13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балалар ұшақпен тегін ұшады – бағдарламаның талаптары қандай

Балалар ұшақпен тегін ұшады – бағдарламаның талаптары қандай
Биылдан бастап ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтарға тиімді жеңілдік берілді. Балалар ұшақпен тегін ұша алады. Шығынды мемлекет өтейді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ішкі туризмді дамыту.

Sputnik Қазақстан жазғы уақытта жоғары сұранысқа ие болатын Kids go free бағдарламасының негізгі шарттарын ұсынады.

Тегін ұшатын бала 2-17 жаста болу керек

Бағдарлама биыл 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Оған сәйкес, кәмелет жасқа толмаған балаларды ұшақпен тегін тасымалдау міндеті енгізіліп отыр. Ол үшін Қазақстандағы ресми туроператордан ел ішінде демалуға арналған туристік пакет сатып алу қажет.

Kids go free-дің негізгі талаптарына сәйкес, тегін ұшатын бала 2-17 жас аралығында және Қазақстан азаматы болуы шарт. Кәмелет жасқа толмаған жолаушының қасында ата-анасы немесе жақын туыстары (атасы/әжесі, ағасы/апасы) жүруге тиіс.

Республика бойынша кез келген жерге ұшып баруға болады. Туроператор өз ақшасына балалардың әуе билетін сатып алады, артынан компанияның шығыны мемлекет тарапынан өтеледі.

Бағдарламаға қатысу үшін құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тәртібі: ел ішінде демалысты жоспарлап, нақты баратын жерді анықтау;

сол жерде демалысты ұйымдастыра алатын туристік компанияға барып, туристік пакетті жасау;

балалардың әуе билеттерін шегеріп, туристік пакетті төлеу;

саяхатқа шығу;

демалыстан кейін туристік компанияға ұшақта берілген жолаушылар талонын ұсыну.

Қазіргі кезде 19 туристік компания Kids go free бағдарламасына қосылды. Олар балалар билетінің ақшасын "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясынан алады.

Жыл басынан бері қанша бала тегін ұшты?

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін 153 өтініш бойынша 14,1 миллиона теңге көлемінде төлем жасалды. Осылайша, 307 бала отбасымен бірге демалатын жерге тегін ұшып барды.

Бүгінде Kids go free бағдарламасы бойынша Түркістанға ұшатын отбасылар көп. Одан кейінгі орында Алматы және Маңғыстау тұр. Бағдарлама аясында сатып алынатын туристік пакеттің орташа бағасы - 320 мың теңге. Ең арзан тур Алматы қаласына 82 мың теңгеге сатылды. Ал ең қымбат тур Ақтау қаласына жасалды. Бағасы - 1,2 миллион теңге. Барлық тур бойынша балалар демалатын жерге ұшақпен тегін барып келді.

Бір отбасы жеті баламен ұшқан. Сол Алматыға ұшқан бір отбасының өтемақысы 369,8 мың тегеге дейін жеткен. Бұл – ең ірі сома. Негізі бір өтініш аясында туристік операторларға шамамен 107 мың теңге төленіп тұрады. Сонда бір балаға 50-55 мың теңгенің субсидиясы төленеді, - дейді компания мамандары.

Aviata да Kids go free бағдарламасына қосылды. Компания туроператорларға балалардың әуе билеттерін 45 күнге бөліп төлеуге мүмкіндік беріп отыр.

Ал Global Nomads әрбір турға сыйақы сертификатын қосып беруге мүдделі.
Просмотров материала: 1 454

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 042 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 732 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 230 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 264 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 637 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 818 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 851 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 183 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 863 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 893 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 007 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 509 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 907 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 365 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 502 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031