18 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шәкәрім еңбектері түрік тілінде жарық көрді

16 октябрь 2014, 10:27
Шәкәрім еңбектері түрік тілінде жарық көрді Халықаралық Түркі академиясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықовтың түрік тілінде жарық көрген «Şakarim» (Шәкәрім) атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Танымдық-ғұмырбаяндық жанрдағы аталмыш кітап Анкара қаласындағы «Bengu» (Мәңгі) баспасынан шыққан. Оның тұсаукесеріне Қазақстан мен Түркияның ғалымдары, зиялылары мен мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Еуразия жазушылар одағының қолдауымен жарық көрген еңбек – Шәкәрімді түрік оқырмандарымен қауыштырып отырған тұңғыш кітап. Көптеген ғалымдар Түріктің әйгілі ақыны Юнус Эмре мен Шәкәрім поэзиясында бірқатар сабақтастықтардың бар екенін айтады. Яғни, бұл кітап түрік оқырмандары үшін де маңызы жоғары рухани дүниелердің біріне айналары сөзсіз.

Кітапта автор Шәкәрім Құдайбердіұлының ғұмыры мен қазақ руханиятына сіңірген өлшеусіз еңбегін жаңаша саралап, көптеген көмескі деректерді айқындай түскен.

Тұсаукесер рәсімінде былтыр Түркі әлемінің мәдени астанасы болған Ескішеһирдің әкімі, Ескішеһир 2013 Түркі дүниесінің мәдени астанасы Агенттігінің Басқару Кеңесінің Төрағасы Гүнгөр Азим Туна туыс екі ел басшыларының бауырластыққа негізделген саясаты ынтымақтастықты тіптен нығайта түскеніне тоқталып, «рухани салада мұндай салиқалы дүниенің түрікшеге аударылуы ауыз толтырып айтарлық зор жетістік» деп бағалады. Сонымен қатар ол Ескишехир қаласының мұндай игі істерді жалғастыра беретінін атап өтті.

Еңбек қазірдің өзінде Түркия Республикасының бірқатар қаламгерлері тарапынан жоғары бағаланып, үлкен қызығушылық тудырыпты. Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуп Өмероғлы барша түрік оқырмандарына кітапты оқып шығуға кеңес беретінін айтты. Ол «Шәкәрім» кітабынан қазақ зиялылары, Алаш арыстары мен олардың арпалысқа толы кезеңдері жайлы толымды мәліметтер алып, соны деректерге қанық болған.

«Түбі бір елдердің мәдени байланыстарын тереңдетуде өз үлесін қосып отырған Халықаралық Түркі академиясы түркі әлемінің жарқын келешегі үшін көптеген игі істер атқарады деп сенемін», — деді Якуп Өмероғлы.

Өз кезегінде Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, профессор Ғарифолла Есім сынды белгілі тұлғалар өз дәуірінің озық ойшылы Шәкәрімді тануға түрік тілін білетін жүз миллиондаған адамға жол ашылғанына ерекше тоқталды.
Просмотров материала: 2 154

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 835 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 204 471 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 963 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 204 023 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 204 386 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 905 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 959 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 267 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 897 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 972 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 158 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 667 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 697 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 457 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 317 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 992 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 554 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 261 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 661 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 475 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 340 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 174 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 033 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 356 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 254 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 776 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 091 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 325 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 703 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 075 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 018 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 142 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 089 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 290 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 448 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930