18 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді

18 октябрь 2014, 19:07
Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

«Азия-Еуропа» форумының 10-саммитіне қатысқан Мемлекет басшысы Миланнан қайтар жолда сапарын қорытындылады, сондай-ақ Бельгия Корольдігі мен Беларусь Республикасына жасаған соңғы сапарларының нәтижелері туралы әңгімеледі.

Қазақстан Президенті әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдары халықаралық нарықтарға, соның ішінде біздің елімізге де әлі теріс ықпал етіп отырғанын айтты. Бұл орайда Нұрсұлтан Назарбаев соңғы айда болған сапарлар түрлі мемлекеттермен арадағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталғанын, бұлар Қазақстанның іскерлік байланыстарын нығайтуға және экономикасын әрі қарай дамытуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Брюссельде қол қойылған ҚР мен ЕО-ның кеңейтілген серіктестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы бойынша алты жыл бойы жүргізілген келіссөздердің аяқталғандығы жөніндегі құжаттың маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында Еуропалық одақпен екіжақты келіссөздерінің аяқталғандығы туралы құжат та айрықша мәнге ие.

Қазақстан Президенті еліміздің ЕО мемлекеттерімен тауар айналымы 53 миллиард долларды құрайтынын және аталған келісім тараптардың арасындағы өзара іс-қимылды бұдан да қарқынды ету үшін мүмкіндіктер тудыратынын айтты. Бұл қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді және ел экономикасына оң әсер етеді.

Миландағы саммитке тоқталған Нұрсұлтан Назарбаев оның тұжырымдамасы негізгі тармақтарының бірі Еуропа мен Азияның арасындағы тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту болып саналатын «Еуразиялық идеямен» үндес екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысы 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан салиқалы шараға Орталық Азия елдерінің ішінен тек Қазақстанның ғана шақырылғанын айтты.

Қазақстан Президенті мұндай форумдар өзге мемлекеттердің басшыларымен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік беретіндігіне тоқталды. Атап айтқанда, саммит жұмысының бір жарым күні ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания, Жапония, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Венгрия, Италия және Нидерланд көшбасшыларымен кездесулер өткізді.

Мемлекет басшысы олармен өткен келіссөздер ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге, сондай-ақ өзара іс-қимылды дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға бағытталғанын мәлімдеді.

- Бұл кездесулер еліміздің әлемдік аренадағы беделін көтереді, жаһандық экономикадағы күрделі ахуал жағдайында Қазақстанға инвестиция тарту мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ республикамызға деген оң көзқарас қалыптастырады. Көптеген елдер қаражаттарын Қазақстанға салуға ұмтылады, ол экономиканың дамуын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы саммитке қатысушылар Миланда Украинадағы жағдайды реттеу мәселелерін кеңінен талқылағанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жанжалдың түйінін тек қана келіссөздер жолымен шешкен жөн екенін, Қазақстан өз тарапынан ол үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
Просмотров материала: 2 035

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 218 283 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 217 960 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 217 467 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 217 506 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 217 878 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 608 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 642 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 965 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 636 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 684 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 879 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 818 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 925 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 581 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 455 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 407 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 693 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 438 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 847 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 642 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 461 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 304 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 156 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 505 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 391 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 881 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 237 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 210 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 449 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 842 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 192 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 277 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 214 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 448 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 590 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930