8 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Біз күлмен демаламыз»: Алматы облысының тұрғындары наразылықтарын білдірді

«Біз күлмен демаламыз»: Алматы облысының тұрғындары наразылықтарын білдірді

Фото ашық дереккөзден
«Аптап ыстықта шаң-тозаң жұтып отырмыз». Осылай деп Іле ауданы Өтеген батыр кентінің тұрғындары наразылық білдірді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Ауыл маңына төгілген өндірістік қалдықтардан зәрезап болған жұрт күл-қоқыстың қолқаны қабатын иісі тағы бар дейді.

Керімқыз Әлімқанова Өтеген батыр кентінде 15 жылдан бері тұрады. Ауыл маңына төгілетін қоқыс үйінен 10 метр ғана жерде екен. Жел тұрып, ауа райы құбылса баспанам түгелдей шаң-тозаң болып, күлге толады дейді. Ыстықта есік-тереземізді ашудан қалдық деп отыр.

«Біз күлмен демаламыз. Айтып жеткізе алмаймын. Жел болғанда балалар үйін таба алмай қалады. Жыл сайын көктем мезгілінде қайталанып тұрады», – дейді Өтеген батыр кентінің тұрғыны Керімқыз Әлімқанова.

Мектептен қайтқан балалар да күл мен топыраққа көміліп келеді екен. Таза ауамен тыныстауы мұңға айналған жұртшылық бұған дейін жергілікті билікке сан мәрте шағымданыпты. Бірақ еш нәтиже жоқ дейді.

«Ауылда жел көтерілсе, шаң-топырақтан көрші тұрған үй көрінбей кетеді. Бұл жыл сайын қайталанады. Салдарынан түрлі инфекциялық ауруға шалдыққан тұрғындар бар осында. Қолдан ауру тауып отырмыз», – дейді Өтеген батыр кентінің тұрғыны Светлана Стороженко.

Тұрғындардың айтуынша, жақын маңдағы өндіріс ошағы бастапқыда сыртқа тек күл шығаратын. Көпшіліктің жанайқайынан кейін олар күлдің бетін топырақпен көметін болған. Енді күлмен бірге, топырақ жұтамыз деді.

Ауыл тұрғындары наразылық танытқан күл-қоқыс тау-тау болып үйіліп жатыр. Ауа райы күрт құбылса болды, жел тұрса болды мұндағы топырақ пен күл, шаң-тозаң болып мына іргедегі ауылға барады. Тұрғындардың айтуынша, бұл өндірістік қоқыстың бәрі де №3 жылу электр стансасына тиесілі екен.

Ал №3 жылу электр стансасы басшылығына хабарласқанымызда олар жауап беруден бас тартты. Ал жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бөлім мамандары бұл жайттан хабардар екенін айтып, оның шешу жолдарын қарыстырып жатқанын мәлімдеді.

«Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орналасқан №3 жылу электр стансасынан шыққан шаң жайлы бейнежазжасы бойынша ЖЭО-мен хат алмастық. Туындаған мәселені олар шілде айының соңына дейін шешуге уәде берді», – дейді Іле аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Айгүл Елбаева.

Біраз жылдан бері түйіні тарқамаған мәселе бір айда шешіліп кетеді дегенге ауыл жұрты күмәнмен қарайды. Себебі тау боп үйілген күл-қоқысты қысқа мерзімде шығару мүмкін емес дейді. Десе де түйткілдің түйіні тез тарқағанын қалап отыр.

Просмотров материала: 1 337

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 424 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 105 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 220 605 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 220 640 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 013 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 785 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 815 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 147 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 828 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 860 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 064 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 862 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 995 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 627 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 504 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 479 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 743 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 496 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 894 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 692 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 506 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 348 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 191 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 559 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 439 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 925 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 310 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 251 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 490 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 889 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 235 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 181 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 323 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 254 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 496 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 633 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031