27 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әнұранның сөзін өзгертуге қарсы шықтым – композитор

04 июнь 2022, 11:55
Әнұранның сөзін өзгертуге қарсы шықтым – композитор

Фото: BAQ.KZ
Бүгін ҚР мемлекеттік рәміздер күніне 30 жыл толып отыр. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні ретінде жылда атап өтіледі.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе берілген. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлей білуі - парыз.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Олар - Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран. Тәуелсіздік алғалы еліміздің мемлекеттік әнұраны – 1992 және 2006 жылдары екі рет бекітілді.

1992 жылы Қазақстан гимнінің музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданған. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұран музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

Әнұранның сөзін өзгертуге қарсы шықтым – композитор

Жаңа әнұранды қабылдауда оның сөзіне өзгертулер енгізілді. Оған қарсы шыққандар да болды. Солардың бірі Шәмші мұрасын насихаттап жүрген композитор Қалдыбек Құрманәлі. Сол кездегі жағдайды ол былайша баяндап берді:

2006 жылы 6 қаңтарда Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Елім» әні Нұрсұлтан Назарбаевтың қосымша автор болуымен еліміздің әнұраны болып қабылданды. Басында оған қарсы болғаным рас. Сол кезде 31 телеарнада тікелей эфирге шығып өз қарсылығымды білдірдім. Орысша сөйлей алмасам да өмірімде бірінше рет жарты сағат орысша сұхбат бердім.

Бастапқыда «сізді информбюроға тікелей эфирге шақырып отырмыз, әнұранға қатысты ойыңызды айтсаңыз» деді. Ол кезде әнұранға бірнеше ән түсіп жатқан. Оның ішінде Бекболат Тілеуханның «Елім менің» деген әні, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні де болды. Содан сұхбатқа келісіп қойған соң бардым. Берік Уәли қайда, анау қайда деп қазақ журналистерін сұраймын. Ешқайсысы жоқ. Сөйтсем ондағылар «кешіріңіз, сіз орыс редакциясына келіп тұрсыз, информбюро орысша өтеді ғой» деп қарап тұр. «Айналайын, менің нан сұрайтын ғана орысшам бар» деймін. «Жоқ, басқа адам шақырып үлгермейміз, жарты сағат қалды» деді. Жаным қысылды, Армияда болғаным рас енді. Қысылғаннан орысша қайтіп сөйлемін деп Шәмші Пәтивке звондадым. Мына сөзді қайтіп айтамын, ананы не деп жеткіземін деп сұрап жатырмын. Президент туралы не деп айтамын десем: «Глубоко уважаемый президен Нурсултан Абишевич Назарбаев деп айтасың, қалғандарын да солай келтіріп айта бер» деді. Сөйтіп сұрап-сұрап алдым. Ударение, окончание дегенді білмеймін. Содан журналист «әннің сөзі өзгертілсе қалай қабылдайсыз» деді, мен қарсымын деп жауап бердім. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов пен Шәмші Қалдаяқов көзі тірісінде есімдері аңызға айналған адамдар болғанын айттым. Сұхбатта Шәмшінің әні әнұран болуға әбден лайық екенін дәлелдеп шықтым. Шықсам Мұхтар Шаханов ағамыз қоңырау шалып «Қалдыбек-ау, сенің орысшаң әжептәуір болып қалыпты ғой» дейді. «Күлмей-ақ қойыңыз, сіздікі де шамалы ғой» деп жатырмын.

Осы ән әнұран болып кейін қабылданды. Сөзінің өзгертілгеніне қатысты тағы сұхбат беріп наразылығымды білдіргім келді. Бірақ соның басында жүргендер «ән қабылданып кетті, сенің айтқандарың бәрібір орындалмайды» деп тоқтатты. Дегенмен авторлыққа Назарбаевтың есімі кірген соң оның жақсы жағы да болды. Яғни Шәмшіні насихаттауға, оған ескерткіш, көше атын беруге, Шәмшінің кітабын шығару мәселесінде ол кісінің фамилиясы көп әсер етті. Нұрсұлтан Назарбаевтың Шәмші тұралы үш жарлығы бар. Біріншісі, өлер алдында 59 жасқа келгенде «Халық әртісі» атағын беруі, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздікті алсақ, 19 желтоқсандағы жарлығымен Шәмші Қалдаяқов пен Әсет Бейсеуовке «Халық әртісі» атағы берілді. Екінші жарлығы 2006 жылы әні әнұран болып бекітілді. 2010 жылы Шәмшінің 80 жылдығында «Бақыт құшағында» деген әндер жинағы үшін, ал Жұмекен Нәжімеденовке «Менің Қазақстаным» деген поэзия кітабы үшін Мемлекеттік сыйлық берілді. Бұл сыйлық қайтыс болған адамдарға берілмейді, бірақ соған қарамастан бұл тұлғаларға берді. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың үш жарлығын үнемі айтып жүремін, ол Шәмшіге деген үлкен жақсылығы.


Әнұранды жазғанда Шәмші Қалдаяқов 26 жаста болыпты. Ал, сөзін жазған көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов 21 жаста болған екен. 1956 жылы жарық көрген «Менің Қазақстаным» әнінің шырқалып келе жатқанына биыл 66 жыл толып отыр.
Просмотров материала: 2 381

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 459 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 272 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 916 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 951 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 245 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 109 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 254 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 434 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 132 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 325 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 207 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 242 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 021 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 890 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 716 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 864 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 002 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 669 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 040 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 772 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 617 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 457 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 714 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 661 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 168 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 598 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 494 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 745 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 086 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 496 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 474 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 514 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 456 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 693 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 835 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30