23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Экологиялық апат алдындағы аймаққа айналған Ұлытауды гүлдендіретін сәт туып тұр

15 июнь 2022, 9:17
Экологиялық апат алдындағы аймаққа айналған Ұлытауды гүлдендіретін сәт туып тұр
Жезқазған облысы таратылып, күні кеше ғана Ұлытау өңірі ретінде қайта еңсе тіктегенге дейінгі аралықта қандай күрделі проблемалар қордаланып қалды? Оны шешудің жолдары қандай? Қазақстанның Құрметті журналисі, Ақпарат саласының үздігі Амандық Рахұлы ҚазАқпарат тілшісіне осы сауалдар төңірегінде мазмұнды мәлімет берді.


Ардагер журналист Амандық Рахұлын тыңдасаңыз, кейінгі 30 жылда Жезқазған адам танымастай өзгерген. Өкініштісі сол, өзгерістің жағымсыз жақтары жағымды жағынан көбірек.

«1997 жылы мамыр айында Жезқазған облысы таратылып, Қарағанды облысына қосылдық. Сол кезде мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыру бөлімінде бас инспектор болып жұмыс істеп жүргенмін. Бізге бірден ескертіп, төрт айлық жалақымызды қолымызға ұстатып, қоя берді. Өмір бойы редакцияда істеп, газеттен мемлекеттік қызметке келгеніме бір-ақ жыл болған. Облыс жабылып, елдің бәрі әрі-сәрі күйге түсті, қысқасы», - деп бастады әңгімесін 70-тегі ардагер әріптесіміз. Айтуынша, облыс таратылған соң жұрттың көбі «енді не болдық» деп дағдара бастаған.

«Біраз адам қызмет қуып, жаңадан ашылып жатқан астанаға, Қарағандыға қарай кете бастады. Мамандығың журналист қой деп Тарату комиссиясы мені қайта газетке жіберді. Жезқазғанның облыстық газеті қалалық газетке айналып, ұжымның тең жартысы қысқарып жатқан. Мен солардың жұмысына ортақтастым. 1-2 айдың ішінде қалалық газет болып құрылымдалған ұжымда редактордың орынбасары болдым. Сондағы есімде қалғаны облыстың таратылуы көп адамға ауыртпалық, қиыншылық болып тиді. Бірте-бірте Қарағанды облысына үйреніп кеттік», - дейді ардагер журналист.

Амандық Рахұлы Жезқазғанның жағдайы Қарағандыдағы облыстың әкіміне тікелей байланысты екенін бірнеше рет анық сезінген екен.

«Мысалы, Серік Ахметовтің уағында, Камалтин Мұхамеджановтың уағында жақсы болды. Нұрлан Нығматулиннің кезінде жаман болған жоқ. Кейінгі уақытта индустриялық-инновациялық бағдарлама қолға алынғанда көп жоба Қарағанды облысында жүзеге асып жатты да, Жезқазған елеусіз қала берді. Макарон шығаратын шағын ошақ, кондитерлік цех сияқты нысандар салынды да, соны әлдеқандай жоба ретінде жарнамалап жүрді. Үлкен жобаның бәрі Қарағандының маңында, Теміртау, Саран, Шахтинск сияқты қалаларда бой көтеріп жатты. Сол кезде халық кішкене реніш білдіре бастады. Әйтеуір өңірлерді дамытудың кешенді жоспары шығып, соның ішінде Жезқазған-Бейнеу теміржолы салынып, 1-2 жыл халық жақсы болып қалды. Осыдан кейін өзіміз қайтадан облыс болсақ деген бастамалар көтеріле бастады. Кейінгі 10 жылдың ішінде «Жезқазған азып-тозып барады. Өз алдына облыс болуы керек» деген әңгімелер айтылып жүрді», - деп еске алды көнекөз маман.

«Табиғат бірде шөл, бірде көл»

Оның сөзінше, бұл жердің басты проблемасы – аузысу.

«Жезқазған қаласында ауызсу сапасы өте төмен. 60-70 процентке дейін Кеңгір дейтін ашық су қоймасынан аламыз. Судың айналасы жақсы қорғалмаған. Тазалық аз. Оған ит те түседі, ел мәшинесін де жуады. Су тазартатын гидроцех арқылы тазартып береді. Дегенмен, судың сапасы табиғатқа тәуелді. Ұлытау жақтан Қаракеңгір деген өзен жақсы тасыған жылдары құяды. Мысалы биыл жөнді су келмеді. Тоқтау су болған соң таяздап кетсе иістенетіні бар. Ауызсу сапасы нашар деп отырғаным сол. Ондай кездерде халық суды үнемдеуге көшіп, қиналып қалады. «Табиғат бірде көл, бірде шөл» дейді ғой, сондай әңгіме», - деді Ақпарат саласының үздігі.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келгенде осы жағдайды біліп, «Қазақмыс» корпорациясына, Үкімет басшыларына бірлесіп, әрі кеткендке 1,5 жылдың ішінде шешу туралы тапсырма берген екен.

«Жезқазғаннан 60 шақырымдағы Үйтасы-айдос деген жерде жерасты су көзі бар. Кеңгір қоймасының суына 30-40 процент суды сол Үйтасы-айдостан алып, араластырады. Одан көп алуға ұңғымалардың мүмкіндігі келмейді. 60-70 жылдан бері істеп келе жатқандықтан құбырлары тозған, қатты қысым берсе, жарылып кетеді. Президенттің тапсырмасы осы күнге дейін тыңғылықты орындалмай келді. Созбақталып, техникалық-экономикалық негіздемесі көктемнен бері әлі жасалып болған жоқ. Ұңғымалар жаңартылса, қазіргі 30-40 проценттің орнына 50-60 процент жерасты суын беруге мүмкіндік туар еді. Онда судың сапасы қазіргіден жақсаратын еді», - деп армандайды қала тұрғыны.
Экологиялық апат алдындағы аймаққа айналған Ұлытауды гүлдендіретін сәт туып тұр

Мердігер 90 млрд теңгені азсыныпты

Оның пайымынша, Жезқазғандағы екінші үлкен проблема – 420 шақырымдық Жезқазған-Қызылорда жолы.

«Биыл Қызылорда жағының 200 шақырымы басталып, жасалып жатыр деп естиміз. Екінші бөлігіндегі 208 шақырымдық учаскенің сапасы өте төмен. Жауынды күндері кейбір тұсында көліктер батпақта тұрып қалады. Сол азаптан құтылатын күнді күтеді халық. Осы жоба басталмай тұр. Әнеукүні жобаны қаржыландыратын «Азия даму банкінің» өкілдері келіп, «Біз 90 млрд теңге несие бермекші едік, соны мердігерлер азсынып жатыр. Бағаның көтерілгенін алға тартып отыр» деген уәж айтып, қоғамдық тыңдау өткізді. Сол тыңдауда жоба келесі жылға қалатын болды деген халықтың көңілін қалдыратын жаңалық айтып кетті. Халық келесі жылы да баға өсетінін, бүйте берсе жыл сайын бағаның тоқтағанын күтіп қала беруіміз мүмкін екенін айтып жүр. Жаңадан келіп жатқан әкім Берік Әбдіғалиұлы осы мәселелерді Президентке жеткізем, биыл бастау керектігін айтам деп отыр. Ендігі бір үміт сонда», - дейді Амандық Рахұлы.

Зейнет жасында болса да туған өлкенің тағдырын талмай жазып жүрген кәсіби маман өңірдегі экологиялық проблеманың екі үлкен өзегін атады.

«Халықтың осы өңірден кетуіне облыстың жабылуынан бөлек экология факторы да қатты әсер етті. Денсаулығын ойлаған адамдардың көбі экология мен аузсу мәселесінен құтылу үшін көшті. Шамасы келгендердің бәрі ұрпағының келешегін ойлап, үлкен қалаларға кетті. Бұл өңірде онкологиялық аурулар мен жүрек-қантамыр аурулары көп. Оны халық Байқоңырдан ұшқан зымырандардың бөлшегімен бірге құлайтын протоннан көреді. Оған қоса бізде мыс зауыты бар», - дейді журналист.

Зауыт жақтан жел соқса...

Айтуынша, жел зауыт жақтан соқса, бүкіл қаланы газ басып қалады.

«Мамандар ол жерден ауаға тарайтын зиянды заттарды азайту үшін күкірт қышқылы цехын жаңарту керек екенін айтады. Күкірт қышқылын кезінде алатын тұтынушы кәсіпорындар болған екен. Қазір алатын адам жоқ. Содан түтінмен қосып ауаға таратып жібереді. Бұл суға жерге, топыраққа, адамға зиянды ауыр металдар тарап жатыр деген сөз. Айтып отырған цех «Қазақмыстың «еншілес кәсіпорнына тиесілі. Басшылары жыл сайын күкірт қышқылы цехын жаңартуға уәде береді. 60 жылдан бері ескі технологиямен жұмыс істеп тұрған цех қой. Осы жаңармай келе жатыр», - дейді осы тақырыптағы бірнеше сараптамалық мақаланың авторы. Ұлытау халқы үшін Жетіқоңырдың жағдайы да өзекті мәселе көрінеді.

«Байқоңырдан ұшатын зымырандардың екінші бөлінетін сатысы Жезқазғаннан 60-70 шақырымдағы Жетіқоңыр даласына құлап келді. Осыны ескеріп, қоғам белсенділері Ұлытау өңірін экологиялық апат алдындағы аймаққа жатқызсақ деген мәселе көтеріп жүр. Онда халыққа үстемеақы төленеді деген үміт те бар. Биыл Үкімет осыған байланысты ведомстваралық комиссия құрды. Экология, геология, жәна табиғи ресурстар министрлігінің бастауымен маусым айында жұмысқа кірісуі керек болған. Халық сол комисиисяның қандай қорытынды шығаратынына алаңдаулы. Қаржы тапшылығын, саяси мәселелерді алға оздырып, мәселе кешеуілдеп қала ма деген күдік те жоқ емес», - дейді кейиді әріптесіміз.

«Қазақмысқа деген талап күшейсе...

Осындай күйзелістен ес жиюға мұрсаты болмай жүрген жезқазғандықтар үшін Ұлытау облысының құрылуы ерекше жаңалық болған көрінеді.

«Осындай қиыншылықтарды бастан өткеріп отырған халық облыстың ашылуын үлкен қуанышпен қабылдап жатыр. Осы көкейтесті, күрделі проблемалар шешімін табатын шығар деп үміт артып отыр. Оның ішінде аузысу, Қызылорда жолы, бірте-бірте «Қазақмысқа» деген талап та күшейер деп күтіп отыр. Алғашында тым болмаса осы мәселелер шешімін тапса, халықтың көңілі орнына түсе бастар деп ойлаймыз. Қазір ел түгел «Қазақмыстың» кәсіпорындарына қарап отыр. Көбі шахталарда, кеніштерде, зауыт-фабрикаларда жұмыс істейді. Олар да мәңгілік емес. Мұндағы кеннің қоры 30-40 жылға жетеді деген болжамдар бар. Соның бәріне дайын болу үшін, халықтың жөнді өмір сүруі үшін экономиканы әртараптандыруға көңіл бөлінсе деп ойлаймын», - деген Амандық Рахұлы ел аузында жүрген бірнеше нақты ұсынысты да атады.

«Бізде негізінен мыс ширатпасын шығарып, экспорттайды. Былайша айтқанда, ол таза шикізат. Сол мыстан кәбіл сияқты дайын өнім шығаратын цехтар неге ашпасқа? Кейінгі 30 жылдың ішінде Жезқазғанның алға басқанынан кері кеткені көбірек болды. Өйткені 100 мыңның үстіндегі халықтың 90 мыңға жетпейтіні ғана қалып отыр. Жас мамандар азайып кетті. Оқыған-тоқығандардың бәрі астана, Алматы, одан қалды Қарағанды кетті. Бізде дәрігерлер жетіспеді. Қазір мұғалім тапшылығы да бар», - дейді журналист.

Жезді мен Жезқазғанның мұң-зары бір

Жезқазғанның әлеуеті ортайғанын аналитик әріптесіміз құрылыстың тоқырап қалуымен-ақ байланыстырып отыр.

«Жезқазған облыс орталығы болудан қаған 20 жылда бірде-бір көппәтерлі тұрғын үй салынбады. Тек өңірлерді дамытудың кешенді жоспары аясында ғана 30-50 пәтерлік шағын үйлер ғана салынды. Құрылысқа жан біткені кейінгі екі жыл ғана деуге болады. Сонау елуінші салынған үйлерде әлі тұрып жатқандар бар. Ағаштан қаусырып салған қосқабатты үйлер Абай көшесінің бойында әлі бар. Оның нарықтағы бағасы 3 млн теңге. Сатып құтылайын десе, баспанасыз қалғалы тұр. Осылайша апаттық жағдайда тұрып жатқандар бар. Сондықтан құрылысқа көңіл бөлінсе деген ойымыз бар. Ұлытаудың тарихи рөлін, Жошы әулетінің жүрген-тұрған ізін туризм көзіне айналдыру жобалары құптарлық Бірақ онымен бүкіл халықтың асырау қиын сияқты. Бұл жерде ертеде Жезқазған трикотаж фабрикасы деген болған. Оның ғимараты қазір қаңырап, иесіз қалды. Жабдықтарының бәрі құрып кеткен. Әйтпесе әйел адамдарға жұмыс беріп тұрған таптырмайтын нысан еді. Совет одағы ыдырағанда бүкіл экономикалық байланыстар үзілді де, тапсырыссыз қалды. Кейін жолға қоймақ болған ивестордың ісі де өне қоймады. Сол әлеуетті қайта тірілтуге болады. Жезқазған жартылай шөлейт аумақта жатыр. Жезді су қоймасына щахтадан әр түрлі зиянды су қосылып, тағы басқа зиянды сұйықтар қосылып, жарамсыз болып қалған. Сол жүйені қалпына келтіру керек. Сонда Жезді су қоймасы арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін жолға қойып, бұрынғыдай Жезқазған мен Сәтпаев қаласын азық-түлікпен қамтамасыз етуге болады», - деп түйіндеді ардагер журналист.
Просмотров материала: 1 476

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 272 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 088 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 743 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 762 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 069 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 665 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 836 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 913 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 154 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 298 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 666 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031