7 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қай мемлекеттер бетперде тағу режиміне оралып жатыр

09 июль 2022, 12:32
Қай мемлекеттер бетперде тағу режиміне оралып жатыр
Осы аптада әлемнің бірнеше елі бетперде тағу режиміне қайта көшуді енгізетінін жариялады. Коронавирустың бас көтеріп, жаңа толқынын болдырмас үшін билік тиісті шаралар қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кипр
Кипрде СOVID-19-ға шалдығушылар саны 25 маусым мен 5 шілде аралығында 13 пайызға өсті. Сарапшылар мұны омикрон штаммының жаңа түрлерінің пайда болуымен байланыстырады. Мемлекет бетперде тағу режиміне оралады, деп жазады atorus.ru.

8 шілдеден бастап 12 жастан асқан Кипрдің барлық тұрғындары жұмыс орны, жалпы ғимарат ішінде де бетперде тағып жүреді. Бұл талапты бұзушыларға 300 евроға дейін айыппұл салынады.

Кипрдің Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын мәлімдеді. Алайда, болашақта билік СOVID-19 ауруының өсуіне байланысты жаңа шектеу шараларын енгізуі мүмкін.

Франция

Ниццада бетперде тағу міндеттеліп жатыр. Бұл шара, қала мэрі Кристиан Эстрозидің айтуынша, коронавирустың жетінші толқынына байланысты қабылданды. Жарлық 11 шілдеде күшіне енеді. Тұрғындар көлікте жеке қорғаныс құралдарын пайдалануы керек.

Францияның басқа қалаларында бетперде тағу әзірге ұсыныс сипатында. Франция үкіметінің өкілі Оливия Грегуардың айтуынша, жалпы алғанда, ел бойынша жаңа шараларды қайта енгізуді жоспарлап отырған жоқ, өйткені француз азаматтары "шектеулерден шаршады".

Катар

Катар да бетперде тағу режиміне оралып жатыр. 7 шілдеден бастап жабық нысанда және қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндеттелді.

Елде ауру жұқтырғандар саны өсу үстінде, сондықтан сарапшылар бұл шешімді көбінесе алдын-алу мақсатында қабылдады деп санайды, өйткені Катардың алда футболдан Әлем чемпионатын өткізуі тиіс (21 қараша – 18 желтоқсан).

Тәжікстан

Тәжікстанда құрлық шекарасы мен әуежайларда тексеруді күшейту жөнінде шешім қабылданды. Мұның себебі - коронавирус ауруының қайта қанат жаюы. Бірақ Тәжікстанның өзінде емес, көрші елдерде.

Сондықтан сырттан келушілердің дене температурасы өлшенеді. Егер ол жоғары болса, онда ПТР-тест өткізу міндеттеледі.

Адамның деректері тұрғылықты жері бойынша емханаға жіберіледі және ол адам дәрігерлердің бақылауында болады. Егер бұл республикаға келген қонақтар болса, онда олар тұратын жердегі ең жақын емханаға бекітеді.

Қазақстан

Алматы СOVID-19-дың таралу деңгейі бойынша "сары" аймаққа енді. Қаланың бас санитарлық дәрігері жабық нысандарда бетперде тағуды ұсынады. Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа жақындап келеді.

Австралия

Австралияда да коронавирус қайта бой көтеріп жатыр. Әзірге елдің федералды Денсаулық сақтау министрі Марк Батлербетперде тағуды міндеттеу шарасына қайта оралуға шақырған жоқ. Ол азаматтардан сақтық шараларын сақтауды сұрады.

Егер сыртта қандай да бір ғимарат ішінде болып, әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін емес екенін білсеңіз, онда бетперде тағуды ойлаңыз. Бұл ауруды жұқтыру ықтималдығын азайтады, – деді Австралияның Денсаулық сақтау министрі.
Просмотров материала: 1 225

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 264 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 944 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 443 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 479 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 852 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 776 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 808 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 140 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 819 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 852 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 056 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 862 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 988 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 627 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 503 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 478 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 741 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 496 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 893 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 690 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 505 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 346 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 191 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 558 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 437 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 924 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 308 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 251 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 490 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 886 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 235 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 181 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 322 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 252 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 494 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 632 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031