақпен аспанға көтерілген сайын әжесі үйреткен «Ләә хаула уә ләә қууата иллә билләәһил ъалийл ъазиим. Машаа алллаһу кәәна уә мәә ләм яша’ ләм укян. Әл-имәәну иқрарун бил-лисаани уә тасдииқун бил қалби, би мәә жәә-а биһи мин ъиндилләәһи. Мухаммадун расулуллаһ саллаллааһу әлайһи уә салам» дұғасын оқыған.

10. Соғыс кезінде барлығы 500 сағаттай аспанда ұшып, жеке өзі жаудың 7 ұшағын атып түсірген.
11. Бір өзі алғашқы 10 ұшу жорығында-ақ, дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100 шақты гитлершіл мен бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды
12. Соғыс кезінде Харковьтің түбінде оның ұшағы отқа оранады, парашютпен жау территорисына секіреді. Үш сағаттай алқымына дейін батпақта тығылып тұруына тура келеді. Ақыры ұрыс даласын кесіп өтіп, Донның суық суына қойып кетіп, жараланған сол қолына қарамастан жүзіп өтіп, майдандастарына қосылады. Бұдан бөлек соғыста ұшағы тағы екі рет жанып, онда да аман қалады.
13. Соғыстан кейін реактивті ұшақтарды сынаумен айналысты. Бір жолы сынақ ұшуы кезінде апатқа ұшырады, 6 ай бойы ауруханада жатты. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болса да, қайтадан өмірге араласып кетті.

14. Соғыстан кейін азаматтық авиацияның дамуына үлесін қосты. Мысалы, Алматы әуежайын қайта салдырды. Оған дейін Мәскеуге бару үшін сағатына 200 шақырымдық ЛИ-12 ұшағымен әуелі Ташкентке, сосын бірнеше сағат күтіп барып ИЛ-18 ұшағына мінетін. Қайтарда тағы солай.
15. Бигелдиновтың басшылығымен Балқаш, Ақмола, Павлодар, Атырау, Орал, Арқалық, Қызылорда, Тараз, Қарағанды және т.б. қалалардың аэродромдары салынған.
16. Бигелдиновтың басшылығымен Лисаков кен байыту комбинаты, Жамбыл суперфосфат комбинаты, Алматыдағы Республика сарайы, республикалық кітапхана ғимараты, цирк ғимараты салынған. Бұдан бөлек өзінің құрылысшылар ұжымымен барлық облыстарда автодромды автомектептер салғызды
17. Жасы ұлғайған шағында омарташылықпен айналысты
Просмотров материала: 4 189

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 605 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 312 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 807 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 838 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 207 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 908 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 941 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 960 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 985 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 187 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 910 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 036 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 664 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 543 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 573 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 777 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 538 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 945 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 730 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 544 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 391 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 228 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 602 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 477 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 960 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 397 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 293 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 529 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 918 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 268 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 213 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 356 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 292 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 537 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 666 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031