21 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда бір баланы теннис үйірмесіне апару үшін қанша қаражат жұмсалады?

12 июль 2022, 15:06
Қазақстанда бір баланы теннис үйірмесіне апару үшін қанша қаражат жұмсалады?

Фото ашық дереккөзден
Тарихта алғаш болған құбылыс үнемі қоғамның сол дүниеге деген ынтасын оятады. Қазақ боксшылары Олимпиаданың алтындарын ала бастаған жылдары бокс қалай танымал болса, теннисші Елена Рыбакинаның ең элиталы жеңісті алуы да қазір Қазақстандағы теннис спортын жан-жақты тануға, зерттеуге түрткі болып отыр.

Осы ретте Azattyq Ruhy тілшісі Рыбакинаның жеңісіне дейін де баласын тенниске беріп, оның жаттығуына күш-жігерін арнап жүрген ата-аналармен сұхбаттасты.

Алматы қаласында тұратын Думан Бықайдың тоғыз жасар қызы тұрақты түрде тенниспен жаттығады. Әуел баста, алты жасында баласының үйірмесі үшін айына 15 мың теңге төлейтін Думан қазір тоғыз жасар сол қызының бір айлық үйірмесіне 85 мың теңге төлейді.

«Жаттықтырушылар біраз уақыт бойы баланың қарымын байқап көрді. Алты жасар қызымның физикалық ерекшелігі тенниске келді, сондықтан қызым теннис спортында қалды. Басында аптасына үш рет қана дайындалатын қызым қазір күнде жаттығуға барады. Жеті жасында айына 30 мың теңге төледік. Ерекше айта кетерлігі, тенниске баратын бала міндетті түрде фитнеспен де шұғылдануы керек. Оған қосымша ай сайын 15 мың теңге төлеп жүрдім. Яғни жеті жасында қызымның теннисі үшін бір айлық ақы 45 мың теңге болды», - дейді Думан Бықай.

Баласын кәсіби тұрғыда одан сайын дамыту үшін Думан баласын Алматы қаласындағы жақсы теннис клубтарының біріне ауыстырған. Өйткені, сол клубтың бапкерлері ұнаған.

«Тиісінше, клубтың бағасы да қымбат болды, айына 50 мың теңгеге жетті. Ай сайын 15 мың теңге төлейтін фитнес сол қалпында қалды. Сегіз жасар қызым күн сайын бір жарым сағатын тенниске арнап жүрді. Тоғыз жасынан бастап күніне үш сағат жаттығуы керек болды. Оның екі сағаты – теннис, бір сағаты – фитнес. Сонда, қазір тоғыз жастағы баламның бір айлық теннис үйірмесіне 85 мың теңге төлеймін», - дейді ол.

Думан теннис спорттың қымбат түрі деген пікірмен толық келіседі. Бірақ ол спорттың осы «элитасына» қазақ балалары да келіп, топ жарса, жеңіске жетіп, мол гонорар алса екен дейді.

«Иә, тенниске баласын үздіксіз апару үшін қазір кез келген адамның қалтасындағы қаражат жетпейді. Бірақ біздің дәуірде ата-анамыздың балаларын оқытып, дамытатын мүмкіндігі болмады. Сондықтан, мен қазір бүкіл тапқан табысым мен энергиямды балаларыма бағыттағым келеді», - дейді Думан.

«СОЛ ЖАҒАЛАУДАН ҚАРАҒАНДА ОҢ ЖАҢАЛАУ АРЗАНЫРАҚ»

Астана тұрғыны Жәния Мұқышева қазір баласын ай сайын 20 мың теңге төлеп, тенниске баулып жүр. Үйірмеден бөлек, ол тенниске арналған аяқ киім мен құралдың қымбат екенін айтады.

«Ата-ана ретінде баламды тенниске апаруға түрткі болған мәселе – оның денсаулығы. Қызым ең алғашында балет үйірмесіне барды, бірақ аяғында белгісіз ісік пайда болып, дәрігер оған спортпен шұғылдану керек дегенді айтты. Жасы кішкене болған соң жүзуге бара алмады. Зерттей келе, дәрігердің айтқанын ескеріп, адамның бүкіл бұлшық еті жұмыс істейтін осы теннисті таңдадық», - дейді Жания.

Оның айтуынша, балалар теннисіне мемлекет тарапынан қолдау аса қажет. Рыбакинаның жеңісі үшін қатты қуанатынын айтқан ол баланы сондай жеңістерге жеткізу үшін негізгі үш фактор, атап айтсақ, үздіксіз жаттығу, мықты жаттықтырушы және баланың денсаулығы маңызды екенін айтады.

«Ал баланың денсаулығы жақсы болу үшін күтім керек. Әрине, мемлекеттен де қолдау керек. Болмаса, ата-ана баласын шет елдерде де жаттықтыра алатындай қалталы болу керек», - дейді Жания Мұқышева.

Оның айтуынша, үйірме мен өзге шығындардан бөлек, сапалы аяқ киім мен ракетканың өзі өте қымбат келеді. Расымен, ашық дереккөзден баланың аяғына ыңғайлы, ұзаққа шыдайтын, тенниске арналған аяқ киім іздеп едік, аяқ киімнің орташа бағасы 29 мың теңге болатынын көрдік.

«ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ҮШІН БАЛА ТАБЫСТЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ ЕМЕС»

Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне сүйенсек, қазір елімізде сертификаты бар 200-ден астам жаттықтырушы бар. Оның ішінде 44 жаттықтырушы Level 1 ITF деңгейін алған, 14-і Level 2 ITF деңгейін алған. Біз хабарласқан жаттықтырушылар коммерциялық құпияны алға тартып, орташа айлық табысын айтудан бас тартты.

Ал Думан Бықайдың айтуынша, қазір тенниске барып жүрген бала үлкен спортты бағындырмай, болашақта жаттықтырушы болса да табысты адам болады.

«Білуімше, жаттықтырушылардың өзі айына кемі 1 млн теңге жалақы алады. Ал мен сөйлескен жаттықтырушы баланың үйірмесінен түсетін қаражат олардың негізгі табыс көзі емес екенін айтқан еді. Олар тек балаға деген ізгі ниеті, балалар теннисін дамытуға деген жеке ынтасы үшін ғана сабақ береді. Ал олар көбінесе тенниске қызығатын бай азаматтарды теннис ойнауға үйреткеннен көп ақша табатын көрінеді», - дейді Думан Бықай.

Қазақстанның теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польскийдің айтуынша, Рыбакинаның жеңісінен кейін баласын тенниске бергісі келетін ата-аналардан өтініші қарша бораған.

«Елде үлкен серпіліс пайда болды. Бұл теннистің жаңа қарқынымен дамуына жол ашпақ», - деді Юрий Польский.

Ал Елена Рыбакина болса, Уимблдон матчынан түскен қаражаттың бір бөлігін және Қазақстанның теннис федерациясы берген сыйақыны түгелдей балалар теннисін қолдауға беретінін мәлім етті.
Просмотров материала: 3 655

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 081 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 915 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 556 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 582 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 888 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 465 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 644 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 710 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 896 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 043 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 421 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 646 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 351 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 452 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 267 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 164 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 146 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 128 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 480 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930