18 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Парламент депутаттары каникулға кетті

30 июнь 2022, 12:23
Парламент депутаттары каникулға кетті

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Парламенттің бірлескен отырысы өтіп, жетінші сайланған парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды. Депутаттар каникулға кетті.

30 маусымда парламент екінші сессияның жұмысын қорытындылады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламенттің осы сессиясы барша қазақстандық қоғам үшін айрықша жауапты кезеңде өткенін атап өтті.

"Ең алдымен, біз екі жылға созылған коронавирус пандемиясын еңсеріп қана қоймай, ортақ күш-жігеріміздің арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Қаңтарда еліміз үлкен қатерден аман-есен шықты. Мұндай оқиға мемлекетіміздің жаңа тарихында бұрын-соңды болмаған. Соған сай, дер кезінде және жедел әрекет ету қажет болды", - деді Қошанов.

Спикер екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі де айтарлықтай мазмұнды болғанын айтты. Мәселен, Парламент палаталарының 4 бірлескен отырысы өткізілді. Мәжілістің 42 жалпы отырысы өтіп, онда 271 мәселе қаралды. Сенаттың 42 жалпы отырысы өтіп, онда 148 мәселе қаралды.

Бұл жолғы сессия кезінде қос палатаның жұмысында 127 заң жобасы болды, оның 78-і қабылданды. Парламент қабылдаған заңдардың қазіргі уақытта 66-на президент қол қойып, заң күшіне енді.

"Сессия барысында заң шығарушылар әлеуметтік саланы үнемі басты назарда ұстады. Мәселен, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заңды қабылдадық. Нәтижесінде базалық әлеуметтік кепілдіктердің өзекті мәселелері шешілді. Соның ішінде ерекше күтімді қажет ететін адамдарды қолдау, атаулы әлеуметтік көмек және зейнетақымен қамсыздандыру қоса қарастырылған", - деді мәжіліс төрағасы.

Депутаттардың бастамасымен 27 заң жобасы әзірленді. Олардың 19-ы қабылданды, ал 8 заң жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Депутаттар бастамашы болған бірқатар заң президенттің тапсырмаларын орындауға бағытталған.

"Біз жетінші сайланған парламенттің екінші сессиясын аяқтап отырмыз. Елімізде болып жатқан өзгерістерге әрқайсымыз өз міндетіміздей қарап, бір кісідей жұмыла кіріссек қана, шын мәніндегі Жаңа Қазақстанды құра аламыз. Алдағы жұмысымызда біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа бастамалары мен реформаларын іске асыруға жұмылуымыз керек. Кез келген сынақты бірлесіп еңсерсек, Қазақстанның әлеуеті бұдан да арта түспек", - деді Қошанов.

Мәжіліс спикері әріптестеріне, үкімет мүшелеріне, қоғам белсенділері мен сарапшыларға, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне алғыс айтты.
Просмотров материала: 551

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 209 147 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 208 810 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 208 294 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 208 344 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 208 715 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 136 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 176 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 474 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 126 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 204 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 387 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 711 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 766 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 487 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 157 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 586 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 306 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 710 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 518 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 368 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 211 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 072 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 403 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 288 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 770 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 952 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 126 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 359 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 740 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 098 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 042 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 116 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 328 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 486 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031