2 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2015 жылдан бастап инвесторларға салықты бөліп төлеуге мүмкіндік жасалады

20 октябрь 2014, 11:47
2015 жылдан бастап инвесторларға салықты бөліп төлеуге мүмкіндік жасалады Келер жылдан бастап инвесторлар салықты бөліп төлей алады. Тауарларын шекарадан жарты сағатта-ақ өткізеді. Бұл туралы Алматыда өткен инвестициялық форумда белгілі болды. Мұның барлығы елімізге шетелдік инвесторларды көптеп тарту үшін жасалған игіліктер.

"Алматы" арнасының хабарлауынша, елімізде сыртқы және ішкі инвесторлардың әлеуетін арттыру мақсатында үкімет жан-жақты жұмыс жасауда. Оған 12-ші маусымда Елбасы қол қойған заң жобасы сеп болған. Жаңа заңнамаға сәйкес, отандық және сырттан келген инвесторлар ұжымдық табыс және жер салығынан 10 жылға, ал, мүлік салығынан 8 жылға босатылады. Ал қандай да бір нысанды іске қосқаннан кейін, мемлекет құрылысқа салынған ақшаның 30 пайызын өтейтін болады. Тағы бір айтатыны, қазір бизнесмендердің бас ауруына айналған жұмыс күші мәселесі де өз шешімін тауыпты.

«Ашылған жаңа мекемеге жұмыс күшін тарту үшін инвесторлар жергілікті әкімдік пен басқармалар арасында құжат жинап, жүгірумен көп уақытын жоғалтатын. Осыған орай үкімет тарапынан жаңа шешім шықты. Яғни инвесторлар шетелден тартқан жұмыскерлерлеріне бір жылға дейін квота алмай-ақ бизнесін жүргізуге рұқсат берілмек», - деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Айта кететіні, елімізге шетелдік капиталмен бірге білікті мамандар да келеді. Осы ретте екі қоянды бір оқпен атып, қаржымен қатар, өзге елдің шеберлерінен тәжірибе алмасатын боламыз. Сарапшылардың есебінше өткен жылы сырттан кірген қаржы 6 триллион теңгеден асып жығылыпты.

«Биыл 500 миллиард теңге бөлінді. Оның 100 миллиарды шағын және орта бизнесті қолдауға жұмсалған. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған. 8 айдың есебінше қаланың экономикасы 20 пайызға, шағын бизнесті несиемен қамтамасыз ету 40,5 пайызға артқан», - деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

Ел үкіметі сырттан келген инвесторларға салықтық кепілдік беріп отыр. Бірақ, қосымша құн салығы және акциз салығы оған кірмейді. Яғни, шетелдік кәсіпкерлер үшін салық құны өспейді. Естеріңізге сала кетсек, елімізге келіп, өндірісін өркендетемін деушілер үшін «бір терезе» жобасы жұмыс жасамақ. Яғни, шетелдік іскер өз жұмысын жүргізуге рұқсат алу үшін мемлекеттік мекемелерді аралап жүрмейді. Кәсіпкердің орнына «бір терезе» қызметкерлері қажетті құжаттарды өздері жинайтын болады. Осындай мүмкіндікпен жайлы заң ұсынған мемлекет ісін шет елдік сарапшылар оң бағалап, таңданыстарын жасырмады.

«Мен 50 жылға жуық әлемнің әр түкпіріне инвестиция құйып келем. Сіздердің елдегі кәсіпкерлерге арналған заңды оқып шығып таң қалдым. Заңнамада инвестор айтылған жоспарын орындамайынша, басқа іспен айналысуға тиым салынады делінген. Осыған қарап, ел экономикасында тұрақтылықтың бар екенін аңғардым. Бұл инвесторлар үшін ең басты қажеттілік», - деді Инвестициялық компания басшысы Джим РОДЖЕРС.

Бүгінгі инвестиция форумда 2015 жылдың бірінші қаңтарынан бастап кәсіпкерлер тауарын 30 минут ішінде шекарадан өткізу мүмкіндікдігіне ие болатыны айтылды. Яғни, осы уақыт аралығында кеденшілермен қатар, салық инспексиясы және тазалық-індет мамандары тауарды толық тексеріп, шекара сыртына шығарып салулары қажет. Аталған жеңілдіктер шетелдік және отандық кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Сондықтан да 2015 жылы Қазақстанға қаржы құятын инвестиция саласы 2 есеге артады деп күтілуде.
Просмотров материала: 1 750

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 225 096 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 224 799 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 224 292 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 224 332 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 224 695 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 988 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 016 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 356 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 050 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 071 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 268 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 933 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 062 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 683 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 566 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 609 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 796 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 555 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 964 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 745 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 556 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 408 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 253 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 626 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 497 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 984 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 425 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 312 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 545 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 945 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 291 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 231 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 375 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 307 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 560 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 683 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30