26 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мемлекеттен бөлінген 81 млрд теңгені сауда желілері ақтамай отыр – Мәжіліс депутаты

13 июль 2022, 12:16
Мемлекеттен бөлінген 81 млрд теңгені сауда желілері ақтамай отыр – Мәжіліс депутаты

Фото ашық дереккөзден
Бүгінде бағаның өсуі экономиканың басты проблемасы болып тұр және инфляция қазақстандықтардың табысын «жайпамауы» үшін батыл шаралар қажет. Осы ретте әсіресе Ұлттық банк пен Үкімет тиімді шешімдер қабылауы тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» партиясының жанындағы Экономиканы, кәсіпкерлікті және аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес өз отырыстарында инфляция мен азық-түлік бағасының өсуі мәселесін үнемі көтеріп келеді. Мен, депутат ретінде бағаны ұстап тұру мәселесіндегі батылсыздығы мен тоңмойындығы үшін Ұлттық Банк пен Үкіметті жиі сынға аламын. Әрі осыған бірнеше депутаттық сауал арнадым. Бірақ бұл проблеманың үшінші тарапы да бар – бұл сауда желілері. Қазіргі уақытта сөрелердегі тауарлардың бағасы «құтырып» кетті. Әрі Үкімет бұл жағдай үшін шұғыл түрде «құтыруға қарсы вакцинаны» әзірлеуі қажет», - деп жазды ол.

Бүгінде сауда желілеріндегі бағаның шарықтауына жол бермеу үшін мемлекет оларға жеңілдетілген несие түрінде 81 млрд теңге жұмсады. Жамаловтың айтуынша, қазір бағаның өсуін тежеудің негізгі шаралары сауда желілерінің өздері арқылы іске асырылып жатыр. Негізгі құрал – «айналым схемасы».

«Алматыда өткен көшпелі отырыс шеңберінде Кеңес мүшелері «Magnum Cash&Carry» супермаркетіне барып, «айналым схемасының» қалай жұмыс істейтінін көрді және тетіктің елеулі пысықтауды талап ететініне көз жеткізді. Біріншіден, «айналым схемасына» алдын ала келісілетін тауарлардың шектеулі тізімі қатысады. Мәселен, Магнумда 19 әлеуметтік маңызы бар тауар бойынша ғана бағаға тежеу жасалады. Екіншіден, «айналым схемасының» нақты әсерін есептеу мүмкін емес, өйткені жалпы көлемдегі тауарлардың қандай үлесінің жеңілдікті бағамен сатылғаны туралы деректер жоқ. Магнум тауарларды бөлінген қарыз сомасына ғана сатып алып, содан кейін оларды өз дүкендерінде сатады деп есептеледі. Яғни дүкенде жеңілдікті бағамен тауарлар сатылуы мүмкін. Сонымен бірге, дәл осы тауарлар бір мезгілде әдеттегі нарықтық бағамен де сатылады. Әрине жеңілдікті тауарлар бұл ретте тез сатылып кетеді де олар қысқа сауда уақытына ғана жетеді әрі жоғары бағамен нақ сол тауарлар қалады. Әрине, бүкіл ел бойынша осы 81 млрд теңге – бұл «теңіздегі тамшы» тәрізді», - деді Аманжан Жамалов өз жазбасында.

Сондай-ақ, «айналым схемасы» барлық халық топтарының пайдасына жұмыс істейді. Дүкенге кірген кез келген адам, кірісіне қарамастан, тауарды жеңілдетілген бағамен сатып ала алады. Демек, бұл ретте аталған тауарларды көтерме саудамен айналысатын кәсіпкердің де, жай ғана ауқатты адамның да сатып алуына еш шектеу жоқ. Осылайша жеңілдетілген бағамен сатылатын тауар тартысында табысы төмен отбасыға ештеңе бұйырмай қалуы да мүмкін.

Заңда әлеуметтік маңызы бар өнімдерге 15%-дан аспайтын шекті үстеме баға белгіленген. Бірақ сауда желілерінде «ретробонустар» деп аталатын нәрсе бар. Аманжан Жамалов мұндай «тонаушылық» құралды саудагерлер ойлап тапқанын айтады. Ондағы мақсат тұтынушыларды тауарларды жоғары бағамен сатып алуға итермелеу. Егер осы бонустарды ескеретін болсақ, онда сауда желілеріндегі үстеме баға заңда белгіленген 15%-дың орнына 40%-ға жуықты құрайды.

«Мысал үшін бір бөтелке минералды суды алып қарайық. Шартты түрде алғанда, оның өзіндік құны 100 теңге. Бұл сомаға 20 теңге «ретробонус» есепке жазылады. Оған қоса 15% үстеме баға немесе 18 теңге. Түпкілікті бағасы – 138 теңге. Тауар сатылғаннан кейін 120 теңге өндірушіге кетеді, одан ол сауда желісіне 20 теңге «ретробонусты» қайтарады. Сауда желісінің қорытынды үстеме бағасы – 38 теңге немесе 38%. Бірақ мүлде 15% емес», - деді Мәжіліс депутаты.

Бұдан бөлек, Аманжан Жамалов қазақстандықтар қандай тауарлардың жеңілдетілген бағамен сатылатынынан біле бермейтіндігін алға тартты. Тізімдегі әрбір өнімде осы тауардың әлеуметтік маңызы бар тауар болып табылатынын және арнайы бағасының бар екенін көрсететін арнайы таңбалау бар. Бірақ бұл таңбалау анық көрінбейді.

Осылайша Мәжіліс депутаты «Айналым схемасын» жақсартудың бірқатар шараларын ұсынды.

«Біріншіден, «Айналым схемасын» қолданудың әсерін – жалпы тұтынудағы тауарлардың қандай көлемі жеңілдікті бағамен сатылатынын талдау қажет. Екіншіден, егер «айналым схемасының» әсері төмен болса және тауарлар жетпесе, қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет. Әрине, барлық сатып алушыларды төмен бағамен тауарлармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бірақ «айналым схемасы» бойынша сатылатын тауарлардың бағасы басқа сауда желілері мен дүкендер үшін «шамшырақ» болуға тиіс. Олар өздерін осы бағаларға қарап, бой түзеуге және бәсекелестікті ескере отырып, өздерінде сатылатын тауарлардың бағасын тым көтермеуге мәжбүр етуге тиіс. Ол үшін басқа ритейлерлердің бағалары мен көлемдерін де талдау қажет. Үшіншіден, тауарлардың тізбесін кеңейтуді ойластырған жөн.

Қазақстандықтардың тұтыну себеті 19 тауардан тұрмайды. Төртіншіден, сауда желілері қолданатын «ретробонустар» деп аталатын жүйені зерделеу және «ретробонустарды» ескере отырып, тауардың үстеме бағасын бақылауға қатысты әдіснамалық шешім қабылдау қажет. Бесіншіден, мемлекет субсидиялайтын жеңілдікті тауарлардың стандартты таңбалануын әзірлеу керек», - деп жазды ол.
Просмотров материала: 451

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 726 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 557 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 198 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 222 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 530 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 500 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 673 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 742 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 936 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 078 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 459 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 329 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 654 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 359 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 436 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 119 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 121 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 102 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 486 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930