23 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Алдап шақырды»: солтүстікке қоныс аударған отбасы тамақ таппаған соң кері көшіп кетті

«Алдап шақырды»: солтүстікке қоныс аударған отбасы тамақ таппаған соң кері көшіп кетті

Фото: AzattyqRuhy.kz
Солтүстікке қоныс аударған көпбалалы отбасы Алматыға қайта көшіп кетті. Әкімдердің уәдесіне сеніп солтүстікке қоныс аударған алты баласы бар ана жоқшылықтың зардабын әбден тартқан. Балалары аштыққа шыдамаған соң, жесір әйел ұл-қыздарын алып, еріксіз көшуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Бұған дейін Ақмола облысының Обалы ауылындағы отбасы туралы мәлімет жариялаған едік. Щучинск қаласынан 35 км жердегі ауылға қоныс тепкен отбасы жарты жыл әрең шыдаған. Өйткені баспана, сиыр, өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз етеміз деген жергілікті билік уәделерін сол қалпы ұмытып кеткен. Қисайған ескі үйде қыстап шыққан жалғызбасты әйел балаларына айлап макарон ғана бере беріп келген.

«Көргенімді сөзбен жеткізе алмаймын, бұл бізге сынақ болды. Солтүстікте 50 жыл жүргендей қиналдық. Әкім келіп, «шулатпа, ары қарай тарап кетпесін, тоқтатыңыз» деді. Бізден де жағдайы нашар екенін айтып кетті. Ауылдағы тұрғындар «әкім уәдесін орындамайды, үнемі жылап жүреді, құр жұбатып кетеді» деп айтқан. Қысқасы ештеңе өзгермеген соң көшіп кеттік. Соңғы екі күнде мүлдем жейтін тамақ таппай қалдық. Кері көшіп бара жатқанымызды ауылдың чатына жазып едім, ол жерден мені мұғалімдер шығарып тастады. Өйткені басқалар да кері көшіп кетеді деп қауіптенді. О баста берген уәделеріне риясыз сеніп қалдық», - деді жалғызбасты ана Камилла Исмайылова.

Оқи отырайық: «Асылып өлуден басқа жол қалмады»: Ақмола облысында жесір әйел алты баласымен бірге аш отыр

Обалы ауылы картадан жоғалып бара жатқан соң жергілікті билік еліміздің түкпір-түкпірінен көпбалалы жанұяларды іздеген. Тегін баспана ғана емес, тіптен қорасына мал әкеліп, қажет болса жұмыспен де қамтамасыз ететіндерін айтып, ресми түрде жар салған. 100-ге тарта үй түтін түтетіп отырған ауылда бала саны күрт азайғандықтан, мектептің жабылу қаупі де туындаған еді. Былтырғы оқу жылында мектепті Исмайыловтардың жанұясы құтқарып қалған. Тоқыраудан көз ашпаған ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарта алмаған әкім жоқшылықтан әрең отырған көпбалалы ананы қорқытуға көшкен.



«Ел қатарына қосылайық деп барғанда әкімдіктегілер АӘК-ті бірнеше ай бойы төлемеген. Балаларды қудалау мектептен басталса, мектеп басшылығы бұған көз жұма қараған. Олар «бөтен адамдар» саналды. Әкім балалардың қиын жағдайын көрсе де «бәрі жақсы болады, күтіңдер» деумен шектеліп, кетіп қалған. Онсызда тағдырдың тәлкегін көп көрген отбасын алдап шақырып, уәделеріне немқұрайлы қараған. Биыл балалар жылы, сонда оларға деген биліктің қамқорлығы осы болғаны ма?! Бар ақшаға азық-түлік алып бердік. Әлі де көмек керек. 80 мың теңгеге «времянка» жалдап алдық. АӘК алу үшін тұрақты тіркеуге тұруы керек», - деді қоғам белсендісі Жұлдыз Несіпбаева.

Еріктілер ақша жинап, аш отырған отбасының кері қайтуын ұйымдастырған. Қиын жағдайда тұрып жатқан жалғызбасты әйелдің жағдайын естіген ел бір аптада 114 мың теңге жинап берген. Жүрегі жаралы жандар пойызбен Алматыға жетті.

«Көңіл күй жақсы. Балаларым қуанып жатыр. Түнгі сағат 2-де қашқандай болып көшіп кеттік. Шыдамымыз таусылды. Қиналғанда адам басына небір ойлар келеді екен. Өмірден түңіліп кеттік. Солтүстікке елді көшірудің бағдарламасы өтірік. Жалған уәдеге бәрінің жүйкесі шыдамайды. Әкімдердің айтқанына сеніп, көшемін дегендер әбден ойлануы керек. Барған күннің өзінде де дәл біз барған ауылға ешбір отбасының қоныс аударғанын қаламас едім. Қараусыз қалған, құлағалы тұрған, тышқаны жорғалап жүрген үйді берді. Биліктегілер балаларымның қиын жағдайына қысылып отырған жоқ, ауыл жойылса, өздерінің айлығынан, орындарынан айырылып қалатындарын білгендіктен жұртты алдап шақырады», - деді көпбалалы ана.

«Алдап шақырды»: солтүстікке қоныс аударған отбасы тамақ таппаған соң кері көшіп кетті


Айта кетейік, Исмайыловтар отбасына жәрдем беру үшін байланыс нөмірі: +7 777 022 46 62. Сол сияқты қаржылай көмекті Kaspi арқылы осы нөмірге жіберуге болады.
Просмотров материала: 1 088

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 608 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 214 278 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 776 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 816 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 214 190 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 418 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 453 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 775 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 428 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 491 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 684 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 773 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 867 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 544 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 419 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 315 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 657 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 395 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 795 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 595 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 426 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 271 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 127 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 471 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 356 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 836 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 131 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 179 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 417 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 805 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 161 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 102 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 237 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 178 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 398 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 550 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31