25 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ерлан Қошанов: Бізге тұрақты, әділ және болжамды салық жүйесі қажет

04 июль 2022, 14:57
Ерлан Қошанов: Бізге тұрақты, әділ және болжамды салық жүйесі қажет

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Бүгінгі талқылау – жаңа салық жүйесін қалыптастыру жолындағы стратегиялық міндеттерді шешудегі үлкен бірлескен жұмыстың бастамасы. Бұл туралы «АMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов салық заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған жиында атап өтті.

Мемлекет басшысы алға қойған басты міндет – тұрақты және болжамды салық жүйесін қалыптастыру. Яғни, нақты тапсырма берілді. Ол – салық заңнамасын негізгі параметрлерге сәйкес тұрақтандыру. Бұл, ең алдымен, бизнесті қолдау, оның салық ережелерінің үнемі өзгертілуі салдарынан зардап шекпеуі үшін қажет.


Ерлан Қошанов Үкіметтің қосылған құн салығы (ҚҚС) және корпоративтік табыс салығы (КТС) мөлшерлемелерін арттыру туралы ұсынысына түсінік бере отырып, тұрақтылық көлемде емес, ол орта мерзімді инвестициялық кезеңге, мәселен, кемінде үш жылға арналған мөлшерлемелердің тұрақтылығын білдіретінін атап өтті. Бұл инвесторларға да, кәсіпкерлерге де түсінікті болар еді.

Партия төрағасы салықтық әкімшілендіру үдерісін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігіне де назар аударды.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов салық салудың сервистік моделіне тоқталған алымдар мен төлемдердің көпшілігі автоматтандырылып, проактивті форматта жүзеге асырылуға тиіс екенін айтты. Бұл ұзаққа созылып келе жатқан салық жүйесін цифрландыру аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болады.


Біз бұл туралы бірнеше жылдан бері естіп келеміз. Бірақ әлі күнге дейін нәтиже жоқ. Ең алдымен цифрлық технологияларға негізделген салық салудың ашықтығына, қарапайымдылығына және салық органдарының тұтынушыға бағдарланған қызметіне ұмтылуымыз керек, – деді партия төрағасы.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рүстем Жүрсінов те қатысты.

«Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Райымбек Баталов депутаттар алдында салық заңнамасын жетілдіру жөніндегі палата ұсыныстарын ортаға салды. «Шетелдік инвесторлардың қазақстандық кеңесі» қауымдастығының өкілі Роман Юртаев салық жүйесінің тұрақтылығы мен ашықтығы туралы айтты.

Одан әрі Мәжіліс депутаттары Аманжан Жамалов пен Екатерина Смышляева сөз сөйледі.

Аманжан Жамалов салық заңнамасы осыдан 20 жыл бұрын қалыптасқанына қарамастан, салық жүйесін бірыңғай және тұрақты деп айтуға келмейтінін атап өтті.

2001 жылдан бері Салық кодексі үш рет қабылданды. Қолданыстағы – үшіншісі. Оған 2017 жылдан бастап 34 Заң аясында 707 түзету енгізілді. Нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде Кодекстің 47 архивтік редакциясы бар. Яғни, өзгерістер өте жиі енгізіледі. Бірақ салық жүйесі моделінің өзі 2008-2009 жылдардан бері өзгермеген.
Депутат Аманжан Жамалов

Осы ретте әділ, тұрақты және болжамды салық саясатын қамтамасыз ету бойынша Президент алға қойған міндеттерді шешу үшін депутат салық бойынша жаңа мөлшерлемелер қабылданған күннен бастап үш жылдан кейін ғана күшіне енетіні туралы норманы Салық кодексінің деңгейінде бекітуді ұсынды.

Сондай-ақ Жамаловтың пікірінше, әр түрлі салаларда әділ салық жүктемесін қамтамасыз ету қажет, сонымен бірге әр түрлі салықтық емес және бюджеттен тыс төлемдерді кодификациялау керек.

Ерлан Қошанов: Бізге тұрақты, әділ және болжамды салық жүйесі қажет


Өз сөзінде депутат барлық міндетті салықтық емес төлемдер мен олардың мөлшерлемелері бірыңғай Салық Кодексінде көрсетілуі керектігі туралы ұстанымын жеткізді. Бұл кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін нақты шешім қабылдауына септігін тигізеді.

Сонымен қатар «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі тәуекел деңгейі төмен салық төлеушілерді тексеруден бас тарта отырып, шағын бизнес үшін арнайы салық режимдерін аяғына дейін қарастыруды ұсынды. Салық кодексі тікелей қолданылатын заңға айналуға тиіс екенін атап өтті. Осы орайда депутат 2018 жылдан бері Үкімет пен Қаржы министрлігі тарапынан Салық кодексінің аясында 169 қаулы мен бұйрық қабылданғанын айтты.

Ал Екатерина Смышляева салық саласын цифрландыру бойынша бірқатар тәсілдерді атап берді.

Отырысты қорытындылай келе, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов салық салу мәселесі бойынша мемлекет пен бизнес, ең бастысы халық мүддесі арасында теңгерімді қатаң сақтау фракция міндеті екенін атап өтті.

Ерлан Қошановтың айтуынша, қазір Үкімет салық саясатының жаңа тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты Мәжіліс спикері күзге дейін бүгін партия алаңында айтылған барлық ұсыныстарды ескеру қажеттігін айтып, оны Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық палата отырыстарының бірінде ашық талқылауды ұсынды.
Просмотров материала: 584

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 720 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 551 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 192 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 216 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 524 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 500 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 673 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 742 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 936 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 078 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 459 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 329 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 654 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 549 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 359 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 462 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 325 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 671 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 436 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 431 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 272 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 119 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 363 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 295 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 826 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 174 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 150 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 369 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 697 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 121 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 136 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 102 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 334 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 486 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930