27 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кейде көк туды аздап өзгертсе деген ой келеді – суретші

04 июнь 2022, 12:00
Кейде көк туды аздап өзгертсе деген ой келеді – суретші

Фото: BAQ.KZ
Еліміздің мемлекеттік рәміздері бір үйлесімділікте жасалған әрі композициялық құрылымы, мағынасы жағынан әлемдегі ең мықты рәміздер қатарында. Бұл туралы ҚР Көркем академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, суретші Тоққожа Қожағұлов айтты.

Суретші Тәуелсіз еліміздің елтаңба мен туы қабылдап жатқанда орда бұзар 30 жаста болғанын айтады.

Туды жасаған Шәкен Ниязбеков Суретшілер одағының төрағасы болды, ол кезде мен одақтың құрамында болғандықтан таныс болдық. Ал, елтаңбаны жасаған Жандарбек Нәлібековті сыртынан білдім, Шот-Аман Уәлиханов ағамызды жақсы білдім, араласып жүрдік,-дейді суретші.

Оның айтуынша, елтаңба, ту және әнұранымыздың арасында байланыс бар, олар бір-бірін толықтырып тұрады.

Туымызда күн, бүркіт және ою бар. Ал, елтаңба да дөңгелек күн бейнесі бар, оған қоса шаңырақ бейнеленген. Мүйізді ат бар, астында Қазақстан жазуы тұр. Мүйізді ат даламызда жылқының алғаш қолға үйретілгенін білдіреді. Ат үйретілгеннен кейін арба пайда болған, ол дөңгелек. Сол дөңгелек дүние жүзіне алғашқы өркениетті алып келді. Шаңырақ пен басқа бейнелер еліміздің тарихы тереңде жатқанын көрсетеді. Тудағы көк түстің алынуы – көк түсті аспан, яғни мәңгілік деген мағынаны білдіреді. Сол көк түске тарайтын күн шуағы бар. Бұл жерде елтаңба мен ту бір үндестікте жасалған. Сондай-ақ оны Әнұранымыз әдемі гармониямен толықтырып тұр. «Алтын күн аспаны» дейді, туда көк аспан бейнеленген, ортасында жарқырап күн тұр. Одан кейін «Алтын дән даласы» дейді, елтаңбада қазақтың үш жүзге бөлінетінін көрсететін дәндер бейнеленген. Яғни, біздің туымыз, әнұранымыз бен елтаңбамыз бір үйлесімділікте жасалған. Дүние жүзінің алдында еш ұялмай мақтанышпен қабылдайтын дүние. Рәміздеріміздің барлығы бағзы заманнан келе жатқан дүние мен бүгінгіні байланыстырып тұрған, терең философияға құрылған. Сондықтан оны мақтан тұтамын,-дейді Тоққожа Қожағұлов.

Суретші сондай-ақ әлемдегі қай елдің туы қатты ұнайтынын айта келе, көк туымызға аздап өзгеріс енгізсе деген ойын білдірді.

Әлем елдері ішінде маған Жапонияның туы ұнайды. Аппақ және қызыл күн шығып келеді. Ту осындай деңгейде болса керемет болар еді. Кейде маған біздің көк туды аздап өзгертсе деген ой келеді. Мәселен, көк аспан - ұлы дала. Бүркіт пен оюды алып тастап, көк пен күнмен қараса да керемет болар ма еді деп ойлаймын. Неге десеңіз, туды көлденең қарасаңыз әдемі көрінеді, ал оны тігінен ілгенде бүркіт бір шетіне шығады да, анық көрінбей қалады. Ал, көк түс пен ортадағы күн бір үйлесімділікте, композициялық шешімі өте мықты деңгейде болар ма еді. Көк аспан - мәңгіліктің белгісі. Күн ертең жұлдызға ауысады. Мәселен, Қытайды аспан елі дейміз, Жапонияны күн шығыс елі дейміз, Қазақстанды Ұлы дала елі дейміз. Сол сәйкестік туымызда да, елтаңба мен әнұранымыз да бір үйлесімділікте тұрар ма еді. Бұл менің жеке ойым. Дегенмен, қазіргі рәміздеріміз заман талабына сай,-деді ол.

Просмотров материала: 2 436

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 181 064 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 180 573 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 180 158 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 180 209 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 180 520 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 532 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 662 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 902 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 086 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 242 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 839 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 092 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 453 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 278 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 106 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 365 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 047 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 165 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 167 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 996 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 831 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 102 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 042 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 549 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 076 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 868 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 135 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 503 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 887 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 834 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 894 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 847 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 081 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 218 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031