26 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президент Жарлығы. Жаңа облысты дамыту үшін жаңа кадр керек

08 июнь 2022, 10:06
Президент Жарлығы. Жаңа облысты дамыту үшін жаңа кадр керек

Фото: Ашық көзден
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы халыққа үндеуінде елімізде жаңадан үш облыс құрылатынын мәлімдегені белгілі. Осы Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру экономикалық тұрғыдан қаншалықты тиімді? Алматы облысының орталығы болып келген Талдықорғанның жағдайы бұрынғыдай құлдырап кетпей ме? Жаңа облыстарды кімдер басқарғаны дұрыс? Осы және өзгеде сұрақтарға GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы, экономист Мақсат Халық жауап берді.

Экономист елімізде жаңадан үш облысты құру – бұрынғы облыстардың үлкендігінен және ол жақта қордаланған мәселелерді шешу үрдісінің қиындығына байланысты қабылданған шешім деп санайды.

Бұл әсіресе шекаралық аймақтармен байланысты. Өйткені шекара маңындағы елдімекендерден халықтың кетуі байқалады, ауылдардың тозып, босап жатқанын көріп отырмыз. Демек, билік бұл мәселелерді шешу үшін осындай қадам арқылы әрекет етпекші. Бұл тұрғыдан қарағанда облыстарды құру жөніндегі ойдың, бағыттың дұрыстығын атап өту керек,-дейді ол.

Сонымен қатар ол жаңа облысты құру қосымша шығынды қажет ететінін айтады. Алайда бұл үрдіс халықтың көңіл-күйіне оң әсер етіп, алдыға ұмтылуға, дамуға жаңа серпін беруі мүмкін деп санайды.

Иә, сөз жоқ бұл қосымша шығынды қажет етеді. Экономикалық жағынан қазіргі уақытта тиімді ме дегенге келсек, шынын айту керек тиімсіз. Оған қоса бұл аймақтар өзін-өзі қамтамасыз етіп, донор болып отырған жоқ. Бұл аймақтар керісінше дотацияда отыр. Енді мемлекеттік бюджеттен тағы қаржы бөлінеді. Осы тұрғыдан келгенде тиімсіз деп айтуға негіз бар. Дегенмен, бұл жерде халықтың көңіл-күйіне мән беру керек. Сол жерде тұрып жатқан азаматтар өздерін қаншалықты бақытты сезінеді? Міне, осындай мәселелерді ескере келе облыс құру шешімі қабылданды деп санаймын. Егер халықтың көңіл-күйі жақсы болса, үкіметке деген сенімі де артады. Оған қоса үкіметтің жасап жатқан жұмыстарын қолдайды және келешектегі бағдарламаларына да халық тарапынан сенім болады. Ал, сенім дегеніміз экономиканы қозғаудағы ең маңызды тетіктің бірі. Осы тұрғыдан келгенде оның белгілі дәрежеде пайдасы бар,-дейді М. Халық.

Сонымен қатар ол жаңадан құрылатын облыстардың дамып, ондағы халықтың әл-ауқатының көтерілуі өңір басшысы мен шенділерге тікелей байланысты екенін айтады. Сол себепті әкім болып кімдер келетіні маңызды болып отыр.

Ел басқаратын шенділер кімдер болатыны маңызды. Олар бұрынғы жүйелік дағдарысты алып келген мемлекеттік аппараттың өкілдері бола ма деген сұрақ туындайды. Қазір Жаңа Қазақстанды құрамыз деп көп айтамыз. Бірақ бұрынғы кадрлармен Жаңа Қазақстанды қаншалықты құра аламыз? Соңғы жылдары президенттің Жолдауларында көтерілген мәселелердің барлығы өзекті, президент қоғамда бар маңызды мәселелерді көтереді, бірақ оның орындалуына келгенде бұл процесс екі-үш жылға созылып кетеді немесе мүлде басқа сипат алады. Әкімдер халыққа қызмет көрсетудің орнына айқайлап жатқанын көрдік. Бізде басшының, әкімнің этикасының өзі дұрыс қалыптаспаған сияқты. Осы төңіректе бізге жұмыс істеу керек. Өткенде әкімдерді менеджер деп айтайық деген әңгімелер шықты. Олар халықты басқару үшін емес, қызмет көрсету үшін бара жатыр дегендей айтылды,-деді ол.

Оның айтуынша, облысты басқаруға баратын адамдардың біліктілігі мен қарым-қабілеті өте маңызды. Өйткені біздегі шенділердің көбінің сын-қатерлерді басқаруда қабілеттері төмен көрінеді.

Шенділердің көпшілігі дағдарысқа қарсы менежментті жақсы меңгерген деп айту қиын. Мұндай қабілеті жоқ мамандар облысты басқарып, қалай жұмыс істейді? Оның үстіне қазір әр күн сайын небір мәселе туындап жатады, ал айлар бойы қаншама сын-қатер болады. Қаңтар оқиғасы болды, келесі айда Украинада соғыс басталды. Бұл соғыстағы геосаяси факторлар бізге көп әсерін тигізіп жатыр. Импорт пен экспортта, логистикада көптеген мәселе туындады. Бұл мәселелер қалай шешімін тауып жатыр? Қаңтар оқиғасының өзінде де айқын байқалған бір мәселе – біздегі әкім-қаралардың коммуникациялық процестен жұрдай екендігі. Мысалы, халықпен барып не сөйлесе алмайды немесе жасап жатқан істерін, позициясын айта алмайды. Жасалып жатқан саясат дұрыс болса да оның дұрыс екенін жеткізе алмайды. Осынадай процестерде шенділердің әлсіздігі, дәрменсіздігі байқалды. Бұл процестерді біз көп көреміз және бұл халықтың сенімін жоғалтады,-дейді экономист.

Сондай-ақ ол өңірлерді басқарған кезде ашықтықты қамтамасыз ету керектігін жеткізді. Қай облыс болмасын өңірдің бюджетін қалыптастырған кезде жергілікті халық ішінен шыққан сенімді адамдармен, ақсақалдармен кеңес жүргізуіп отыруы керек. Мынанша ақша бөлінді, бұған мектеп саламыз ба әлде балаларға қажетті кітапхана тұрғызамыз ба деп, жоспардың барлығын ақылдасу арқылы жүзеге асырғаны жөн деп санайды. Жабық есік күйінде өткен жиындардың салдарынан бөлінген қаражаттың талан-таражға түсіп, салынған мектептің қабырғасы құлап жатыр деген ойда.

Жаңадан құрылып жатқан Ұлытау, Абай облыстарында халықтың қуанып жүргенін байқауға болады. Ал, Жетісу облысында мұндай көңіл-күй білінбейді. Тәуелсіздік алған жылдары Талдықорған облысының экономикасы қатты құлдыраған, кейін Алматы облысымен қосылып, орталық еткен соң тынысы ашылғандай болған. Енді Алматы облысы қайта бөлек шыққан соң Жетісу облысының экономикасы қалай болады деген уайым бар. Өйткені былтыр Алматы облысы бюджетінің былтырғы түсімдерінің тең жартысы Іле ауданынан болған. Қонаев қаласы, Қарасай мен Талғар аудандарынан 100 миллиард теңге түскен. Яғни өндіріс пен түсімнің басым бөлігі Алматы облысында қалып отыр. Сондықтан Жетісу облысына қиындау болмақ. Экономист Мақсат Халық бұл мәселеде де көп нәрсе өңірді басқаратын әкімдердің біліктілігіне байланысты деп отыр. Егер мықты менеджер келсе елдің дамуын бәсеңдетпей, керісінше үдете түседі.

Бұл жерде де жаңа айтқанымдай көп нәрсе сонда баратын кадрлардың біліктілігіне байланысты. Ал, Алматы облысының орталығы болып жатқан Қонаев қаласының әлеуеті жоғары. Облыс орталығына айналған соң инфрақұрылымы мен басқа саласы да дами түседі. Мәселен, Түркістан қаласы қалай өзгергенін көріп отырмыз. Сондықтан тоғыз жолдың торабында тұрған Қонаев қаласының да мүмкіндіктері зор,-дейді экономист.

Айта кетсек, Жетісу облысының аймағына 8 аудан, 2 қала мен 352 ауылдық округ кіреді, ал Алматы облысының құрамына 9 аудан, 1 қала мен 380 елдімекен бар.

Бұған дейін Талдықорған екі рет облыс ретінде құрылса, екі рет Алматы облысына қосылған екен. 1944-1959 жылдары облыс болса, кейін 8 жыл Алматы облысының құрамында болыпты. Кейін 1967 жылы қайта құрылып, 30 жыл облыс орталығы болған. Дегенмен, тәуелсіздік алған тоқырау жылдары Алматы облысына қайтадан қосылды. Биыл президенттің жарлығымен Алматы облысынан бөлініп, Жетісу өңірі болып құрылып жатыр.
Просмотров материала: 373

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 828 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 660 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 301 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 327 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 635 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 506 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 678 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 749 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 941 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 086 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 465 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 333 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 656 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 551 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 362 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 463 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 659 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 328 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 672 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 437 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 432 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 273 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 121 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 364 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 298 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 827 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 175 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 151 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 371 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 698 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 122 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 138 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 179 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 104 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 335 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 487 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930