28 июня 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Былапыт сөз айтқан, ішімдік ішкен өнерпаздарды 5 жылға сахнадан аластату керек – Нұртөре Жүсіп

02 июнь 2022, 12:49
Былапыт сөз айтқан, ішімдік ішкен өнерпаздарды 5 жылға сахнадан аластату керек – Нұртөре Жүсіп
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп мемлекеттік рәміздерді қорлау және әдепсіз сөздер үшін әншілерді сахнадан аластатуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатор Алматыдағы спорт сарайында өте келеңсіз оқиғаны еске салды.

«Жастарға арналған «ИК» тобы мен SHIZA лақап аты бар әншінің концертінде өте өрескел әрекет болды. Қазақстан Республикасының туы келемеж етілді. Әншілер тарапынан әдепсіз, анайы сөздер айтылды. Іле-шала кешірім сұрағаны және айыппұл төлегені мәлім болды. Біздің бәріміз жаңа Қазақстан құрамыз деген ниеттеміз. Жаңа Қазақстанның ең басты талабы – заң үстемдігі. Заң бәрімізге ортақ. Құр кешіріммен құтылу – жауапкершіліктен жалтару деген сөз. Президент кеше бұған өз пікірін білдірді, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деді. Қоғам бұл оқиғаға ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі қандай құқықтық баға беретінін әлі де күтіп отыр», - деді Н. Жүсіп Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 372-ші бабы бойынша «Қазақстан Республикасының рәміздерін қорлау – 2000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«Әдетте концертті кімдер ұйымдастырды? Қалтасында қомақты қаржысы барлар өткізеді. Оларға мына мөлшердегі айыппұлды төлей салу түкке тұрмайды. Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 434-бабы бойынша, әртістердің көпшілік алдында былапыт сөздер айтуы ұсақ бұзақылыққа жатады. Заң бойынша бұл үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 тәулікке қамауға алынады. 440-бапта көпшілік алдына ішімдік ішіп шыққаны, есірткі пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен бірге, депутат еліміздің Ата заңында шығармашылық еркіндікке кепілдік берілгенін, бірақ еркіндікті ессіздікпен алмастыруға болмайтынын айтты.

«Ар мен ұят ұлттық құндылықтардың негізгі өзегі болуға тиіс. Әлемнің көптеген елдерінде концерт өткізудің процедуралық жолдары бар, ел алдында орындалатын туындылардың мән-мазмұны мен мәтіні сол елдің идеологиясына сай келе ме, өнерпаздың жеке репутациясы қандай деген тексерістер алдын ала жасалады. Концерттің маршруттық бағыты, репертуар мәселесі, қауіпсіздік шарттары өте қатаң қадағаланады. Осы айтылғандарды ескере келіп, мемлекеттік рәміздерді қорлау бойынша заң баптарын барынша қатайтуды, белгіленген айыппұл мөлшерін екі есе көбейтуді және жаза мерзімін 5 жылға дейін ұзартуды, Мәдениет туралы заңға концерттер және басқа мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушылар мен жекелеген өнер өкілдерінің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін баптарды енгізуді, әдепсіздік көрсеткен, былапыт сөз айтқан, есірткіге елігіп, ішімдік ішкен әншілер мен өнерпаздарды 5 жылға дейін сахнадан аластатуды ұсынамыз. Мәдениет министрлігі жанынан репертуарлық алқа мен республикалық және аймақтық Көркемдік кеңестер құрылуы керек. Бұқаралық мәдени шараларды өткізу мен жүргізу талаптарына халықтың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын сақтау мен сыйлау ережелерін енгізуді, осы талаптарды бұзған шығармашыл ұйымдар мен әншілердің қызметін 5 жылға дейін шектеу қоюды талап етеміз», - деді Нұртөре Жүсіп.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әртістердің сахнадағы өрескел іс-қимылдары туралы пікір білдірген еді.
Просмотров материала: 593

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 154 487 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 154 300 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 153 944 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 153 979 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 154 273 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 110 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 435 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 135 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 327 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 209 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 243 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 021 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 890 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 716 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 864 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 002 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 669 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 040 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 767 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 772 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 617 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 457 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 714 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 661 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 169 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 598 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 494 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 745 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 086 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 496 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 474 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 514 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 456 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 693 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 835 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30