10 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды

15 июнь 2022, 12:58
Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды

Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 маусым күні «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай (бұдан әрі – Ұлттық құрылтай) Қазақстан Республикасының президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып саналады. Ұлттық құрылтай қызметінің негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау. Ұлттық құрылтай өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады. – делінген ресми хабарламада.

Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:

қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;

өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Ұлттық құрылтайдың құрамы
Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтайдың төрағасынан, оның екі орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұрады. Қазақстан Республикасының президенті Ұлттық құрылтайдың төрағасы (бұдан әрі – Төраға) болып саналады.

Ұлттық құрылтайдың құрамы

Төраға:

Ұлттық құрылтайдың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

Ұлттық құрылтайдың отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;

Төрағаның орынбасарларына, Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне және хатшысына тапсырма береді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары болып танылады, оның отырыстарының күн тәртібін бекітеді және төрағаның тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатарынан жасақталады. Ұлттық құрылтайдың құрамы кезең-кезеңмен, оның мүшелеріне ротация жүргізу тәртібімен жаңартылып тұрады.

Ұлттық құрылтайдың мүшелері:

Ұлттық құрылтайдың жұмыс органына Ұлттық құрылтайдың жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі жөнінде ұсыныстар енгізуге;

Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды дайындауға қатысуға;

Ұлттық құрылтайдың отырысында қаралатын мәселелерді қоғамда талқылауға және түсіндіруге қатысуға құқылы.

Ұлттық құрылтайдың мүшелері өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқылы емес.

Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы болып саналады.

Ұлттық құрылтай отырыстарының күн тәртібі мен бағдарламасының жобасын қалыптастырады;

Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық ұсынымдар мен ұсыныстардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

Ұлттық құрылтайдың қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады және алады;

Ұлттық құрылтай қабылдаған ұсынымдар мен ұсыныстардың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;

Ұлттық құрылтай қызметінің шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Просмотров материала: 750

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 199 243 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 198 854 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 198 355 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 198 403 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 198 774 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 599 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 669 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 974 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 544 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 632 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 846 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 586 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 633 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 418 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 271 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 785 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 511 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 204 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 602 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 404 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 300 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 131 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 982 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 291 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 202 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 698 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 560 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 047 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 284 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 663 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 040 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 977 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 088 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 044 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 241 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 392 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031