12 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ШҚО-да балалар суициді азаймай отыр

ШҚО-да балалар суициді азаймай отыр

Фото: BAQ.KZ
Шығыс Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид деректері көбейіп барады. Бұл өзекті мәселе облыстық прокуратурада түрлі сала мамандарының қатысуымен талқыға салынды.

2020 жылы жастар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 9 дерегі тіркелсе, былтыр, яғни 2021 жылы 11 фактісі орын алған. Сонымен қатар, 2020 жылы суицид жасауға оқталудың 48, ал 2021 жылы 64 дерегі тіркелген. Осы жылдың басынан бері 3 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсады. Сондай-ақ, 11 аяқталмаған суцид әрекеті тіркеліп отыр, – деді отырыста облыс прокуроры Алмат Байшолақов.

Жиынға қатысқан медицина қызметкерлері, полицейлер, педагогтар, мектептер мен колледждердің басшылары суицидтің алдын алу бойынша қолға алынған шаралардың тиімділігі төмен екенін атап көрсетті. Облыс әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов мәселені түбегейлі зерделеп, қосымша профилактикалық шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Біздің жасаған талдауымыз көрсеткендей, көп жағдайда суицидті 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер жасайды. Мұндай әрекетке ұлдардан гөрі қыз балалардың жиірек баратыны да анық байқалады. Себептері туралы айтсақ, олар – әртүрлі. Көбінесе үй ішіндегі дау-жанжал, құрбы-құрдастарымен кикілжің, жауапсыз махаббат қайғылы жағдайларға себеп болып жатады. Суицид жасау әдістері де әр алуан, әдетте жастарымыз дәрі-дәрмек ішу, жіпке түсу, биіктен құлау арқылы өз өмірлерімен қош айтысады, – деді облыс прокурорының орынбасары Азамат Тілешев

Жастар арасындағы суицидтер Семей мен Курчатов қалаларында және Аягөз ауданында ең көп тіркелген. Ал өз-өзіне қол сұғуға әрекеттер бойынша Өскемен, Семей, Риддер көш бастап отыр. Бұл деректер ауыл балаларына қарағанда қала балаларының суцидке жиірек баратынын аңғартады.

Талдау қортындысы бойынша, суицидтік әрекеттердің басым бөлігін толық және бақуатты отбасылардың балалары жасағаны байқалады. Бұл суицидке негізінен әлеуметтік мәселелерден гөрі, ішкі психологиялық күйзелістер себеп екенін көрсетеді.

Расында да кәмелетке толмағандардың өз-өздеріне қол жұмсауы көбінесе олардың ішкі психоэмоционалдық жағдайына байланысты, бірақ талдау барысында жауапты мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмысындағы олқылықтар, басқа да өзекті проблемалар анықталды, – деді Алмат Байшолақов.

Атап айтсақ, облыс мектептерінде штаттық психологтар жетіспейді. Сондай-ақ, олардың жұмыстары аса тиімді деп те айта алмаймыз, көбінесе диагностика жүргізудің ескірген әдістемелерін қолданады.

Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидті ашықтан-ашық насихаттайтын интернет сайттарын анықтап, оларды бұғаттау ісімен полиция жеткіліксіз айналысып келеді. Ал, негізгі қауіптің бір көзі сол ғаламторда дейді мамандар.

Отырыс қорытындысы бойынша прокуратура білім министрлігіне мектеп психологтарының санын көбейту жөнінде хат жолдауды, олардың біліктілігін арттыруды ұсынды. Сондай-ақ, мектеп директорларына қарамағындағы психологтар жұмысын қатаң бақылау, полиция департаментіне суицидке үгіттейтін интернет ресурстарды бұғаттау міндеттері қойылды.

Просмотров материала: 902

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 204 013 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 203 639 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 203 133 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 203 197 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 203 556 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 857 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 914 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 220 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 847 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 918 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 103 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 649 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 682 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 447 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 304 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 954 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 542 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 242 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 647 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 460 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 328 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 160 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 019 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 344 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 239 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 728 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 732 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 078 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 313 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 691 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 068 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 006 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 130 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 076 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 278 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 434 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930