21 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жеке кәсіпкерлер медсақтандыру жарнасын қалай төлейді - жиі қойылатын сұрақтарға жауап

11 июль 2022, 8:02
Жеке кәсіпкерлер медсақтандыру жарнасын қалай төлейді - жиі қойылатын сұрақтарға жауап
Қанша жеке кәсіпкер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем жасайды? Олар өз қызметкерлері үшін қандай көлемде аударым жасайды және жеңілдік санатына кіретін жұмыскерлер үшін де төлей ме? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры осы және өзге де жиі қойылатын 8 сауалға жауап берді.

«2021 жылы қорға 633 жеке кәсіпкерден 15,9 млрд теңге көлемде аударымдар мен жарналар түсті. Биыл төлеушілер саны 1 855 дейін артты. Олар 5 айда жүйеге 10,3 млрд. теңге төледі. Яғни, біз жеке кәсіпкерлердің өздері және қызметкерлері үшін жауапкершіліктің артқанын байқап отырмыз», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева.

Жеке кәсіпкерлер міндетті медсақтандыруға өз пайдасы үшін қанша төлем жасайды?

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын азаматтар басқа да әлеуметтік аударымдармен қатар міндетті медициналық сақтандыруға белгіленген жарнаны төлейді. 2022 жылы осы санаттағы төлеушілер үшін жарналардың мөлшері ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе ай сайын 4 200 теңгені құрады. (60 000*1,4) *5% = 4 200 теңге Қалай төлейді? Жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін МӘМС төлемін екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі арқылы, оның ішінде мобильді қосымшалар арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ, Касса 24 және Qiwi әмиян өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы аударуға болады. Төлем коды (ТК) – 122. Сіз ай сайын да, ұзақ мерзімге де алдын ала төлем жасай аласыз. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражаттың қайтарылуын міндетті түрде тексеріңіз. Егер ЖСН немесе аты-жөні, төлем сомасы дұрыс көрсетілмеген болса немесе 10 ЕТЖ-дан асатын аударым базасы асып кетсе, жарналар қайтарылуы мүмкін.

Жеке кәсіпкер ретінде жұмыс берушілер медсақтандыруға қанша төлейді?

Егер жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері болса, онда олар жұмыс беруші ретінде төлемдер бойынша жауапты болады. Аударымдар (жұмыс берүші қаражаты есебінен) – қызметкерлердің жалақысының 3% мөлшерінде, бірақ 18 мың теңгеден аспайды. Жарналар (қызметкердің жалақысынан ұстап қалу) - қызметкерлердің жалақысынан 2% мөлшерінде, бірақ 12 мың теңгеден аспайды. Мысалы: N қызметкерге 2022 жылғы шілде айына 100 000 теңге сомасында жалақы есептелді. Бұл жағдайда қызметкер аударымдарының сомасы 2 мың теңгені құрайды, жұмыс беруші өз тарапынан 3 мың теңге аударады. Яғни, әр қызметкердің жалақысының мөлшеріне байланысты болады.

Қалай төлем жасауға болады?

Жеке кәсіпкер қызметкерлері үшін МӘМС төлемін банктің кез келген бөлімшесі, оның ішінде мобильді қосымшалар және «Қазпошта» АҚ арқылы аударуға болады. Төлем коды (ТК): 121.

Егер жеке кәсіпкер жеңілдік санатына кіретін болса, МӘМС үшін ақы төлеу қажет пе?

Жеке кәсіпкер өзі немесе оның жалдамалы қызметкерлері келесі санаттарда болған жағдайда жарналар мен аударымдарды төлемейді: • балалар (18 жасқа дейінгі);

• зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;

• мүгедектер;

• орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар.

Декреттік демалыстағы әйел жеке кәсіпкер болса, МӘМС үшін төлем жасауы керек пе?

Егер әйел жеке кәсіпкер болса, онда ол өзі үшін 4 200 теңге мөлшерінде белгіленген жарнаны төлейді. Бұл санаттағы әйелдер жеңілдік санатына кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, табысы жоқ кезде кіреді. Егер жеке кәсіпкер жұмыс жасамаса (кірісі болмаса), онда салық органдарында кәсіпкерлігін тоқтата тұру үшін тиісті рәсімдерді жүргізу қажет.

Егер жеке кәсіпкер зейнеткер немесе мүгедек болса, ол медициналық сақтандыру үшін жарна төлеуі керек пе?

Жоқ. Мүгедектігі бар адамдар МӘМС жарналарын төлеуден толық босатылған азаматтардың жеңілдік санатына жатады, оның ішінде жеке кәсіпкер ретінде де. Сондай-ақ, Қазақстандағы қордан зейнетақы алушылар да МӘМС жарналарын төлеуден босатылды

. Бір мезгілде жалдамалы қызметкер болып табылатын жеке кәсіпкер медициналық сақтандыруға жарна төлей ме?

Иә. Бұл жағдайда «МӘМС туралы» Заңның 28-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес төлеуші өзінің жалақысының 2%-ын жалдамалы қызметкер ретінде және ЕТЖ-нің 1,4 еселенген мөлшерінің 5% - ын жеке кәсіпкерр ретінде 4 200 теңге төлейді. Жеке кәсіпкер қызметі тоқтатылған жағдайда, ҚР Салық заңнамасына сәйкес, МӘМС жарналарын кәсіпкер ретінде төлемеуі тиіс.

Жеке кәсіпкерге МӘМС жарналарын төлемегені үшін өсімпұл салына ма?

Иә. Төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Өсімпұлды болдырмау үшін жалдамалы қызметкерлері болса, жарналар мен аударымдарды уақтылы төлеу қажет. Есепті кезеңнен кешіктірмей, яғни кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмеу керек.

Жарна төлеуден жалтарған жағдайда қандай шара қолданылады?

Мемлекеттік кіріс органдары (салық комитеті) аударымдар мен жарналардың уақтылы және толық есептелуіне және аударылуына бақылау жүргізеді. Егер жеке кәсіпкер жарналарды және (немесе) аударымдарды төлеуден жалтарса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жұмыс берушiлердiң, жеке кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсiби медиаторлардың мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеуi, уақтылы және (немесе) толық төлемеуi – ескерту жасауға әкеп соғады. Бір жыл ішінде ескерту қайталанған жағдайда айыппұл салынады.

• Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне МӘМС төленбеген, уақтылы және (немесе) толық төленбеген аударымдар және (немесе) жарналар сомасының 20%-ы мөлшерінде

• орта кәсіпкерлік субъектілеріне-30% мөлшерінде

• ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-50% мөлшерінде

МӘМС жарнасын төлеу кезінде жеке кәсіпкер нені есте сақтауы қажет?

• Қаражаттың қайтарылмауы үшін алушының ЖСН мен аты-жөнін дұрыс көрсету керек;

• Міндетті түрде медициналық сақтандыруға төлемдердің қабылдануын 2-3 жұмыс күн ішінде тексеру қажет. Егер төлем қайтарылған болса, онда дұрыс ақпаратты көрсете отырып, төлемді қайта жүргізу қажет;

• Есепті кезеңнен кешіктірмей салық органдарына есептілікті дайындау және тапсыру керек;

• Өз жұмыскерлерін МӘМС төлемінің аударылғаны туралы хабардар ету керек.

Сіздер үшін fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot жұмыс істейді. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрондық үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге мүмкіндік бар.


ъъ
Просмотров материала: 427

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 106 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 122 940 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 581 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 607 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 122 912 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 466 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 645 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 711 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 898 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 045 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 423 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 318 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 646 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 453 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 652 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 666 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 267 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 111 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 363 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 115 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 096 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 481 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930