2 апреля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесі талқыланды

08 июль 2022, 9:25
Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесі талқыланды
«AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мектепке дейінгі білім беруді дамыту проблемалары мен даму перспективалары талқыланды.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, партияның сайлауалды уәделерін іске асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізілуде.


Бұл – дербестендірілген қаржыландыру. Ваучерлік қаржыландырудың басты айырмашылығы – білім беру ұйымдарын таңдау құқығын және олардың қызметтеріне ақы төлеу үшін бюджет қаражатын тікелей ата-аналарға беру. Ата-ананың атына банкте шот ашылады, онда ай сайын мектепке дейінгі ұйымның қызметтерін төлеуге бюджет қаражаты аударылады, - деді вице-министр.

Шолпан Каринова мектепке дейінгі ұйымдардың (МДҰ) қызметін лицензиялау мәселесіне жеке тоқталды. Еске сала кетейік, бұл тәжірибеден 2012 жылы бас тартқан еді.


Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қағидаларын әзірледікі, жобаны қоғамдық талқылау жоспарланып отыр. Мектепке дейінгі ұйымдарды мемелекеттік аттестаттау жұмысы жаңа форматта жүргізілуде. Мемлекеттік аттестаттаудың жаңа ерекшелігі – МДҰ-ның өз қызметін өзі бағалауы, мамандар арнайы барып тексермейді, тікелей байланыс болмайды. Аттестаттау 5 жылда 1 рет өткізіледі, ата-аналармен сауалнама жүргізіліп, балалардың білім деңгейі анықталады, материалдық-техникалық база, штаттық құрам тексеріледі және т.б.,- деп атап өтті ол.

Кеңес мүшесі, «Қара шаңырақ» РҚБ төрағасы Баян Ахатай мысалы, дәріхана лицензиясыз ашылып, жұмыс істей алмаса, онда балабақша неге қалай болса солай ашылуы тиіс деген ойын ортаға салды.

Бүгінде бақылау органдарының ешқайсынан рұқсат алмай, жұмыс бастау жөнінде хабарлама бермей-ақ жұмысын жылдап жасап жатқан балабақшалар баршылық. Осындай бір балабақшаның басшысымен сөйлескенімде «балалар не жеп, не ішіп жатыр, қандай сабақтар өтуде – бізбен ешкімнің шаруасы жоқ» дей отырып, СЭС-тың рұқсатын 7-8 жылдан кейін алғанын алға тартты. СЭС қызметкерлерімен сөйлескенімде олар шағын және орта бизнес өкілдерін бақылап, тексере алмайтындарын, бірақ осындай балабақшалардың барын растады. Қазір ешқандай тексеру жүргізілмейтін пәтерлерден ашылған мұндай балабақшалар өте көп, - деді Баян Ахатай.


Өз кезегінде кеңес мүшесі, «OYNA» балалық шақ институты» ҚБ төрағасы Гауһар Киикова мектепке дейінгі білім беру сапасын зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сонымен, ең көп кездесетін проблемалардың бірі: пәндік-кеңістіктік ортаның жеткіліксіз жабдықталуы (ойыншықтар аз), оқу жоспарларында ойындарға бос уақыт қарастырылмаған, көбінесе гигиена ережелері, сондай-ақ қауіпсіздік стандарттары сақталмайды.

Қызметкерлер балалар арасындағы жанжалдарды шешуден үнемі қашқақтайды. Олар балалардың әлеуметтік-эмоциональды даму ерекшеліктерін білуде біліксіздік танытады. Бұл – барлық балабақшаларда жиі кездесетін мәселе. Біз өз ерттеуіміздің барысында ECERS шкаласын негізге алдық, онда жоғары балл – 7, ал ең азы – 3. Қазақстандық балабақшалар тек 2,13 балл алды. Жағдайды түзету үшін балаларды ерте жастан дамытуға мемлекеттік қаржыландыру көлемін ұлғайту, тәрбиешілер, әдіскерлер мен басшылар үшін біліктілікті арттыру курстарының санын арттыру, балаларды дамыту ғылыми-зерттеу зертханасын ашу және т.б. қажет,- деді ол.


«Әділет» республикалық орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова жекеменшік балабақшаларды қаржыландырудағы әділетсіздіктер туралы айтып берді.

Педагог мамандардың, тәрбиешілердің еңбекақысының өскеніне қарамастан, мектепке дейінгі білім беру сапасы жылдан жылға төмендеп барады. Енді араға 10 жыл салып, лицензиялауды қайта енгізбек, мен мұны қолдаймын. Тек осы 10 жыл ішінде жеке ванна бөлмелері, бассейні, жатын бөлмелері бар барлық қолайлы жағдайды жасағандар жертөледе немесе пәтерде шағын орталық ашқандармен бірдей қаражат алды. Ал рұқсат беру құжаттарының тізімінде тек санитарлық анықтама мен балабақшаның жұмыс істеп жатқанын растайтын хабарлама ғана, бары сол,- деді ол.

«AMANAT» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Лариса Павловец тамақтану сапасын бақылау мәселесін қозғады.


Бұл Оқу-ағартудың министрлігінің функциясы бола ма әлде Денсаулық сақтау министрлігіне жүктеле ме? Оқу-тәрбие аспектісінен басқа, балалардың денсаулық жағдайын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Артық салмағы бар, немесе салмағы жетпейтін, ерекше қажеттілігі бар балалар бар, ал тамақтану ескі тәсіл бойынша жалпылама ортақ үстел түрінде жүреді, - дейді халық қалаулысы.

Айта кету керек, қазіргі уақытта елімізде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда шамамен 1 млн. бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар желісі 5834 бірлікті құрайды, оларға 500 мыңға жуық бала барады. Ал 5205 жекеменшік ұйымға 450 мың бала барады. Өткен жылы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында еліміз бойынша 45,2 мың орындық 534 мектепке дейінгі ұйым ашылды.

Сондай-ақ, жиын барысында партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев Кеңестің жаңа төрағасын таныстырды. «AMANAT» Саяси кеңесі Бюросының шешімімен Кеңеске Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова төрағалық етеді
Просмотров материала: 499

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 141 787 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 141 589 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 141 244 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 141 270 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 141 576 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 407 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 8 567 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 8 694 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 152 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 12 347 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 21 467 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 779 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 821 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 523 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 656 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 812 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 484 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 841 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 581 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 585 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 430 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 267 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 514 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 456 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 970 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 375 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 302 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 536 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 888 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 297 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 285 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 328 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 272 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 493 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 639 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930