9 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты

04 июнь 2022, 11:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты

Фото: Akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті, делінген Ақорда хабарламасында.

Президенттің айтуынша, қастерлі Тәуелсіздігіміздің рәміздері қабылданғанына дәл бүгін 30 жыл толып отыр.

Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Ту халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы саналған. Көк түріктер заманында бабаларымыз бөрілі байрақтың төңірегіне топтасты. Қазақ хандығының туы бүкіл ұлтты ұйыстырды, ел бірлігін бекемдеді. Ал, өткен ғасырда арыстарымыз «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп халыққа жігер берді. Көне дәуірден мирас болған осы дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жетті. Қазақ елінің көгінде Ұлы даланың айбынын асырған Тәуелсіздік туы желбіреді. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы.



Президент еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз екеніне назар аударып, оған немқұрайлы қарайтындарға, қадір-қасиетін түсіретіндерге біржола тосқауыл қою қажеттігін айтты.

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі жөніндегі заңнаманы күшейту маңызды. Сонымен бірге, жастармен жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізген жөн. Бұл – бүкіл қоғамның міндеті. Осы орайда, бүгінгі салтанатты іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор. Ту көтеру – аса маңызды оқиғаларға орай жасалатын ерекше рәсім. Халқымыз тарихи таңдауын жасайтын сәтте алып байрағымыздың көкте желбіреуін жақсы ырымға балаймыз.


Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сөйлеген сөзінде мемлекеттік рәміздер елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы және абыройы екенін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ұлтымыздың азаттыққа, өркендеуге және жасампаздыққа деген табанды ұмтылысын білдіреді. Сонымен қатар баршамызды мызғымас бірлікке ұйыстырып, әрбір азаматты Отан үшін күнделікті қажырлы еңбек етуге және үлкен жетістіктерге үндейді.

Көк туымызды салтанатты түрде көтеріп, ата-бабамыздың даңқты дәстүрін жалғастырамыз. Желбіреген туымыз Тәуелсіздік мұраттарына адал болуға шақырып, ерекше жігер береді. Жаһандық экономикада өршіп келе жатқан сын-қатерлер мен бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс жағдайында біз мемлекеттілігімізді нығайту үшін күш-қуатымызды еселей түсуіміз керек. Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ етуге, қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Мұндай әрекеттерге барғандарды қатаң жазалаған жөн. Біртұтас халық ретінде ұйыса отырып, біз кез келген қиындықты бірге жеңіп, әділетті, тиімді мемлекет құра аламыз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, бас байрағымызды көтерген сәтте ең үздік курсанттарға әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

Сіздер Қарулы Күштеріміздің 30 жылдығында офицер атанғалы тұрсыздар. Бұл – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Сондықтан осы мәртебеге лайық болып, көпшілікке үлгі-өнеге көрсетулеріңіз керек. Туған елдің тыныштығы мен тұтастығын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздік туын биік ұстау – Отан күзетінде тұрған әрбір ұланның абыройлы міндеті. Ерлік істер осындай патриоттық сезімнен бастау алады. Сіздер ел үмітін ақтайсыздар деп сенемін. Әскери шендеріңіз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін!

Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орнының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицер погонын алды.


Ту көтеру рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, мемлекеттік органдар басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

Просмотров материала: 1 083

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 169 694 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 169 527 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 169 154 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 169 200 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 169 483 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 010 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 151 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 374 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 358 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 521 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 259 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 813 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 336 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 192 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 011 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 196 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 287 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 957 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 344 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 064 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 076 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 913 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 746 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 011 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 951 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 464 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 925 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 786 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 054 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 386 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 800 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 756 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 807 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 756 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 986 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 130 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031