23 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ана өлімі, оқушы қыздардың жүктілігі, суицид: Қазақстанда әйелдер саны азайып барады

07 июнь 2022, 12:34
Ана өлімі, оқушы қыздардың жүктілігі, суицид: Қазақстанда әйелдер саны азайып барады

Фото: AzattyqRuhy.kz
31 мамыр күні зерттеу жұмыстарымен айналысатын Ranking.kz орталығы Қазақстанда әйелдер саны азайып жатқаны туралы деректер жариялады. 2022 жылдың басында жастардың жалпы санындағы жас әйелдер үлесі небәрі 48,87%-ды құраған, яғни жартысынан да аз. Оның үстіне, қыздардың үлесі жылдан жылға азайып келеді. Мәселен былтыр бұл көрсеткіш 48,92%, бес жыл бұрын – 49,5%, одан он жыл бұрын – 49,88% болған еді (яғни, жігіттермен бірдей болатын). Статистика халықаралық ұйымдардың болжамын растап отыр. Осылайша, БҰҰ-ның «2019 жылға арналған әлемдік демографиялық перспективалар» баяндамасына сәйкес, сарапшылар Қазақстандағы ерлер мен әйелдер арасындағы алшақтықтың одан әрі қысқаратынын айтады.

Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстандағы әйелдер үлесінің азайып қалуының себебі жөнінде белгілі әлеуметтанушы, Eurasian Center for People Management (ЕСРМ) бас директорының талдау жобалары жөніндегі орынбасары Леся Қаратаевамен сұхбатында анықтап білді.

Ана өлімі, оқушы қыздардың жүктілігі, суицид: Қазақстанда әйелдер саны азайып барады



15-19 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДАР СУИЦИДІНЕН ҚАЗАҚСТАН ТМД-ДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Қазақстандағы әйелдер үлесінің жылдан-жылға азаюына әсер ететін бірнеше фактор бар. Оның ең бастысы – ерте жүктілік, еңбегі байқалмайтын үй шаруасы, сол сияқты жұмыс орнындағы және үйдегі екі есе жүктеме. Бұл орайда тұрмыстық зорлық проблемасы да жоқ емес.

«Неліктен ерте жүктілік басты проблема десеңіз, Қазақстан ТМД елдері арасында 15-19 жастағы қыздар суицидінен ең бірінші орында тұр. Аталған мәселе өте өзекті. Себебі жастардың өлім жағдайына ерте жүктілік проблемасы айрықша әсер етіп отыр. Нақтырақ айтқанда жүктілік пен босанудың дұрыс өтпеуі, сондай-ақ сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігінің болмауы себебінен әлемде күн сайын 800-ден астам әйел мен 7 мыңға жуық жаңа туған бала өліп жатыр.

Әлемдік ғылымда ана өлімі мәселесіне арналған зерттеу жұмыстары жетерлік, алайда зерттеушілер арасында бұл құбылысқа әсер ететін факторлар туралы консенсус жоқ. Көптеген авторлар ана өлімінің көрсеткіштері артуын – босандыру мекемелерінің жұмысын ұйымдастырудың сапасы мен деңгейіне байланысты деп санайды. Ал енді бір зерттеушілер ана өлімі экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-гигиеналық және мәдени факторлардың жиынтық әсерінің нәтижесі деп санайды», - дейді Леся Қаратаева.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АНА ӨЛІМІ ЖӘНЕ ОҚУШЫ ҚЫЗДАРДЫҢ ЖҮКТІЛІГІ

Біздегі ана өліміне көп жағдайда жүкті әйелдің денсаулығының жай-күйінің дұрыс бақыланбауы, медициналық көмекке кеш жүгіну, сондай-ақ, акушер-гинекологтар мен реаниматологтардың жетіспеушілігі себеп болып отыр, дейді әлеуметтанушы.

«Жалпы алғанда әйелдің жасы, тұқым қуалаушылық және кез-келген күтпеген жағдайларға қатысты шартты түрде басқарылмайтын факторлардың әсері, шартты түрде басқарылатын факторлар да есепке алынады. Соңғысына отбасын жоспарлау, салауатты өмір салтын ұстану, кеңес беру және медициналық көмек алу үшін мамандарға уақытылы жүгіну және т.б. кіреді.

Тағы бір маңызды қауіп факторының бірі – жасөспірімдердің жүктілігі. 2010-2015 жылдары 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің дүниеге келуінің әлемдік көрсеткіші 1000 қызға шамамен 46 тууды құрады. Жасөспірімдердің туу көрсеткіші және оның қоғам ішіндегі қолайлылығы белгілі бір елдің мәдениеті мен дәстүрлеріне байланысты екенін ескеру қажет. Жасөспірімдердің тууының ең жоғары деңгейі – Орталық Африкада тіркелген – әр 1000 қызға 139. Ең төменгі орташа көрсеткіш Еуропаға тән – 1000 жасөспірім қызға 16 жасөспірім жүктілігі. Қазақстанда 1995 жылмен салыстырғанда жасөспірімдердің бала туу көрсеткіші 2 есеге азайғанымен, проблема түбегейлі шешімін таппады», - дейді ол.

Сөзін жалғай отырып, медициналық көмекті жетілдіру орталығы мамандарының пікірінше, 15-19 жастағы қазақстандық қыздар Экономикалық Ынтымақтастық Даму Ұйымына мүше елдердің жасөспірім қыздарына қарағанда алты есе жиі туатынын айтты.

«БҰҰ қорының ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеуі көрсеткендей, 15-19 жастағы қазақстандықтардың 30%-ы жыныстық белсенді болып саналады. Жыныстық өмірдің басталуының орташа жасы – 16,5 жас. Жыныстық белсенді жасөспірімдердің 17%-ында күтпеген жүктілік бар және аталған жағдайлардың 40%-ы сәтсіз аяқталады. Жасөспірім қыздардың жүктілігі және онымен байланысты денсаулыққа төнетін қауіп медицина шеңберінен шығып кетіп жатады», - деді Eurasian Center for People Management (ЕСРМ) бас директорының талдау жобалары жөніндегі орынбасары.

«НӘТИЖЕСІЗ АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӘНЕ КОНТРАЦЕПЦИЯ МӘДЕНИЕТІ»

Леся Қаратаева бұл проблеманы және оның тигізетін зияны туралы тереңірек түсіну үшін үш басты аспектіні бөліп айтты. Оның алғашқысы – елдегі ағартушылық жұмысының жетіспеушілігі. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау Комитетінің және «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен Шығармашылық бастамашыл әйелдер Лигасы қоғамдық бірлестігі жүргізген зерттеу көрсеткендей, жасөспірімдердің жыныстық өмірінің ерте басталуына – контрацептивтік мәдениеттің төмендігі, жасөспірімдерге арналған арнайы медициналық, кеңестік, психологиялық қызметтер мен жыныстық ағарту бағдарламаларының аз болуы ықпал етуде.

«Балаға тәрбие отбасы және білім беру құрылымдарында беріледі. Тәжірибе көрсеткендей, қазақстандық ата-аналардың басым көпшілігі балаларымен репродуктивті денсаулықты қорғау, контрацепция ережелері туралы сөйлесуге психологиялық тұрғыдан дайын емес. Өз кезегінде білім беру мекемелері де интимдік қатынастар саласындағы мінез-құлық ережелерінің ерекшеліктерін түсіндіру процесінде бірқатар қиындықтарға тап болады. Атап айтқанда, оқушыларды тәрбиелеуге жауапты мұғалімдердің өздері қажетті біліктілікке немесе психологиялық еркіндікке ие болмауы мүмкін. Егер мұғалім өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қараса және «жазбаларсыз» ашық пікірталасқа дайын болса, «ұят болады», «бұл біздің менталитетке жат» деуші ата-аналардың шағымдары мен түрлі айыптаулар жасау қаупі артады.

Нәтижесінде процесс көбінесе бұрмаланады және атқарылуы тиіс жұмыстар тек қағаз жүзінде ғана белгіленіп, ал іс жүзінде студенттер тиісті білім алмаған жағдай туындайды. Сонымен қатар, тәрбие жұмысы балаларды жоспарланбаған жүктілік жағдайына дайындамайды, тек пәктіктің маңызы сынды құндылықтарды насихаттайды. Мұның бірден бір шешімі ағартушылық жұмыс тетіктерін кеңейту болып саналады. Өкініштісі, еліміздегі отбасын жоспарлау, контрацепция мәселелері, қажетсіз жүктіліктің алдын алу саласында жүргізілетін іс-шараларды қозғайтын білім беру бағдарламалары балалар мен жасөспірімдердің көп бөлігін қамтуға дәрменсіз. Дәстүрлі құндылықтар сақталған ауылды жерлерде жыныстық қатынас мәселесі тыйым салынған тақырыптардың бірі. Ал ерте жүктіліктің жоғарғы статистикасы сол дәстүрді қатаң ұстанатын Түркістан, Маңғыстау облыстарында жоғары», - деп ойын жеткізді.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР

Ол үш аспектінің екіншісі ретінде – психологиялық факторларды меңзеді. Ұлттық заңнама балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған және ата-аналардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін жауапкершілігін көздейді. Құқықтық нормалар дәрігерлерді кәмелетке толмағандардың жүктілігін медициналық тіркеу кезінде және жүктілікті тоқтату туралы мәселені қарау кезінде ата-аналарға хабарлауға міндеттейді.

«Бұл тәсілдің түбегейлі адалдығына дау айтпастан бұрын, аталған нормалардың жасөспірім қыздардың мінез-құлқына кері әсері бар екенін ұмытпау керекпіз. Жақындары, қоғам өзін кері итеруі мүмкін деген қорқынышпен жасөспірімдер өз қатарластарының кеңестеріне құлақ асып, ертеңгі күні денсаулығына орны толмас зиян әкелетін шешімдерді қабылдап жатады. Нәтижесінде қоқысқа тасталған, жетімдер үйіне өткізілген нәрестелер саны көбейіп жатыр. Бұл жағдай тек Қазақстанға ғана тән емес. Әлем бойынша 5,6 миллион түсікті 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздар жасайды», - деді ол.

Айтуынша психологиялық қысым, стресс, соның ішінде көңіл жарастырып жүрген жігітінің бір сәтте қыздың өмірінен алыстап кетуі суицидке апарып жататын жағдайлар да жоқ емес. Сондай-ақ жүктілік кезінде және одан кейін де жасөспірім қыздар арасында суицидтің таралуы жеті есе көп.

«Үшінші аспект – әлеуметтік. Кәмелетке толмаған аналар толыққанды мектеп немесе кәсіби білім алуға байланысты бірқатар проблемаларға тап болады. Көп жағдайда жақындары мен таныстарының қысымы мен айыптауынан қорғану үшін қыздар тұрғылықты жерлерін өзгертуге мәжбүр болып, нәтижесінде әлеуметтік бейімделу процесі қиындайды. Жұмыс берушілер жас аналарды жұмысқа қабылдауға құлықсыз. Осылайша, психологиялық проблемаларға әлеуметтік тәртіпсіздік қаупі қосылады. Мәселенің маңыздылығын түсіну мемлекет тарапынан жастардың репродуктивті денсаулық проблемаларына көбірек көңіл бөлуге әкелуде. Қазақстан Үкіметі ақпаратқа, консультацияларға, қызметтерге және контрацептивтерге қолжетімділікті қоса алғанда, халықты отбасын жоспарлау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді өзіне алды», - деп Леся Қаратаева ойын қорытты.
Просмотров материала: 973

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 267 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 083 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 738 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 757 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 064 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 664 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 835 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 912 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 153 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 297 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 665 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 396 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 570 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 380 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 501 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 352 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 691 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 456 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 455 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 290 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 139 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 845 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 171 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 391 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 732 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 154 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 130 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 356 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 507 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031