8 сентября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Russian Film Festival аясында ресейлік танымал сериалдар мен фильмдер қазақ тіліне аударылып, IVI онлайн-кинотеатры платформасында қолжетімді болады

13 июль 2022, 18:31
Russian Film Festival аясында ресейлік танымал сериалдар мен фильмдер қазақ тіліне аударылып, IVI онлайн-кинотеатры платформасында қолжетімді болады
11-ші шілде мен 1-ші тамыз аралығында қазақстандық көрермендер алты ресейлік картинаны, соның ішінде қызықты спорттық драмалар мен комедияларды, бірегей сериалдар мен мультфильмдерді қазақ тіліндегі субтитрлермен көре алады. Фильмдер жазғы және мектеп демалысы бағдарламасына керемет үлесіп тұр. Russian Film Festival фильмдерін IVI онлайн-кинотеатрында RFFKZ промокоды арқылы тегін көруге болады. http://www.ivi.ru/collections/RFFKZ.

Russian Film Festival брендтегі ресей киносының апталығы Қазақстанда екінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Фестивальді РОСКИНО компаниясы Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастыруда.

РОСКИНО-ның Бас директоры Инна Шалыто:

«Қазақстанда Russian Film Festival-дің өтуі – елдеріміз арасындағы мәдени диалогты сақтау, сондай-ақ кинематография саласындағы байланыстарды дамыту үшін маңызды бастама. Біз ресейлік кино апталығының жаңа бағдарламасымен Қазақстанға оралғанымызға қуаныштымыз. Бұл жолы көрермендер жаңа ресейлік фильмдермен және анимациялармен ғана емес, сонымен қатар сериалдармен де таныса алады. Олар ресейлік ең ірі IVI онлайн-кинотеатрларымен ынтымақтастығымыздың арқасында Қазақстанда алғаш рет RFF бағдарламасында пайда болады. IVI топтамасында – IVI Originals бөлімшесі жасап шығарған, Ресейдегі нағыз халықтық хитке айналған көптеген бірегей сериалдар бар. Аталмыш туындылар қазақстандық аудиторияның талғамына сай келетініне үміттенемін».

Александр Праздников, IVI онлайн-кинотеатрының халықаралық даму жөніндегі директоры:

«Біз үшін Қазақстан көп жылдар бойы бизнесті дамытудың басым нарықтарының бірі болып келеді. Біз жергілікті киностудиялармен табысты жұмыс жүргізе келе, арада өзара түсіністік қалыптасқанын байқаймыз. Біздің жобалар Қазақстанда көптеп қаралады, ал қазақстандық туындылар ресейлік аудиторияға қатты қызығушылық тудырып отыр. Олардың көбі бізде эксклюзивті түрде қолжетімді. Сондықтан біз Russian Film Festival-дің серіктесі болуға және қазақстандықтарға IVI жазылымында біздің үздік фильмдеріміз бен сериалдарымызды қазақша субтитрмен көруге мүмкіндік беруге қуаныштымыз».

Russian Film Festival бағдарламасы аясында IVI-де ұсынылатын туындылар:

– «Бір тыныс» спорттық драмасы (реж. Елена Хазанова, 2020) – «фридайвинг патшайымы» Наталья Молчанованың өмір тарихына негізделген. Наталья осы экстремалды спорт түрімен тек 40 жасында айналыса бастаған. Ол 40-тан астам әлемдік рекорд орнатып, бірнеше әлем чемпионы атанды. Ресейде Фридайвинг Федерациясын құрды. Наталья Молчанова 9 минут демін ұстап, 100 метр тереңдікке аквалангсыз кірген әлемдегі алғашқы әйел болды. Бұл ашық теңізде жүз метр тереңдікте түсірілген алғашқы орыс көркем фильмі. Басты рөлде Виктория Исакова. IVI онлайн-кинотеатры осы туындының тең продюсері болды.

– «Футбол емес» комедиясы (реж. Максим Свешников, 2021) – балалық арман, толыққанды өмір және әйелдер футболы жайлы қалыптасқан стереотиптерді бұзатын, жігер беретін комедия. Жарқын кейіпкерлерден құралған команданы Ресейдің басты жас актрисасы Любовь Аксенова басқарады, ол Егор Корешковпен сенімді дуэт болып бірігеді. Аксенованың кейіпкері, әйелдер футбол құрамасының капитаны Даня өз командасын ыдыраудан құтқаруға тырысады. Ол бала кезінде доп теуіп ойнап жүрген мектеп кездегі қыздарын жинайды. Сондай-ақ, оларға ересек адам ретінде жаңа ойын ұсынады. Футболшылар тек спортта ғана емес, өмірде де жетістікке жету үшін бірқатар жауапты матчтарға төтеп берулері керек.

– «Мейірімділік» мелодрамалық сериалы (реж. Анна Меликян, 2020) нағыз халық хитіне айналған танымал ресейлік әйел режиссерінің туындысы. Ірі компанияның қаржы директоры Елена іссапар кезінде күтпеген жерден өзінің арманындағы адамды кездестіріп, күтпеген жерден оны жоғалтады... «Мейірімділік» туындысы жұлдызды актерлік кастпен ерекшеленеді. Жобада Виктория Исакова, Евгений Цыганов, Константин Хабенский, Анна Михалкова, Юлия Пересильд, Равшана Куркова және басқа да жұлдыздар ойнайды. Сериал iPhone-мен ақ-қара стилистикасында түсірілген. Мұндай әдіс режиссерге түсірілім алаңында ерекше сенімді атмосфера құруға және көрерменді кеңестік лирикалық киноның атмосферасын сезуге мүмкіндік берді. Платформада көрсетілімдердің бірінші айында сериалда 4 миллионнан астам қаралым болды.

– «Тағы да сәлем бердік!» (реж. Егор Чичканов, 2022) – басты рөлде Андрей Мерзликин ойнайтын жоғары қарқынды, ирония мен драйвқа толы сериал. Сериал өлімнен қайта тірілген қарақшы Бористің өмірін баяндайды. Бұл жоба IVI -дегі барлық ресейлік сериалдардан 1,5 миллион үйде отырып қарағандардың санына тез жетті. Қазіргі таңда сериалдың екінші маусымы түсірілуде.

– «Супермяу» анимациялық сериалы (реж. Татьяна Мошкова, Андрей Жидков, 2021) – сүйкімді мамықты кейіпкерлері бар, шытырман оқиға толы мультхикая. Оның авторы осы туындымен аттас кітап сериясын жасаушы, продюсер Олег Рой. Таңғажайып күштері бар бес батыл марғау супербатырлар мектебіне түседі. Олар әлі өз таланттарын ашып, нағыз команда болулары керек. Бірақ, бұл кезде суперзұлымдар академиясының директоры оларды өз жағына тартуды жоспарлайды. «Супермяу» – 4-6 жастағы балаларға арналған супербатырлар туралы алғашқы ресейлік анимациялық сериалы.

– «Үлкен саяхат» анимациялық комедиясы (реж. Василий Ровенский, Наталья Нилова, 2019) – ресейлік мультипликаторлар тобының және «Мадагаскар» авторларының бірі Билли Фроликтің жобасы. Түсінбеушіліктің нәтижесінде қоңыр аю Мик-Мик дегелектен кішкентай панда алады. Көңілді жануарлар компаниясымен бірге ол баланы нағыз ата-анасына жеткізу үшін алыс Қытайға аттанады...

IVI-дің көлемді катологына жетекші халықаралық және ресейлік өндірушілердің жұмыстары кіреді. Тіркелушілер офлайн режимде фильмдер мен мультфильмдерді жүктеп көре алады. Сервис кез келген ыңғайлы құрылғыда: web-интерфейсте, смартфондағы, планшеттегі немесе Smart TV-дегі қосымшада қолжетімді.

Анықтама

Russian Film Festival (https://rff.online /) – Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің қолдауымен РОСКИНО-ның 2020 жылдан бері өткізіп келе жатқан шетелдегі орыс киносының апталығы. RFF-тің негізгі мақсаты – шетелдік көрерменді заманауи ресейлік контенттің алуан түрлілігімен таныстыру: әр жанрдағы көркем фильмдер мен сериалдардан бастап анимация мен деректі фильмдерге дейін. 2020-2021 жылдары фестиваль 23 елде өтіп, миллионнан астам көрерменді жинаған болатын. RTF форматы онлайн-көрсетілімдерді де, офлайн-шараларды да қамтиды.

IVI – ай сайын 50 миллионнан астам бірегей қолданушылары бар ең ірі ресейлік онлайн-кинотеатр. TM Consulting мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша IVI табыс көлемі бойынша 26% үлесімен стримингтік сервистер сегментінің көшбасшысы. 2021 жылы компанияның кірісі 35%-ға, 11,9 млрд рубльге дейін өсті.

IVI Originals – Ресейдегі ең ірі IVI онлайн-кинотеатрының бөлімшесі, ол платформа үшін ерекше контент шығаруға жауап береді. Бүгінгі таңда IVI Originals брендімен 9 жоба шықты. Олардың арасында қаралым бойынша үздік «Тағы да сәлем бердік!», «Жолым болды», «Мейірімділік» сериалдар бар. Сондай-ақ, бүгінде ондаған сериалдар мен толық метражды картиналар әзірленуде. Көп ұзамай көрермендер «Химера», «Пансион» және «13-ші клиникалық» жобаларының премьераларын тамашалай алады. Бүгінгі таңда IVI Originals жетекші отандық продюсерлермен, режиссерлермен және актерлермен бірлесе жұмыстар жүргізеді.
Просмотров материала: 14 147

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 112 124 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 111 972 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 111 748 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 111 702 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 111 896 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 7 753 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 154 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 195 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 215 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 10 342 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 18 299 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 064 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 194 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 070 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 269 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 012 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 14 984 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 249 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 177 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 329 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 305 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 194 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 035 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 276 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 211 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 15 150 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 050 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 070 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 292 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 577 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 025 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 059 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 100 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 015 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 246 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 400 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30