16 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ІІМ-де қылмыспен күрес жолдары айтылды

15 июль 2022, 11:21
ІІМ-де қылмыспен күрес жолдары айтылды
Ішкі істер министрлігінде алты айдың жұмысы қорытындыланған алқа отырысы өтті. Алғаш рет ашық форматта ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Қанат Сейдғапбаров, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қауіпсіздік және құқық тәртібін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, Бас прокурорының міндетін атқарушы Тимур Тәшімбаев және ведомствоның қоғамдық кеңес мүшелері, қызмет басшылары қатысты.

Бұл туралы Polisia.kz сайтының тілшісі хабарлайды.

Сондай-ақ аймақтық құрылымдардың және министрлікке қарасты оқу орындарының қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары мен өңірлік прокуратура өкілдері онлайн қосылды.


Полицияға құқық бұзушылықтың профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес бойынша тікелей міндеттер жүктелген. Елімізде тіркелген барлық қылмыстың 96%-ын тергейді. Әкімшілік құқық бұзушылықтың 97%-ның жолын кеседі. Бірақ министрліктің қызметі тек осы салалармен ғана шектелмейді, – деді министр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі істер органдарына жүктеген тапсырмаларына тоқтаған Марат Ахметжанов елдегі қылмыстық ахуал туралы да айтты. Өткен жылмен салыстырғанда биыл алты айда қарақшылық 25%-ға, зорлау 11%-ға, бопсалау 12%-ға, мал ұрлығы 23%-ға азайған. Есесіне ұрлық пен тонау көбейген, деді министр. Оған«қаңтар оқиғасының»әсері де бар. Ұрлықтың ең жоғары деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында.

Марат Ахметжанов мал ұрлығына тоқталды. Бұл – Президент назар аударған, ауыл халқы үшін өзекті мәселе.

Жыл басынан бері Алматы облысында 800-ден астам, Ақмола мен Жамбыл облыстарында 500-ден астам, ал Түркістан облысында 400-ге жуық мал ұрланған. Тек Павлодар облысында ғана биыл мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 170-ге жуық ірі қара ұрлап, ауыл адамдарына миллиондаған шығын келтірген, – деді Марат Ахметжанов.

Қолды болған малдың 70%-ы қараусыз қалған. Бұл – жол қозғалысына қауіп, қылмыскер үшін оңай олжа. Сондықтан жергілікті әкімдіктермен учаскелік полицейлер тығыз жұмыс істеуі керек, деді Марат Ахметжанов.

Қазір бейнебайланыс арқылы облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысып отыр. Сіздерге айтарым! Бұл мәселеде ортақ жауапкершілік болу керек. Өңірде болып жатқан барлық мәселер сіздерге де қатысты. Мал ұрлығынан зардап шегіп жатқан сіздердің өңірдегі тұрғындар! Азаматтардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау керек. Жұмыс тек қылмыстардың салдарымен күресумен шектелмеу керек, – деп атап өтті министр.

Министрлік есірткі қылмысымен күресте де ауқымды жұмыстар атқаруда. Биыл 3,5 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Үш тоннадан астам есірткі тәркіленді. 84 келісі «синтетика», 21 есірткі зертханасы жойылып, үш ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қылмыспен күресіп қана қоймай, қауіпсіздікке жауапты екенін баса айтқан болатын. Тәртіп сақшысы халыққа жақын, ісіне адал болуы керек.Осы орайда министр мемлекет басшысының келісімімен ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздікті қоғам өкілдерімен бірге қамтамасыз ету тұжырымдамасын қолға алды. Ол озық тәжірибеге негізделген. Халық сұранысына сай шетелдік әдістер де ескеріледі Концепция уәкілетті органдар арасында байланысты арттыру, заңбұзушылықты жойып, сервисті жұмысты күшейтуді көздейді. Негізгі бағыт – құқық бұзушылықтың тиімді профилактикасы.


Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық туралы 70 мың хабарлама түсті. 43 мың жағдайда шақырушы арыз беруден бас тартқан. Бірі жәбірлеушісімен татуласса, енді бірі қайталанатын қоқан лоққыдан қорқады. Бұл жерде тәртіп сақшысының өкілеттігі шектеулі. Арыз болмаса, заң бұзушы жауапқа тартылмайды. Сондықтан қоғамда тұрмыста зомбылық көрсеткендерді қылмыстық жауапқа тарту керек деген ұсыныс та көбейді.

Министр тұрмыстық қылмысқа қатысты заңнамаға түзету енгізіп, әкімшілік қамауға алу мерзімін ұлғайтып, ескерту орнына қоғамдық жұмысқа тарту керектігін айтты. Арыз қабылданған соң тараптарға татуласуға бір ғана мүмкіндік беріледі, онда да сот алдында. Бұл түзетулер әбден пысықталып, мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді. Алқа отырысында жол ережесін бұзғандарды анықтайтын «Қорғау» бағдарламасының жұмыс қорытындысы жарияланды.«Қорғау» қосымшасы еліміздің бес қаласында іске қосылған. Оның көмегімен Шымкентте 130 миллион теңгеге айыппұл салынған 1400 көлік анықталды. Нәтижесінде жол бойындағы апат пен өлім үш есе, жарақат алу жағдайлары екі жарым есе азайды.

Сондай-ақ «Қорғау» бағдарламасы арқылы «жалған» нөмір пайдаланған 266 жүргізуші ұсталды. Жол ережесін бұзып, жауаптан қашатындар жалған нөмірді тағуды жиілеткен. Ішкі істер министрлігі олардың жазасын күшейту үшін бір жыл жүргізуші құқығынан айырып, бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды ұсынды.

Ашық форматта өткен алқалы жиында министр ішкі істер органдарын цифрландыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сондай-ақ елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына да тоқталды.

Өңірдегі полиция департаменттерінің басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, негізгі міндеттерді еске салды. Басты талап – ашықтық пен халыққа жақын болу.

Просмотров материала: 1 359

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 504 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 175 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 671 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 707 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 084 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 366 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 397 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 363 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 436 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 624 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 756 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 843 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 532 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 407 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 641 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 378 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 779 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 580 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 415 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 259 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 457 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 343 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 820 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 110 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 408 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 793 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 151 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 087 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 225 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 164 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 384 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 535 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31