7 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әлихан Смайылов БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

16 июнь 2022, 14:49
Әлихан Смайылов БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

Фото: primeminister.kz
Алматы қаласында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰДБ Әкімшісінің көмекшісі Уша Рао-Монаримен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.


Нью-Йорктегі БҰҰДБ Атқарушы агенттігінің кеңесшісі Дерек Пайпер, БҰҰДБ Еуропа және ТМД бойынша өңірлік бюросы директорының орынбасары Марина Уолтер мен БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Якуп Бериш қатысқан кездесу барысында БҰҰДБ-ның Қазақстандағы қызметі аясында ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Әлихан Смайылов өз сөзінде Қазақстан 1992 жылғы 2 наурызда, тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай БҰҰ-ға мүше боп кіргенін еске салды.

«Содан бері біз БҰҰ-ның қолдауын ұдайы сезініп келеміз, ал оның жаһандық саясаты мен бағдарламаларына қатысу – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі», — деді ҚР Премьер-министрі.

Үкімет басшысының айтуынша, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы қызметі айтарлықтай дәрежеде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Осылайша, агенттіктің қатысуымен және қолдауымен Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында табиғатты қорғау жобалары іске асырылды, сондай-ақ жалпы ауданы 2 млн гектардан астам алты ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылды.

Премьер-министр Қазақстан БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Елдік бағдарламасын қолдайтынын атап өтті.

«Бағдарлама “Жаңа Қазақстан” тұжырымдамасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген елдегі жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар тұрғысында өзекті болып табылады», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Уша Рао-Монари БҰҰ-ның Қазақстанның тұрақты дамуына қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

«ТДМ-ға қол жеткізу даму жолын түбегейлі өзгертуді талап етеді. 2030 жылға дейін бар-жоғы сегіз жыл ішінде дамуды қалпына келтіріп, алға жылжу үшін көп күш-жігер салуымыз керек, — деді Уша Рао-Монари. Бұл үшін адамдарға инвестициялар салу, әлеуметтік қорғауды жетілдіру, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, лайықты жұмыс орындарын құру, жаңартылатын энергия көздеріне көшу және барлығы үшін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет. Мұндай батыл әрекеттер ТДМ қаржыландыру жүйесін қайта қарастыруға алып келеді».


Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ҰЭМ мен БҰҰДБ арасында Тұрақты даму мақсаттары саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібін және БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасын іске асыру аясындағы ниеттер туралы хаттамаға қол қойылды, ол Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ықпал ететін болады.

Еске сала кетейік, 16 маусымда «COVID-тен тыс жерде – Орталық Азияны әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» тақырыбында Тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммит жұмысын бастады. Саммитті ҚР Үкіметі Еуропалық одақ және Азия даму банкінің (АДБ) қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) әріптестікте ұйымдастырды.
Просмотров материала: 408

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 742 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 414 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 916 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 961 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 330 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 529 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 566 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 888 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 551 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 607 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 799 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 802 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 905 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 568 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 439 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 390 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 682 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 422 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 828 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 623 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 447 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 292 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 145 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 492 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 377 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 214 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 195 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 441 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 826 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 176 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 126 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 259 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 201 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 433 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 579 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930