15 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев Иран Президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды

20 июнь 2022, 7:03
Тоқаев Иран Президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раиси БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Қазақстан мен Иран президенттері шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келуге шақырған Президент Ибрахим Раиси мен дәстүрлі қонақжайлығын көрсетіп жатқан иран халқына шынайы ризашылығын білдірді.

Иран – ежелгі өркениет ошағы. Сондай-ақ Қазақстанның ислам әлеміндегі маңызды серіктесінің бірі. Әйгілі Фирдоуси өзінің «Шахнамасында» Иран мен Тұранның Ұлы Жібек жолындағы тағдырлас елдер екенін атап өткен. Қазақтың ұлы ақыны Абай Сағдидің, Жәми мен Румидің шығармаларын жақсы білген. Шығыс мәдениетіне терең бойлаған. Мұның бәрі байланысымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқанын көрсетеді. Біз осы ынтымақтастықты одан әрі дамыта түсуіміз керек. Біз – Каспий жағасындағы тату көршілерміз. Тарихымыз тамырлас, салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз ұқсас. Ашаршылық жылдарында талай қандасымыз Иран жерін паналаған. Оларды құшақ жая қарсы алған иран жұртына алғысымыз шексіз. Оны ешқашан ұмытпаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір қарым-қатынасымыздың стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанына тоқталып, Президент Ибрахим Раисидің өзара ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеруге зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

Мен екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалаймын. Ең бастысы, біз әрқашан бір-бірімізге тілеулеспіз. Қазақстан мен Иранның дипломатиялық қатынас орнатқанына биыл 30 жыл толды. Осы уақытта ынтымағымыз нығайып, достығымыз артты. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз жандана түсті. Жаһандық және өңірлік құрылымдар аясындағы ықпалдастық қарқынды дамып келеді. Біз бүгін ауқымды келіссөз жүргіздік. Маңызды мәселелерді талқыладық.
Мемлекет басшысы

Қазақстан Президенті елдеріміздің көлік-транзит әлеуетін толық пайдалануға екі жақ та мүдделі екенін атап өтіп, Оңтүстік пен Солтүстікті, Шығыс пен Батысты жалғайтын тасымал дәлізі маңызды рөл атқаратынын айтты.

Бір апта бұрын Қазақстаннан шыққан жүк пойызын бүгін осында қарсы алдық. Енді ол Түркияға бет алады. Күрделі геосаяси ахуал кезінде бұл айрықша маңызды. Біз транзит, ауыл шаруашылығы және өндіріс саласы бойынша келіссөз жүргіздік. Бұл қазақ-иран байланыстарын одан ары жандандыруға ықпал етеді. Қол жеткізген уағдаластықтар ықпалдастығымызды нығайта түседі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, талқыланған барлық мәселе бойынша өзара түсіністік бар. Сонымен қатар біздің көзқарасымыздың бір, мүддеміздің ортақ екенін айтты. Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты нығайтуға уағдаласты. Қазақстан мен Иран өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты екіжақты қарым-қатынастың басым бағытының бірі ретінде бағалады. Алайда, геосаяси ахуал және экономикалық шектеулер әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отырғанына тоқталды.

Дегенмен, өзара алыс-беріс биылғы бірінші тоқсанда 50 пайызға артты. Ендігі мақсат – тауар айналымының қарқынын еселей түсу. Оған қолайлы жағдай жасау керек. Иран компаниялары Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында табысты жұмыс істеп жатыр. Олар өнімдерін шет мемлекеттерге де шығарып жүр. Бірлескен үкіметаралық комиссия екіжақты экономикалық байланысты нығайтуға зор септігін тигізері анық. Біз бірлескен сауда палаталарын құруды жоспарлап отырмыз. Қазақстан Иран елінің азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізді, – деді Президент.

Келіссөздер кезінде мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға баса мән берілгені, бүгінгі уағдаластықтар соның айқын көрінісі екені айтылды.

Менің бүгінгі сапарым екі ел арасындағы қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймын. Қазақстан барлық міндеттемесін толық орындап, маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын. Осы орайда, біздің елде жоғары деңгейдегі кездесу өткізу қажет деп санаймын. Сондықтан Ибрахим Раиси мырзаны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырдым. Біз бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп, табысқа бірге жетеміз деп сенемін. Екі елдің достығы мәңгі болсын! – деп сөзін аяқтады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының Президенті дипломатиялық достық орнағанына 30 жыл болғанымен, екі ел мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отырғанын жеткізді.

Қазақстан Президентінің бүгінгі ресми сапары аясында жүргізілген келіссөздер мен қол қойылған құжаттар екі ел үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенемін. Біз өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға дейін жеткізуіміз керек. Біздің оған әлеуетіміз жетеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит және мұнай салаларындағы мүмкіндіктеріміз мол. Сондықтан бүгінгі келіссөздердің нәтижесі елдеріміз арасындағы тығыз ынтымақтастықтың берік іргетасы болып қаланатынына сенімдімін.
Ибрахим Раиси
Просмотров материала: 395

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 179 340 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 843 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 178 432 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 178 485 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 785 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 473 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 606 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 838 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 999 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 152 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 772 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 056 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 440 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 094 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 300 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 357 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 036 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 431 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 151 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 156 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 985 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 826 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 090 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 025 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 540 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 058 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 859 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 128 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 490 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 874 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 878 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 840 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 069 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 212 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031