15 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматылықтар "Халықтық IPO-ның" екінші толқынына дайындалуда

28 октябрь 2014, 16:57
Алматылықтар "Халықтық IPO-ның" екінші толқынына дайындалуда «Халықтық IPO» табыс көзіне айналды. Екі жыл бұрын «Қазтрансойл» компаниясының акцияларын сатып алған тұрғындардың пайдасы 33 пайызға дейін еселенген. Енді «Самұрық Қазына» «KEGOC» акционерлік қоғамының акцияларын сатылымға шығармақшы. Алматыда түсіндіру жұмыстары қараша айының басына жоспарланған.

2012 жылы «Халықтық IPO» бағдарламасы басталып, ең алғаш «Қазтрансойл» ұлттық компаниясының акциялары сатылымға шығарылған еді. Оған алматылық Жұмагүл Даушева да қатысып, отбасымен бірге құнды қағаз сатып алыпты. "Зейнетақыма бұл қосымша табыс болды", - дейді ол.

«725 теңгеден бір акциясын алып, ақшамызды 1200 теңгеге көбейтіп, шығарып алдым. Оны KEGOC -ға дайындалып отырмын», - деді халықтық акционер Жұмагүл ДАУШЕВА.

Елімізде өндірілетін мұнайдың 60 пайызын тасымалдайтын аса ірі мұнай құбырының ұлттық операторы «Қазтрансойл» компаниясының акцияларын 34 мың адам сатып алғаны белгілі. Одан 38 млрд теңге табыс келген. Ал акцияның құны екі жылда 33 пайызға дейін көтеріліпті. Дегенмен, соңғы аптада оның 4,62%-ға, яғни 850 теңгеге дейін қайта түскені белгілі болып отыр. Оған геосаяси жағдайлар мен мұнай бағасының арзандауы себеп болса керек. Алайда, сарапшылар келесі жылы «Казтрансойл» акциясы бағасының қайта шарықтайтынына сенімді.

«Оның бағасы түсті, ол компанияның жағдайы нашар болады деген әңгіме емес, әртүрлі жағдайлар мен ақпаратқа байланысты акциялар құны жоғарылап, төмендеп тұруы мүмкін. Менің ойымша 850 теңге болса да, акцияларды сатып алу керек. Себебі келесі жылы сарапшылардың дивидендтерді болжауы бойынша, 150-160 теңгеге дейін дивиденд төленеді деген болжам бар», - деді қаржы кеңесшісі Сайлау ҚАЛИЖАНҰЛЫ.

Яғни, 850 теңгеге акция алса, дивидендтік пайда 20 пайыз көлемінде болады. "Халықтық IPO" пайдасын түсінгендер енді биыл желтоқсан айында сатылымға шығатын «KEGOC» компаниясының акцияларын асыға күтуде. Себебі, оның болашақтағы табысы қолданыстағы тарифтерге тікелей байланысты болмақ. «KEGOC» акциялары ұзақ мерзімді табысты инвестиция болатыны сөзсіз», - дейді мамандар. Оны сатып алу үшін брокерлік ұйымдардан есепшот ашу қажет. Ал алыс елді-мекендерде тұратындар «Қазпошта» арқылы брокерлік компания таңдап, ақша аударуына болады.

«Қараша айының басында «KEGOC» компаниясы роут Қазақстан бойынша шоу өткізеді. Яғни компания өзі туралы, акцияның құны туралы ақпарат береді. Сол кезде біз оның қанша табыс әкелетінін айта аламыз», - деді қаржы кеңесшісі Сайлау ҚАЛИЖАНҰЛЫ.

Халықтық IPO-ға «KEGOC» компаниясы жарияланған қарапайым акцияларының 10% жалпы санынан минус 1 акция орналастыру жоспарланған. Десе де бір адамға сатылатын акциялар шектеулі және бұл бағдарламаға тек Қазақстан азаматы ғана қатыса алады. Ал 2015 жылы «Халықтық IPO-ға» «Самұрық энерго» АҚ акциялары шығарылмақ. 2016 жылы «Қазақстан темір жолы» мен «Қазатомпром» Ұлттық компаниялары қатыстырылады. Алдағы уақытта бұл тізім толыға түсуі де ықтимал.

Ақпарат көзі: "Алматы" арнасы
Просмотров материала: 1 883

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 272 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 776 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 365 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 417 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 717 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 603 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 834 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 996 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 147 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 768 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 056 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 094 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 036 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 985 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 825 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 859 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 128 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 873 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 877 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 840 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 212 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031