2 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Еуропадағы 25 банк дағдарысқа төтеп бере алмайды

28 октябрь 2014, 10:07
Еуропадағы 25 банк дағдарысқа төтеп бере алмайды Бас реттеуші Еуроодақтағы 130 ірі қаржы құрылымының дағдарысқа қаншалықты төтеп бере алатынын тексерген. Нәтижесінде кезінде қара тізімге енген 12 еуропалық банк 15 миллиард еуроға тең капитал тапшылығын жоюда екені анықталды. Тағы 13 қаржылық ұйым алдағы 2 аптаның ішінде жағдайын оңалту үшін шұғыл шаралар қабылдауы тиіс. Бұл туралы Еуропалық Орталық Банк мәлімдеп отыр.

Қаржылық ұйымдардың дағдарысқа қаншалықты төтеп бере алатынын тексерген сынақтың мақсаты - еуроаймақтағы банк жүйесін күшейту. Яғни, «қолайсыз жағдай туындаса, инвесторлардың ізім-қайым жоқ бола ма?», «қаржылық реформалар жалғасын таппай, жабылып қала ма?» немесе «банк ішіндегі тепе-теңдіктің бұзылуы ықтимал ма?» деген сауалдарға жауап іздестірілді. Тексерістің қорытындыларына сай, жағдайы нашар қаржылық ұйымдардың қатарына 4 итальяндық, екі-екеуден словениялық және грек банктері, бір-бірден Австрия, Ирландия, Португалия және Кипрдің белді банктері ілікті. Қара тізімде франктық-бельгиялық Dexia және бельгиялық АХА банктері де бар. Әсіресе Италияның Monte Paschi di Siena банкінің халі мүшкіл. Оның қоржынында 2 млрд-тан астам еуро жетіспейді. Дегенмен бұл жайтқа байланысты Еуропалық Орталық Банк басшылары басу айтып, дүрбелең салуға негіз жоқ екенін мәлімдеуде.

Витор Констансиу, Еуропалық Орталық Банктің вице-президенті:

- Банктердің жартысына жуығы капиталдарын 60 млрд еуроға арттыру шараларын қолға алды. Тестті шенеуніктер мен жекеменшік сарапшылар өткізді. Оның мақсаты - экономиканы қалпына келтіру кезінде банктерді несиелендіруге шектеулер қойылмауын қамтамасыз етуде.

Ал Бельгиядағы екі бірдей қаржы құрылымының Еуропалық Орталық Банк сынынан өтпей қалуы жергілікті тұрғындарды алаңдатпай қоймады. Осы жағдайға байланысты елдің Ұлттық банк басшысы былай дейді.

Люк Коэн, Бельгия Ұлттық банкінің төрағасы:

АХА банкіндегі жағдайды оңалту ісі осы жылдың басынан бері жүргізіліп келеді. Қаржылық ұйым қорын 225 млн еуродан асырған соң, алаңдаудың ешқандай қажеті жоқ. Еуропалық Орталық Банкі осы тексерістің қорытындылары бойынша, Dexia банкінің нарықтан қалыс қалып бара жатқанын және 2011-жылы оған мемлекет тарапынан көмек көрсетілгенін назардан тыс қалдырмады. Сондықтан барлық жайт бақылауға алынды деуге негіз бар.

Қалай болғанда да, тағы бір әлемдік дағдарыс төне қалса, Еуропаның жетекші банктері сақадай-сай болуы қажет. Сол себепті де таяуда жүргізілген кешенді бақылау банк салаларындағы олқылықтарды жоюға септігін тигізбек. Осыған орай, сынақтан өтпей қалған банктердің жағдайын қалпына келтіруге негізделген тәуелсіз қадағалау шаралары 4қарашадан бастап қолға алынбақ.
Просмотров материала: 1 582

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 225 055 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 757 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 251 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 291 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 654 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 987 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 015 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 355 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 048 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 070 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 267 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 933 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 061 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 683 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 565 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 608 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 795 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 555 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 964 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 745 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 556 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 408 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 252 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 625 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 497 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 984 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 424 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 311 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 545 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 945 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 291 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 230 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 375 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 307 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 560 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 683 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30