15 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Айтқанымды дәлелдеуге дайынмын»: Бибісара Асаубаева шахмат федерациясындағы жанжал туралы

27 июнь 2022, 11:54
«Айтқанымды дәлелдеуге дайынмын»: Бибісара Асаубаева шахмат федерациясындағы жанжал туралы

Фото: instagram.com/@bibisarachess
«Шахмат федерациясы танымал спортшыларды Президент әкімшілігінен үш миллиард теңге сұрату үшін пайдаланды» деп мәлімдеме жасаған әлем чемпионы Бибісара Ассаубаева өз сөзін полиграф арқылы дәлелдеуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жас шахматшы жанжалға айналған мәлімдемесіне қатысты пікірін әлі де өзгертпегенін жария етті.

«Құрметті достар, мен олимпиадалық дайындық процесіне кедергі келтіретін, спортқа жат шу шығарғым келмеп еді. Мен гроссмейстер, ақыл-ойы бүтін, есте сақтау қабілеті жақсы ересек спортшымын. Мен ештеңені шатастырып немесе ойдан шығарған емеспін. Және Спорт министрі мырза айтқандай, эмоцияға салынып, артық қадамға барған емеспін. Мен Қазақстан мен Өзбекстанды немесе екі елдің федерацияларын шатастырып отырғаным жоқ. Сонымен қатар өз ұлттық валютасы бар тәуелсіз елде кез келген бюджетті анықтауға АҚШ-тың ұлттық валютасы жарамсыз екенін де білемін. Онда да Қазақстанның жүрегі – Ақордада олай деп жайдан-жай айтпаған шығармын. Ал қалай болғанда да ел Президентінен сұрап алу жоспарланған үш миллиард теңгеге (немесе сіз айтқандай, Құсайынов мырза, 3 миллион доллар-ақ болсын), бұл өте қомақты сома және федерация (соның ішінде біз де, ұлттық құрама да) Олимпиадаға бір ай қалған уақытта, лайық емеспіз», - деп жазды спортшы өзінің Instagram-парақшасында.

Бибісара Асаубаева өзі айтқан шындығы үшін қудаланудан әр сөзін тексеруден өткізуге дайын екенін жеткізді.

«Мен жеке пайда мен бос атақ іздемейтін спортшымын. Шахмат маған өзімнің және өзгенің уақытын бағалауды үйретті – уақыттан маңызды ештеңе жоқ. Ел Президентінің уақытын қылмыстық зиянды әрі бос өтініштермен ұрлау, ал республикалық бюджеттен бос желеумен ақша алу – этика түгілі, адамгершілікке қайшы әрекет. Бұл ойымнан еш бас тарта алмаймын. Сондықтан ел Президентімен кездесу қарсаңында шындық үшін қудаланудан қорықпай, БАҚ өкілдеріне бәрін ашық айттым. Егер «ренжіген» адамдар өзін ренжітті деп есептесе, сотта абыройы мен құқығын қорғаса болады. Ал өтірік айту мәселесіне оралсақ, мен жаттығу арасында бос уақыт тауып, әр сөзімді полиграфиялық тексеруден өткізуге дайынмын. Құсайынов пен Сәдуақасов мырзалар да менімен бірге өтірік детекторынан өту үшін уақыт пен орнын белгілесін. Үшеуіміз үшін оның ақысын өзім-ақ төлеуге дайынмын, бұл жағынан маған өтініш жасамаса да болады. Енді Олимпиадаға дайындықты жалғастыруға рұқсат етіңіздер», - деп жазды Ассаубаева.

Еске салсақ, шахматтан әлем чемпионы, белгілі қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Қазақстан шахмат федерациясының басшылығын спортшыларды «қайыршы» жасауға тырысып жатқанын айтып, сынға алған болатын.

Қазақстан шахмат федерациясы президентінің орынбасары Дәрмен Сәдуақасов шахматшы Бибісара Асаубаеваның жанжалды мәлімдемесін жоққа шығарып, федерация «ештеңе сұраған жоқ» деп мәлімдеді.

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік те әріптесі Бибісара Асаубаеваның резонансты мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

«Мен осы жиынға қатысқан адам, ұлттық құраманың жетекшісі ретінде ол мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Ал ақша туралы сөз болған жоқ. Мысал ретінде Өзбекстан шахмат федерациясын келтірдік, олардың жылдық қаржыландыруы үш миллион доллар екенін, шахматқа сонша сома бөлетінін айттық. Өзбекстан президенті екеуміз шахматты дамытудың 2025 жылға дейінгі жеке жол картасына қол қойыстық. Осындай қолдаудың арқасында Өзбекстанның әлемдік рейтингте 19-орынға шыққанын үлгі етіп көрсете алдық. Ал Қазақстан 37-орында тұр. Бәлкім, Бибісара сол тұсты шатастырып немес дұрыс естімей қалған шығар. Қалай дегенмен де, ол айиқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Мен өзім сонда болдым», - деді Жансая Әбдімәлік.

Бибісара Асаубаеваның мәлімдемесіне Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та пікір білдіріп, ешкімнің еш жерден ақша сұрамағанын айтты.
Просмотров материала: 1 866

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 272 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 776 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 365 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 417 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 717 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 469 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 603 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 834 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 996 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 147 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 768 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 056 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 439 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 094 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 299 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 356 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 036 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 150 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 985 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 825 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 089 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 859 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 128 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 873 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 825 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 877 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 840 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 068 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 212 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031