8 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар билік өкілдеріне бағынбағаны үшін жазаланады

23 июнь 2022, 15:47
Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар билік өкілдеріне бағынбағаны үшін жазаланады

Фото: Zakon.kz
Сенат депутаттары жаппай тәртіпсіздіктер, төтенше жағдайлар және лаңкестікке қарсы іс-қимылдар кезінде билік өкілдеріне бағынбағаны үшін жауапкершілікті қарастыратын заң жобасын екі оқылымда қолдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігін арттыру, арнаулы мемлекеттік органдар мен әскери қызметшілер, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының тәуелсіздігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қару айналымы үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында белгіленген.

Заң жобасы мына мақсатта әзірленді:

құқық қорғау қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру;

қару айналымы саласындағы талаптарды күшейту;

полиция қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын арттыру;

билік құрылымдары арасындағы тиімді үйлестіруді және билік құрылымдарының шешімдер қабылдаудағы дербестігін қамтамасыз ету;

басшыларының жауапкершілік деңгейін арттыру.

Заң жобасының негізгі мақсаты – құқық қорғау қызметі туралы заңнаманы жетілдіру, сонымен бірге құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру.

Заң жобасына мынадай түзетулер енгізіледі:

конкурс кезеңдері қысқартылды және конкурстан тыс іріктеу талаптары күшейтілді;

арнаулы мемлекеттік органдар мен әскери қызметкерлерді құқық қорғау органдарына ауыстыру енгізілді;

ведомстволық жоғары оқу орындарына тәжірибелі ғалымдар мен практиктерді қабылдау жеңілдетілді;

қызметкерлердің жұмысын бағалау, тәртіптік тәжірибе және көтермелеу, сонымен қатар мерзімінен бұрын атақ беру тәртібі ретке келтірілді.

Конкурстан тыс қабылдау талабы күшейтіледі. Ал құқық қорғау органдарында бұрын жұмыс істеген адамдар құқық қорғау жүйесіне ауыстырылса, онда құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі үш жылдан кем болмауға тиіс және қатардағы жауынгерді конкурстан тыс әскер қатарына қабылдауға тыйым салынады. Сыныптық шен беру тәртібі күшейтіліп жатыр: бұрын ынталандыру тәртібімен алты атақ берілсе, қазір екеуі ғана. Сонымен қатар арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскерилер арнайы тексеруден және әскери-дәрігерлік комиссиядан өтпей-ақ бірден құқық қорғау органдарына бара алады. Аттестаттаудан өткізу тиімділігін бағалау нәтижесі теріс болған қызметкерлерге жатады.
ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев
Бірқатар түзетулер қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған. Осылайша, қызметтік міндеттерін орындау кезінде аурудан қайтыс болған қызметкердің отбасы 60 айлық өтемақы алуға құқылы.

Бұл жағдайларда ауру мен қызмет арасындағы себепті байланыстар анықталады. Мысалы, қызметкер карантин шараларына қатысқанда, өлімге әкелген жұқпалы ауруды жұқтырғанда, төлем қарастырылған. Бұл норма ретроактивті, яғни пандемия кезінде қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына да төленеді. Қайтыс болған жұмысшының отбасы тұратын үйден шығаруға тыйым салынады. Сонымен қатар 2025 жылдан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы үш жылда бір рет индекстеледі.
Әсет Чиндалиев
Түзетулердің келесі пакеті құқық қорғау органдары басшыларының жауапкершілігін арттыруға, қызметкерлердің құқықтық қорғалуын күшейтуге, қару айналымын реттеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаппай тәртіпсіздіктер, төтенше жағдайлар, лаңкестікке қарсы іс-қимылдар кезінде билік өкілдеріне бағынбау деген квалификациялық белгі енгізілді. Қызметкер мен оның туыстары туралы оның қызметтік міндеттерін орындауына байланысты жеке мәліметтерді заңсыз жинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Құқық қорғау органдары басшыларының жауапкершілігін күшейтуге келсек, енді төтенше жағдай орын алған жағдайда азаматтардың құқығын, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ешқандай шара қолданбаған лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдарының басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар осындай жаза өз міндетін орындаудан бас тартқан немесе жалтарған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де тағайындалады.
Әсет Чиндалиев
Қару айналымына қатысты бірқатар өзгерістер – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне газ, травматикалық, атыс қаруын заңсыз әкелгені үшін жауапкершілік енгізіліп, аңшы мылтығына рұқсат алу жасы да 18-ден 21-ге дейін ұлғайтылды.

Тиісті комитеттің қорытындысында заң жобасында «дағдарыс жағдайы» және «әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайы» ұғымы, сонымен қатар президенттің төтенше және әлеуметтік төтенше жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері енгізілгені айтылады.

Құжатта сонымен қатар әлеуметтік төтенше жағдайларды жоюға құқық қорғау және арнайы органдарды қолдану, Қарулы Күштерді тарту тәртібі, Қарулы Күштердің арнайы құралдарды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану ерекшелігін, сонымен қатар дене күшін, арнайы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолданудың шектерін реттейді.
Просмотров материала: 566

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 151 760 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 151 570 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 151 225 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 151 254 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 151 552 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 9 937 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 084 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 255 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 12 903 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 097 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 028 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 122 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 955 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 827 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 653 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 798 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 938 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 604 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 975 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 703 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 709 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 553 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 393 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 649 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 593 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 104 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 530 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 431 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 676 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 020 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 432 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 410 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 451 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 394 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 628 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 770 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30