23 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президент Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

23 июнь 2022, 15:44
Президент Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Фото: akorda.kz
Президент азаматтардың бәріне тең мүмкіндік беретін қоғам құру, соның ішінде әйелдер мен балалардың құқығын қорғау басты міндет екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тағы бір маңызды міндет – әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау. Министрлікте осындай істерді тергеумен айналысатын арнаулы бөлім қайта ашылды. Менің тапсырмам бойынша биыл әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсететін орталықтар құрылды. Бұл орталықтар қазір пилоттық режимде жұмыс жасап тұр. Онда психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар жасалады. Арнайы даярлықтан өткен тергеуші әйелдер зардап шеккен жандарға жәрдем береді. Жалпы, бұл орталықтар тиімді жұмыс істеп жатыр. Мұндай орталықтарды бүкіл ел аумағында ашып, ауқымын кеңейту керек. Үкіметке және әкімдерге осы жұмысты қолға алуды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметінің көбінесе адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қауіпті мамандық екенін атап өтіп, Тәуелсіздік жылдарында қызмет бабында 815 қызметкердің қаза тапқаны, 4,5 мыңнан астамы жарақат алғаны туралы дерек келтірді. Сондықтан қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіндегі ішкі істер органдарының үлесін бағаламауға болмайды.

Біз тәртіп сақшыларын қолдауға әрдайым ерекше көңіл бөлеміз. Кейінгі жылдары полиция қызметкерлерінің жалақысы бірнеше рет өсіп, тұрғын үйді жалға алу құнына өтемақы төлеу енгізілді. Сонымен қатар әкімдерге жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын қызметтерге 30 пайыздық үстемақы белгілеу құқығы берілді. Менің тапсырмама сәйкес биылғы 1 қазаннан бастап жедел-іздестіру қызметі қызметкерлерінің еңбекақысы көтеріледі. Біз полиция қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғауды жақсарту үшін кешенді шараларды жалғастырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент құқық қорғау органдарында қызмет атқарудың жастар үшін тартымды әрі мәртебелі болуы маңызды деп есептейді. Үздік полицейлерді көтермелеп, ерекшелеп, марапаттау ісін қолдайтынын білдірді.

Мемлекет басшысы соңғы кездері құқық қорғау органдарының қызмет бабын асыра пайдалануына қатысты шағымдардың жиілеп кеткенін атап өтті. Президент мамыр айында отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде кәсіпкерлердің көпшілігі тікелей қысым көріп жатқаны туралы шағымданғанын айтқан болатын.

Президент Экономикалық тергеу қызметінің өңірлердегі жұмысына жағымсыз пікірлер көптеп түсіп жатқанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшының айтуынша, заңсыз әрекеттерден Ішкі істер министрлігі қызметкерлері де тысқары емес. Кейбірі жемқорлыққа қатысты айтылып отыр.

Бұл бүкіл құқық қорғау жүйесінің беделіне айтарлықтай нұқсан келтіреді. Қаржы мониторингі агенттігінің күшін алаяқтыққа, қаржы пирамидаларына, капитал мен ресурстарды шетелге заңсыз шығару фактілеріне бағыттау керек. Агенттік көлеңкелі экономикамен күресетін негізгі мемлекеттік органға айналуға тиіс. Біз қоғамда жоғары құқықтық мәдениет және сыбайлас жемқорлық пен заңсыздықтың кез келген көріністеріне берік иммунитет қалыптастыруымыз керек, – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Белсенділер саяси партиялар мен қозғалыстар құруға ынталы екенін мәлімдеп, ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелері бойынша әртүрлі пікірлері мен көзқарастарын білдіреді. Бұл – азаматтық қоғамның жетілгенін көрсететін табиғи процесс. Дегенмен, Президенттің пікірінше, азаматтық белсенділердің барлық әрекеті, соның ішінде наразылық акциялары қолданыстағы заңнамаға және парасаттылыққа қатаң сәйкес келуі өте маңызды.

Заңды бұзуға, заңсыз әрекеттерге баруға, соның ішінде полиция қызметкерлерінің адамдық қадір-қасиетіне, кәсіби ар-намысына қарсы бағытталған әрекеттерге баратындар заңнамамызға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қазақстанның ұлттық мүддесіне қарсы әрекет ететін кәсіби арандатушылар әшкереленуі керек, – деді Мемлекет басшысы.

Жиын соңында Мемлекет басшысы саланың бірқатар қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
Просмотров материала: 702

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 201 067 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 200 687 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 200 182 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 200 239 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 200 604 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 697 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 761 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 064 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 663 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 743 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 940 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 612 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 647 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 427 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 282 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 808 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 521 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 217 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 616 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 425 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 309 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 141 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 993 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 310 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 218 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 712 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 576 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 060 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 292 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 671 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 047 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 988 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 104 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 058 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 255 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 405 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031