6 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әкімдер жыл сайын әр 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс – президент

14 июль 2022, 12:03
Әкімдер жыл сайын әр 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс – президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданса да, оның жұртқа тигізіп жатқан пайдасы шамалы екенін айтты. Президенттің сөзінше, ең әуелі жергілікті жерлерде тиімді жұмыс болуы керек.

Мемлекет басшысының сөзінше, халықты жұмыспен қамтуда жауапкершілік әкімдерге жүктеледі.

Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс. Менің білуімше, бұл бағытта нақты нәтиже жоқ. Тағы да ескертемін. Өңір басшыларының жұмысын бағалаған кезде осы көрсеткішке баса мән береміз. Жұмыс орындарын ашу жұрттың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Экономиканың тұрақты дамуы да осыған байланысты. Сондықтан үкімет әкімдермен бірлесіп, бұл міндеттің қалай орындалып жатқанын талдауға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, халық саны өскен сайын тұрақты жұмыс орындары ашылуы керек. Бірақ Маңғыстау облысында осы мәселе ескерілмеген.

Маңғыстауда жөнсіз жүргізілген көші-қон саясатының салдарынан күрделі ахуал қалыптасып отыр. Тұрғындардың саны көбейгенімен әлеуметтік инфрақұрылым салынған жоқ. Жұмыс орындары ашылмады. Тұрмыс сапасы төмендеп кетті. Жұрт «ҚазМұнайГаз» компаниясына жұмысқа тұрғызуды, жоғары жалақы беруді талап етіп отыр. Ашығын айтқанда, Жаңаөзендегі кен орындарының көпшілігі сарқылып барады. Бұл жағдай баршаға мәлім. Кейінгі 15 жылда осы өңірде мұнай өндіру ісі 30% азайған. Соған қарамастан,жұмысшылар саны 50% көбейді. Еңбекақы төлеу қоры 10 есе артты. Ал көп жалақы төленетін үш өңірдің бірі – осы Маңғыстау өлкесі.

Тоқаев келтірген дерекке сүйенсек, Жаңаөзен орташа еңбекақының ең жоғары деңгейі бойынша көш бастап тұр. Үкімет Жаңаөзенді дамыту үшін арнайы жоспар қабылдады. Республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөліп, салықты азайтып отыр. Осындай тікелей қолдау шаралары еліміздің басқа облыстарының есебінен жасалып жатыр.

Сонымен қатар президент үкіметке ішкі экономикалық ресурстарды жұмылдыратын жаңа тәсілдер әзірлеуді тапсырды. Оның айтуынша, халықты өзге аймақтарға көшіру бағдарламасын түбегейлі қайта қарау керек. Себебі Отанына оралған қандастар тек бір өңірмен, атап айтқанда Маңғыстау өңірімен шектелмеуі керек.

Жұрттың бәріне мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беру мүмкін емес. Мұны ашық айтуымыз керек. Үкіметке ішкі экономикалық ресурстарды жұмылдыратын жаңа тәсілдер әзірлеуді тапсырамын. Бұл ретте халықты өзге аймақтарға көшіру бағдарламасын түбегейлі қайта қарау керек. Біз тарихи Отанына оралған қандастарды толық қолдаймыз. Бірақ тек Маңғыстау өңірімен шектелуге болмайды. Басқа облыстарға, соның ішінде өндірісі дамыған аймақтарға қоныстануға болады. Біз қажет жағдайды жасауға дайынбыз. Қазіргі заманда өңірлерде, елдерде, тіпті, құрлықтарда жұмыс күшінің көші-қоны жүріп жатыр. Бұл заңды құбылысқа айналды. Осы үрдіске біздің азаматтар да үйренуі керек. Көрші елдердің азаматтары бұл жағдайға жақсы бейімделді. Біз қандастарымыздың барлық салада, соның ішінде мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін қалаймыз. Олар Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосады деп сенемін, – деді мемлекет басшысы.
Сонымен бірге президент жастарды жұмыспен қамту туралы да сөз қозғады. Оның дерегінше, жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жастар шығады. Сондықтан мемлекет басшысы үкімет пен облыс әкімдері осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс екенін атап өтті.

Елімізде өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатыр. Бірақ нақты шараларға қарамастан жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келеді. Кейбір аймақта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары – соның қатарында. Үкімет және облыс әкімдері осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Жыл аяқталғанда тиісті қорытындысын шығарамыз.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Просмотров материала: 1 658

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 203 256 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 883 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 202 375 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 202 434 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 202 797 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 821 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 875 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 183 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 805 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 877 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 063 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 640 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 672 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 443 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 297 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 924 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 540 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 237 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 637 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 454 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 326 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 158 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 014 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 336 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 236 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 725 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 703 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 073 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 307 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 687 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 063 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 004 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 124 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 069 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 273 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 427 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930