24 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Ұлы Дала Бояулары» атты қазақстандық ұялы фотоальбом-қосымшасы жарыққа шықты

15 октябрь 2014, 18:04
«Ұлы Дала Бояулары»  атты  қазақстандық ұялы фотоальбом-қосымшасы жарыққа шықты «Ұлы Дала Бояулары» (Colors of Great Steppe) атты қазақстандық ұялы фотоальбом-қосымшасы жарыққа шықты. Енді планшетті компьютерлерге қазақ даласының көркем суреттерін жүктеп, қолдануға болады. Бұл туралы 15 қазан күні Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде мәлім болды.

«Ұлы Дала Бояулары» ұялы телефондарға арналған фотоальбомы iOS және Android операциялық жүйелеріндегі планшеттік компьютерлерге арналған. Альбом «Алдоңғар» мәдениетті дамыту қоғамдық қорының бастамасымен және «Scribe Wizard» сандық баспасының көмегімен жарыққа шықты. Ұлы Дала Бояулары» ұялы қосымшасы ‒ «Алдоңғар» қорының ірі баспа жобасы «Ұлы Дала Бояуларының» жалғасы іспетті. Қазір бұл альбомның қысқаша нұсқасы тегін таратылып, ал, толық нұсқасы AppStore және Google Play дүкендерінде сатылымға шығарылды. «Ұлы Дала Бояулары» ұялы қосымшасында Қазақстанның аймақтарының табиғатын, тарихын және этнографиясын таныстыратын 1000-нан аса фотосуреті бар

Мұндай фотоальбомды шығарудағы мақсат – отандық және шетелдік қауымды заманауи фотосурет арқылы Қазақстан табиғатының бірегей байлығымен, тарихының тереңдігімен, дара ерекшелігімен және әдени сан-алуандығымен таныстыру. Жоба туралы оның авторы және басшысы, бизнесмен және кинопродюсер Борис Чердабаев: «Қазақстанның әр өңірі – табиғат пен мәдениеттің бірегей маржаны, бұл біздің келешек ұрпақ үшін сақтап жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл әлемге мақтанышпен көрсетуіміз тиісті еліміздің нағыз байлығы», - дейді

Бүгінгі таңда фотоальбомның төрт түрлі нұсқасы: «Шежіре сағасы» (Атырау облысы), «Әлем айнасы»( Жамбыл облысы), «Жетісу – қайта табылған жаннәт» (Алматы облысы) және «Сары Арқа – Еуразия жүрегі» (Қарағанды облысы) атты альбомдар қолданысқа жіберілді. Ал, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары туралы альбомдар баспаға дайындалып жатса, Павлодар және Қызылорда өлкесінің түсірілімдер жақында аяқталды. Қалған облыстар бойынша басылымдарды 2016 жылға дейін шығару жоспарланып отыр. Ал, жоба соңында Қазақстанның бүкіл аймақтарының ең үздік фотосуреттері енетін альбом шығарылады.

«Ұлы Дала Бояулары» жобасына тек эксклюзивті фотоматериал енгізілген. Әрбір альбоммен жасап шығару үшін орташа есеппен бір жыл жұмсалады. Осы уақыт ішінде қазақстандық фотографтар Николай Постников пен Олег Белялов әртүрлі климат жағдайларында табиғатты, жануарлар мен өсімдік әлемдерін суретке түсіріп алу үшін маусымдық фотоэкспедицияларды жүргізді. Олар ең заманауи фотосурет түсіру жабдығын қолданды. Авиация мүмкіндіктерін пайдалану арқылы Қазақстанның қиыр аймақтарына жетіп, құстың ұшар биігінен еліміздің қайталанбас сұлу ландшафтыларының аса бағалы көріністерін кадрға түсіреді.

Фотоальбомның тағы бір ерекшелігі ‒ кейбір фотосуреттерге белгілі қазақстандық ақын Бақыт Қайырбековтың арнайы жазған көркем лирикалық туындылары енгізілген.

Баспасөз мәжілісіне қатысқан журналистер мен блогерлер iOS немесе Android операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын өздерінің планшеттеріне «Ұлы дала Бояулары» қосымшасының толық нұсқасын тегін жүктеуге мүмкіндік беретін арнайы сыйлық сертификаттарын алды.
Просмотров материала: 1 925

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 163 052 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 883 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 510 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 551 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 839 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 596 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 739 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 949 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 804 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 986 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 765 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 552 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 188 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 041 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 865 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 035 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 144 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 814 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 193 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 923 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 933 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 765 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 608 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 862 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 813 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 318 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 764 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 643 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 903 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 239 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 644 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 618 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 657 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 610 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 840 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 985 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031